Темперамент, оның түрлері
Темперамент (латын тілінен аударғанда- “қоспа, сәйкестілік” ) деп, әдетте, адамның психикасының сипатын оның байсалдылық және қозғалтқыштық деңгейін анықтайтын туа біткен ерекшеліктерін атайды.
Темперамент жеке тұлғаға тән ең тұрақты маңызды ерекшеліктерден құралады. Ол адамның жүріс-тұрысынан, оның өзіне және қоршаған әлемге деген қатынасынан білінеді. Темперамент- бұл қарым- қатынанс жасау барысындағы сыртқы ортаға, айналадағы жағдайға деген психикалық реакцияның сипаты. Темпераменттің негізгі 4 типін бөліп қараймыз:
- Сангвиник- ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді.
- Холерик- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Олар тік мінезді
- Флегматик- селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күтеде алады.
- Меланхолик- селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.
Мінез деп- әдетте, адамның айқын көрінетін бір екі белгісін айтады. Мінез- адамның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл қасиеттер оның жүріс тұрысымен іс әрәкетінен көрінеді. Мінез адамға қайталанбас ерекшелік береді, жеке тұлғаның маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Адамның мінезін ерік ерекшеліктері, сонымен бірге эмоционалдық, темпераменттік және интеллектуалдық ерекшеліктерін айқн көрінеді. Мінез белгілері- тұлғаның тұрақты қасиеттері болғанмен, өзгеруіде мүмкін.
Мінез- бұл жеке тұлғаның жүріс-тұрысынан, оның іс-әрекетінен, табиғатқа, достарына, ата-аналарына, қоғамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін тұрақты және айқын белгілерінің үлесі. Мінез- әлеуметтік жағдайдың, білім алудың және тәрбиенің әсерінен біртін деп қалыптасады.
Ес- адамның интеллектуалдық қабілетінің негізі. Сенің тұлғалық қасиеттерің есті жаттықтырып, дамуына, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыруыңа байланысты. Тарихтағы көптеген кеменгер адамдар өздерінің есте сақтау қабілетімен таң қалдырған. Біреулері бейнелерді, екіншілері- сөздерді, сандарды немесе түстерді немесе көңіл күйді және т.б. есте сақтай алумен ерекшелінеді.
ЕС- қоздырғыштың әсерінен жүйке жүйесінде қалған процестер. Бұл- өткен тәжірибенің санадағы көрінісі. Адам басынан өткенді кезінде ми қабылдады, кейінгі уақытта оның, адам танып, есіне түсіреді.
Естің 3 типін бөледі:
- Көрнекі- бейнелі тип- адамдардың беттерін, дыбысты, нәрселерді, құрылыстарды, түстерді және тағы басқа жақсы есте сақтауға көмектеседі
- Ауызша- логикалық тип- сөз тіркестері, терминдер, кестелер, ормулаларды және басқаларды жақсы есте сақтайды.
- Эмоционалдық тип- бастан өткен сезімдер, көңіл күй, ашу, ыза және басқалары жақсы сақталынады.
Ес анализаторларға сәйкес былай жіктеледі:
- Көргенді
- Естігннді
- Иіскеп сезгенді
- Сипап сезгенді
Ес сонымен қатар механикалық жане логикалық болып екіге болінеді. Механикалық жаттау көп уақытқа сақталмайды, ал логикалық жаттау үзақ сақталады және жақсы есте қалады.
Қазіргі заманғы көзқарас бойынша ес келесі түрлерге бөлінеді.
-кенет- мұнда материал тез арада, бір минутқа дейін есте қалады
-қысқа мерзімді- материал көп уақытқа емес. бірнеше сағатқа дейін есте қалады.
-ұзақ мерзімді- ұзақ уақыт, көп жылдарға дейін есте қалады және жақсы нәтиже береді.
Есті сақтауды белгілі бір тәсілдері арқылы нығайтып жаттықтыру керек. Бұл кезде есте сақтаудың әлсіз түрін- көру, есту, қозғалыс және эмоциялық есте сақтауды нығайту керек. Түрлі шынығу тәсілдері, салқын душ, белсенді дене жүктемелері, күн тіртібін сақтау, еңбек пен демалысты дұрыс алмастыру, психогигиенамен психикалық жағдайлардың алдын алу шаралары- осылардың бәрі есте сақтаудың жақсаруына және дамуына септігін тигізеді. Есте сақтауды жаттықтыру 10-20 екі мәнді сандарды орналасу тәртібі бойынша немесе осынша көлемдегі түрлі аттарды есте сақтау арқылы жүргізіледі.
Адамдар мен жануарлар ұйқының қанбауынан гөрі тамақ пен судың жеткіліксіздігін жеңіл көтереді. Ұйқыны ештемемен алмастыруға болмайды. Ұйқы адамның биорритмдерінің ең маңыздыларының бірі, сондықтан бір уақытта ұйқыға жатқан өте маңызды, ұйқыға жатар алдында бір сағат бұрын таза ауада серуендеу пайдалы. Жылы ванна қабылдау, бетті, қолды, аяқтарды, жылы сумен жуу пайдалы. Ұйқыдан 1,5- 2 сағат бұрын көп тамақ ішуге болмайды, оның орнына бір стакан жылы сұт немесе айран ішкен дұрыс . ұйқының ұзақтығы төменгі сынып балалары үшін 10-10 сағат 30 минут, орта сыныптарда- 9-9 сағат 30 минут, жоғарғы сыныптарда- 8-9 сағат болуы керек. Үнемі ұйқының қанбауы жүйке жүйесінің түрлі ауруларына және кһбіне ішкі мүшелер жұмысының нашарлап, еңбек ету қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.
