Жыныстык катнаста чувства жок

​Жыныстық қатынас: кімде ҚАНША РЕТ болуы керек? (18+)

Дәл қазір «қанша рет қимылдағанға» шамаңыз келіп жүр?

Жұбайыңызбен арадағы «ыстық» қарым-қатынас әлі де алаулап тұр ма әлде тек қана бір көрпенің астында ғана ұйықтауды қанағат етіп жүрсіз бе?

Жұптардың арасындағы интимді қарым-қатынасты олардың жас ерекшелігі де «басқарып» отыратынын білесіз бе? Иә, сіздің төсектегі әлеуетіңіздің денсаулықпен қоса жасыңызға да тәуелді екендігі зерттелген.

Бұл туралы репродукция және жыныс, жыныстық қарым қатынас туралы зерттейтін Кинси институты зерттеу жүргізіп, түйінін шығарған. Институт зерттеушілерінің бұл реттегі нәтижесі бойынша, 30 жастағылар жыныстық қатынаспен аптасынан шамамен 2 рет айналысса, өмірінің төртінші ондығын сүріп жатқандар – 1,6 рет айналысатын көрінеді. Ал 40 пен 50 жас аралығындағылардың сексуалды қарым-қатынасы сиреп, ол көрсеткіш аптасына 1 реттен де сирек болады екен.

Демек, әрбір адамның жыныстық қатынасы оның жасына тікелей тәуелді.

Жыныстық қарым-қатынастың жастарда көбірек болатындығы да осы жас ерекшеліктеріне орай.

60 жастан асқанда

60 жасында еркек аттан түспесе, әйел қылығын бермесе, бұл өте жақсы көрсеткіш. Оның үстіне бұл жастағылар «көрпеасты» шаруаны айына кем дегенде з рет атқара алса, тіптен тамаша! Демек, денсаулығын күте білгені, өмірді сүре білгені.

Статистика бойынша, 60 жастан асқандардың 70 пайызы бұл көрсеткішке жете алмайтын көрінеді.

Қалыпты деп айына 2-3 рет жыныстық қатынасқа түскендерді атауға болады.

Соңғы 15 жылда 60 жастан асқандардың интимді қатынасқа түсу белсенділігі артқан.

40-50 жастағылар үшін

Қырықтың қырқасына шыққандар мен елуді еңсергендер үшін орташа есеппен алғанда аптасына 2 рет төсектен ләззат алғаны қалыпты деп саналады.

Бұл жас аралығында жыныстық қатынастан рахат алуды көбіне тұрмыстық мәселелер басып кететіндіктен басым жағдайда аптасына 1 рет қана болатын сәттер көп. Дегенмен, денсаулық пен некенің өмірі ұзақ болуы үшін қалыпты мөлшерді ұстап қалу аса маңызды екен.

Яғни, зейнетке шыққан соң да «біратарым» болсын десеңіз, жыныстық қатынастың жиілігін 40-60 жас аралығында естен де, әдеттен де шығарып алмауға тиіс екенбіз.

Көбіне 40 жастан асқан еркектердің басым көпшілігінде төсек ләззатына деген қалауы төмендеп кететін көрінеді. Осы жаста белсенділікті жоғарылату мақсатында дәрі-дәрмекті мөлшерден тыс қабылдап денсаулыққа зиянын тигізіп алатындар саны артады екен.

25-40 жаста жыныстық қатынасты қалыптастырып үлгеру керек

Тек жыныстық қатынасты ғана емес, 25 пен 40 жас аралығында әрбір жанның (еркек немесе әйел) тұрақты серігі (некелі!) қалыптасып үлгеруі тиіс.

Сондай-ақ, бұл жаста аптасына 4 реттен кем болмауы керек. 5-6 рет болып жатса, тіптен тамаша!

20-25 жас аралығында

Бұл жастағылардың басым көпшілігі әлі тұрақты серігін (некелі) тауып үлгермейтіндіктен, жыныстық қатынасты маңызды деп айтуға болмас. Десек те, шаңырақ көтеріп немесе тұрақты серігімен интимді жақындық жасайтындар үшін 5-6 рет қалыпты саналады.

Жыныстық қатынастың саны маңызды емес, оның сапасы жоғары болуы керектігі кімге де болса белгілі. Көрпені неше рет бүлкілдеткенің емес, соның қаншасы есте қалды? Қай жастағысы еске түскенде бойыңызды ысытып, жүзіңізге қан жүгіртті? Міне, сонысы маңызды.

Демек, қай жаста болсын серігіңізге қалаулы болатын сезім сыйлай білуге тырысқан жөн екендігін Сіз де, Біз де жақсы білсек керек.

Источник

​ТЕЗ ЖҮКТІ БОЛУ ҮШІН жыныстық қатынаспен ҚАШАН, ҚАЛАЙ және ҚАНША РЕТ айналысу керек?

Құрсаққа бала бітуі үшін жыныстық қатынастың жиілігі маңызды ма? Таңертең бе, кешке ме?

Читайте также:  Алтайские травы стресс контроль

Қазір бәрі де жоспармен. Тіпті, балалы болу да. Жаңа үйленген жұптардың өзі балалы болуға жоспармен, арнайы дайындықпен кірісетіні жасырын емес. Оған түрлі себептер де бар. Денсаулық мәселесі, оқу, жұмыс немесе басқа да тұрмыстық жағдайларға қарайлайды. Дегенмен, некелерін қиған соң біршама уақыт құрсақ көтермей жүрген жас келіндер де көп, өкінішке орай.

Әлбетте, бұған ең алдымен денсаулық жағдайы себеп болса, енді бір себебі – некелі жұптар арасындағы төсек қатынасының «кінәсі» бар екендігін алға тартады мамандар. Сондықтан, тақырыпта айтылған сұрақтар мен басқа бірнеше сауалдарға жауап беріп көрелік.

Қай күндері жыныстық қатынаспен айналысу керек?


Аналық ұрықтың жетілуі немесе овуляция күндері жүкті болуға өте қолайлы күндер деп есептейді мамандар. Овуляция айына бір рет қана болады. Оны арнайы тест арқылы немесе базальды температураны тексеру арқылы білуге болады.

Әйелдің жыныс жолдарына түскен сперматозоидтер 120 сағат бойы ұрықтандыруға қабілетті болады. Ал ұрықтандырылмаған жасуша тек 24 сағат қана өмір сүреді. Демек, егер жыныс қатынас овуляция кезінің 1-4 күндері аралығында болса, жүкті болу мүмкіндігі жоғары.

ЕСКЕРЕТІН ЖАЙТ! Егер ұрықтандыру іске аспаса, овуляция кезеңінен 2 аптадан соң етеккір басталады.

Жүкті болу үшін жыныстық қатынаспен қанша рет айналысқан дұрыс?

Құрсаққа шарана бітуі үшін жыныстық қатынас аптасына 2-3 реттен кем болмауы тиіс, мүмкіндігінше. Егер күнаралата көк көрпені «бүлкілдетіп» тұрса, тіпті жақсы.

КЕҢЕС: Жүктілікті жоспарлап жүргендер етеккірден соң 10-шы мен 18-ші күндер арасында төсек ләззатынан күн сайын тоят тауыр жүрсе, нәтижеге тез қол жеткізеді. (Етеккір мезгілінің бірінші күнінен бастап саналады)

Аптасына 1-ақ рет жыныстық қатынасқа түсетіндердің жүктілікке қол жеткізу мүмкіндігі небәрі 10% ғана.

Қай кезде КҮН САЙЫН айналысу керек?

Иә, жүктілікке қол жеткізу үшін күн сайын жыныстық қатынаспен айналысуы керек күндер де бар. Ол – овуляция кезеңі басталғаннан бастап қатарынан 4 күн. Сонымен қатар, содан кейінгі 2 күнде жақсы нәтиже береді. Ал басқа күндері жұптардың қалауына қарай төсек қатынасынан ләззат тауып тұруына болады.

ҚЫЗЫҚ ДЕРЕК: Статистика бойынша, жыныстық қатынаспен күнде айналысатындар мен төсектен ләззатты күнара алатындардың жүктілікке қол жеткізу мүмкіндіктері бірдей екен.