Источник
Темперамент түрлері. Сипаттамасы
Темперамент жөнінде түсінік
Темперамент құрамындағы бөліктердің сәйкестігі (лат. Temperamentum) – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себептеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық табиғи ірге тасы. Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ (460-377 б.э.д).
Темперамент туралы теориялар
Гиппократ темперамент типтері: Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт “дене шырындарының” –қан, шырыш, өт, запыран- өзара қатынасымен ажыратылады. Темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды:сангвиник (sangius –қан), флегматик (phlegma – шырыш), холерик (chole – өт), меланхолик (melachole –запыран).
Сангвиник – жоғары дәрежелі әрекетшіл адам. Қозу мен тежелуі тепе –тең. Қозғалыс қимылдары мәнерлі шапшаң. Сәл нәрсеге күліп, болмашы себептен көңілі қалып, мұңайады. Сезімталдығы өте жоғары. Мұндай адам көтеріңкі белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт талып шаршамастан қызметін жалғастыра алады.Айналасындағылармен тіл табысқыш. Экстраверт.
Холерик – Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан –ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан – толық экстраверт.
Флегматик – әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңілі кем көріністі.Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес. Қай жағдайда да сабырлылығымен байсалдылығын жоймайды. Сөзі сылбыр, әрекеті жай. Ол өте қуатты, еңбектен шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде –интраверт.
Меланхолик – өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Сөзі мен қозғалысы өте сылбыр. Өзіне сенімсіз, үркек, қиындықтан шегінеді. Жігері кем, тез шаршайды,қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, барша психикалық процестері әлсіз. Интраверт.
Темперамент типтері
Э.Кречмер темперамент типтері
Неміс психиатрі және психологы, 1888 жыл –Тюбингенде, адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген –конституциялық типологияны ұсынды. Бұл теорияның мәні:әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол,аяқ, бас,кеуде т.б) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип бнлгіленген:
- Лептосоматик – бойшаң, нәзік денелі, көкірегі жайылыңқы, тар иықты, қол –аяғы ұзын, жүдеу.
- Пикник – мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған,домалақ бас,қысқа мойын.
- Атлетик – бұлшықеттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
- Диспластик –дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әртүрлі мүшелік зақым –сырқатқа ұшырағандар.
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик.
- Шизотомик –дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, содықтан қоршаған ортаға икемденуі қиын.
- Иксотомик –денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ойлау қабілеті шабан.
- Циклотомик – семіз, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
И.П.Павловтың темперамент типтері
Ол темперамент типінің жүйке жүйесі қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе – теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті. Осы үш қасиетті негізге ала отырып, күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты.
- Күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник
- Күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт – флегматик
- Күшті, қозуы басым – холерик
- Әлсіз тип – меланхолик
Х. Ю.Айзенктің темперамент типтері
Ағылшын психологы, психологияның биологиялық бағытындағы лидердің бірі. Ол қозу және тежелу процесі негізінде экстраверсия – интроверсияны ұсынды.
Интроверсия –(лат. intro – ішінде, versave –қарау) ұялшақ, көп нәрсені ішінде сақтайды. Аяқ астынан ашуланбайды, жинақылықты жақсы көреді, суық, тұрақты, субьективті, қарапайым, экстраверсияға қарама –қарсы.
Интраверттерге тән: Қозудың тез қалыптасуы, оның қарқындылығы және реактивті тежелудің жай қалыптасуы, әлсіздігі және тұрақсыздығы.
Экстраверсия – (лат.exter –сыртқы, versave –қарау)қоғамшыл, импульсивті, белсенді, өжет, көңілшек. Олар кештерді жақсы көреді, адамдар арасында болғанды ұнатады, қалжыңды жақсы көреді, эмоциялы.
Экстраверттерге тән: қозу баяу дамиды, оның әлсіздігі және реактивті тежелудің тез қалыптасуы, оның күштілігі, тұрақтылығы.
Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері – жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті – жоғарғы жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі.
Источник
Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы. И.П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша 4 түрлі темперамент өкілдері бойынша сипатталады.
Мәселен, нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тен, келмейтш адамдар көбінесе ұйтқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келді.
Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олаодың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады.Бұлар -холерик темперамен-тінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қаблетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ—көңіл, қызу істің адамы. Оның осал өнері -іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларыйың тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жә йыттар.
Флегматик — темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шақпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері -қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оң тайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.
Меланхолик — темпераментінің адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераментте адам өзге адамдармен щнша көп жүғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз
ойына шомуға бейім тұрушылық орынсыз и балылық — осы темпераменттің ең бір нашар жағы.
Орыс жазушыларының көрнекі өкілдері Герценді сангвиник, Гогольді меланхолик, Крыловті — флегматик темпераменттерінің өкілдеріне жатқызуға болады.
Табиғи жағдайда темпераменттердің “таза” түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.
Дегенмен ұзақ уақыт бойында жүргізілген зерттеулер бізге төменгі класс оқушылары арасынан темпераментердің “таза” түрлерін тауып ашуға мүмкіндік берді. Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұ ның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрнетіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Н.Н. Красногорскийдің балаЦыі^ жоғары нерв қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлікпен, сөйлеу қарқынына) әсер етіп отырады деген қағидасының дүрыс екендігі байқалды. Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қаблетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс-қимылдармен де санаспауға болмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады.
1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-
қымтырылмайды, оптимист, өмір сүргіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяф байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Флегматик темпераменттіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгенен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері.
Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейкам, ашуланшақ бала. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оқтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өпелегіш, пессимист тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осынді баланы құрбы-құрдастары “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, маубас” т.б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қышр, қисық келеді.
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топрақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент — адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес.
5. Адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуіне сырттай із қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына ешқандай әуелі әсер ете алмайды деген қағиданың бірден-бір
дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Осы айтылғадардан темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалы мен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады.
Источник