Таңертең бе, кешке ме? Жүктілік үшін қай уақыт ыңғайлы?


Айырмасы жоқ. Таңғы төсек ләззаты ма әлде кешкі ме, жүктілік үшін екеуі бірдей. Дегенмен, аналық жасушаны ұрықтандыру қабілеті кешкі уақытта белсенді болатыны зерттеліп, анықталған. Яғни, аталық ұрықтың кешкі уақытта белсенділігі артады.

ЕСКЕРЕТІН ЖАЙТ! Егер еркекте сексуалдылық жағынан проблема болса, онда жүктілік үшін жұптардың таңертеңгі уақытта жыныстық қатынаспен айналысқаны дұрыс. Себебі, мұндай жағдайда еркектердің бойында құмарлығының оянуына себеп болатын тестостерон гормоны көбірек бөлінеді.

Қандай поза дұрыс?

Жүктілік үшін белгілі бір поза жоқ. Мән беретін жайт – жыныстық қатынастан соң аталық ұрық сыртқа ағып кетпеуін қадағалау қажет. Осы жағдайды есепке алғанда, әйелдер үстіңгі жақтан келетін позаларды таңдамаған дұрыс болмақ. Мүмкін болғанынша, аталық ұрықтың аналығына тезірек жететін позаларды қолдану керек.

Олар – «еркек үстіңгі жақтан», «тізерлеп-шынтақтап» және «бір бүйірмен жатып».

Жүкті болу үшін жыныстық қатынастан соң не істеу керек?

Төсектен тоят таба салысымен әйел шалқалай жатып, жамбасын сәл жоғары көтеретін жастықша қойғаны дұрыс. Бұл сперманың ағып кетпеуіне және ұрықтың тереңірек баруына көмектеседі.

Жыныстық қатынастан соң не істеу керек?

Читайте также:  Чувствую что устала от парня

Қынапқа түскен сперматозоидтардың басым бөлігі 3-5 минут аралығында жатырға түсіп үлгереді. Олардың жолын қысқарту үшін және межеге жетуіне көмектесу мақсатында 15-30 минут бойы төсектен тұрып кетпей жата тұру керек.

Жыныстық қатынастан соң қанша уақытта жүкті болады?

Овуляциясыз жүкті болу мүмкін емес. Егер аталық ұрықтың сапасы мен мөлшеріне проблема болмаса, тұрақты жыныстық қатынас жатыр ішінде сперматозоидке жайлы жағдай жасайды. Сол себепті, ол жеткен бойда аналық жасушаны ұрықтандыру мүмкіндігін жоғарылатады.

ҚЫЗЫҚ ДЕРЕК: спематозоидтардың жылдамдығы минутына 3,5 мм. Демек, ол бір сағатта аналық жасуға жетіп үлгеруі тиіс.

Жүктілік жыныстық қатынастан соң 4-5 күнде орын алады. Бұл уақыттың барлығында сперматозоидтар тірі болады.

ЕҢ БАСТЫСЫ – жүкті болу үшін некелі жұптардың балалы болуға деген қалауы, ниеті мен дайындығы, әлбетте, бір-біріне деген махаббаты. Поза, жыныстық қатынастың саны, тәуліктің белгілі бір бөлігі – мұның барлығы да жанама себептер ғана. Еркек пен әйел бір-бірінен ләззат алып, некесіне адал болған жағдайда, олардың махаббатының кішкентай ғана нәтижесі міндетті түрде пайда болады. Бұл бақ – БАЛА деп аталады.

Түрлі дереккөзден дайындаған: Ж.Байтұрым,

Источник

Жыныстық қатынас ережесі: Еріңіз тек сізді ғана қалау үшін не істеу керек?

Үй жинауды, жақсы көрініп, бала бағуды білетін әйелдер толып жатыр, алайда еркекке оның айрықша екендігін сезіндіре білген әйелге баға жетпес. Comode редакциясы еріңіз тек сізді ғана қалау үшін төсек сырларымен бөліспек.

Жыныстық қатынасқа құмарлықпен беріліңіз

Күйеуіңіз үшін ең қалаулы серік болу үшін сізге жыныстық қатынасқа ерекше құмарлықпен, бар ынтаңызбен кірісу қажет. Осы процеске ерекше ықыласпен қатысыңыз, ыңқылдауға ұялмаңыз, серігіңізді жиірек сүйіңіз. Еркектер әйелдердің жыныстық қатынасқа толықтай беріліп, өз махаббаттарын білдіруге ұялмауларын қалайды. Осындай жарқын жақындық қатынастардың басында орын алып, кейін жұптар бір-біріне үйренісіп кетеді де, жыныстық қатынас қалыпты іске айналады.

Тәжірибеге дайын болыңыз

Еркектер түрлі тәжірибені жақсы көреді, бірақ мұны жұбайларына айта бермейді. Осындай жағдайда әйелдің өзіне бастама таныту қажет. Алайда маңыздысы тәжірибеде көбірек ләззат алу емес, көбірек жаңа әсер алу керек екендігін есте сақтау.

Тағы да оқыңыздар

Теміртау тұрғыны ажырасқаннан кейін өзі берген қалыңмалды қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді

Мүмкін, сізге әлде бір нәрсе ұнамайды, бірақ бір нәрсені тағы қайталап көргіңіз келер. Қолдануға болмайтын деген нәрселерден бас тартпаңыз. Күйеуіңізбен белгілі бір белгілерді немесе сөздерді пайдалануға келісіп алып, тәжірибені аяқтағыңыз келсе, оларды кез-келген уақытта пайдаланыңыз.

Төсек өмірі серіктердің алдымен бір-бірлеріне нақты не жасау қажеттігіне қатысты нұсқаулық беріп алатын болса, айтарлықтай дәрежеде оңайлайтын еді. Алайда осы амал сізді төсек қатынасында озат болуға мүмкіндік бермейді. Алайда серігіңізге деліткінің қайда орналасқанын түсіндірмей-ақ оның әрекеттерін түзетуге болады.

Жай ғана «иә», «ақырын», «жоғарырақ», «төменірек» деумен-ақ барлығын түсіндіруге болады. Осылайша ер адам қамықпай, бикеш оның аймалауын қажет жаққа қарай бағыттай алады. Еркектер өз денелері туралы айтып беруге дайын әйелдерді нағыз сыйлық ретінде қарастырады.

Тағы да оқыңыздар

Салтанат Бақаева: Кейде балаларымнан шаршап, өзім мейрамханаға немесе SPA-ға кетіп қаламын

«Жоқ» деп те айтыңыз

Әйел адам әдетте ерге оның бұрыс бағытын көрсеткенше, өзі ләззат алмай-ақ қойғанды жөн көреді. Еркектердің ойынша әлде бір нәрседен бас тарта алатын, нақты айтқанда, қарсылық білдіретін әйел тартымды. Егер әйел әрдайым дайын болса (барлық нәрсеге), оның қызығушылығы жоғалады.

Еркектің ойын қайтара отырып, өз нұсқаңызды ұсыныңыз. Күйеуіңізді өзіңізге ұнамайтын қатынас түрі үшін ұрыса бермей, одан бас тартыңыз. Жігіттер кейде қыздардың оларды уақтылы тоқтатпағандарына қайран қалады.

Читайте также:  Что делать если чувства начали угасать

Ер адамдар көзбен көргенді жақсы көреді – порно қарайды, стрип-барларға барады – олар толық визуалдар. Көз – олардың басты эрогенді аймағы, оны толықтай қанағаттандыру қажет. Алайда, әйелдер көрпенің астына қарай көміліп, тығылуға мың себеп табады: артық салмақ, қырылмаған түк, безеу, созылмалар, целлюлит және көптеген басқа дәйектер.

Тағы да оқыңыздар

Алтынай Жорабаеваға күйеуі су жаңа Infiniti сыйға тартты (фото)

Шындығына келгенде, ер адамдар өз сүйіктілерінің әр кемшілігіне қарай бермейді. Еркектерге басты көрініс болып жатқан жерді көрген қызық. Ер адамдар өз қиялында әлдебір Анжелина Джолимен болып жатса, өзіңізді кем көрудің қажеті не?!

Ерлердің көбісі әйелдердің икемді аймалауға қарағанда хош иісті шамдар мен жібек төсек жабынын қалайтындарын түсінеді. Алайда, ер адамдар табиғаты бойынша дөрекі, денелерін түк басқан, оларға кездейсоқтық, әйел тарапынан көбірек ықыластың болуын қалайды.

Сондықтан оларға кейде өркениетті ыңғайдан алшақтап, нағыз хайуандар сияқты қатынасқа түсуге мүмкіндік беріп тұру қажет.

Источник

Жыныстық қатынасқа аптасына қанша рет түскен дұрыс?

Көптеген жұптардың екіге айрылысып, қарым-қатынастарының сууына жыныстық қатынастың сиректігі де себеп болуы мүмүкін. Осыған орай Украинадағы урология институның сексопатолог маманы Максим Романюк адамның жас шамасына қарай жыныстық қатынаспен аптасына қанша рет айналысуы керектігін мәлім етті деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua: UGC

30 жасқа дейінгі адамдар

Бұл жас шамасында еркек пен әйел жыныстық дамуы бір деңгейде тұрады. Сондықтан, жыныстық қатынаспен күніне бірнеше рет айналысуға мүмкіндік бар. Аталмыш шақта әйелдердің сезімталдылығы енді ғана оянып келе жатқандықтан, олардың басым бөлігі «оргазмды» сезіне алмайды.

Фото: segodnya.ua: UGC

30-40 жасындағы адамдар

Бұл жаста адамдардың тұрақты жұбы пайда болып, бұрынғыға қарағанда жыныстық қатынас сирей түседі. Олар төсектеаптасына 2-4 рет қосылуы мүмкін. 30-дан асқан еркектердің гормондары жоғары дәрежеде, ал әйелдер жыныстық дамудың ең шыңында болады.Оған нәзік жандылардың жүктілігі немесе басқа да факторлар әсер етуі мүмкін.

Тағы да оқыңыздар

Шоу-бизнес жұлдыздарының діни мәселелерді көтеруі дұрыс па: Тиісті мекеме жауап берді

Әйелдердің жыныстық дамуының өте жоғары деңгейеге жетуіне байланысты, олардың дәл осы жас аралығында күйеуінің көзіне шөп салаты оқиғалары жиі байқалған.

Фото: segodnya.ua: UGC

40-55 жас аралығындағы адамдар

Ерекетерде тестестеронның азайып жатқанына қарамастан, бұл уақыт олардың жаңашылдықты қажет ететін шағы болып саналады. Дәл осы кезде олардың басқа әйелге көз салуы жиілейді. Ер азаматтар рөлдік ойындар мен эмоцияға толы төсек қатынасын қалай бастайды екен.

Аталмыш жастағы адамдар орта есеппен аптасына бір рет қана жыныстық қатынасқа түсетін көрінеді.

Ал әйелдерде бұл шақта қартаю процесі басталады. Олар көбіне отбасылық мәселелерді ойлап, жұмысына көңіл бөлуді арттырады.

Фото: segodnya.ua: UGC

55-65 жас аралығы

Ер азаматтар мен әйелдер климакстан өтеді. Алайда бұл әр адамға әртүрлі әсер етуі мүмкін. Мәселен көптеген еркектер өздеріндегі тестестеронның деңгейі түсіп кеткендіктен, жыныстық қатынас туралы мүлдем ойламауы мүмкін. Ал кейбірі керісінше, жас қыздармен кездесіп, өздерін қанағаттандыруға тырысады.Әйелдердің де жағдайы осыған өте ұқсас келеді. Егде жастағы әйелдердің жас жігіттермен кезедесе бастауы да осының әсерінен болады.

Тағы да оқыңыздар

«Қайын әпке келіннің өміріне араласпасын»: Имам жанұядағы жанжалға қатысты шындықты айтты

Жалпы, 55-тен асқан адамдар орта есеппен 7-10 күн ішінде жыныстық қатынасқа бір-ақ рет түсуі мүмкін.

Источник

Оцените статью