«Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды орнату жолдары»
Автор презентации: Танина Алия Бахитовна
АХУАЛ — өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Кәбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондықтан ол, көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді.
Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуалмен айқындалады. ‘Психологиялық ахуал’, ‘әлеуметтік-психологиялық ахуал’ немесе ‘микроклимат’ ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Географиялық климат сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық ахуал адамның осындай ахуалдағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық және кәсіптік қатынас-тарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді.
Ұжымдағы психологиялық ахуалдың мазмұндық сипатын адамдар-дың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық ахуалды сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптасқан педаго-гикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкер-шілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектік-пен ерекшеленеді.
Әлеуметтік-психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мынадай негізгі қызметтерін атауға болады.
Ұжымның әлеуметтк-психологиялық ахуалдың топтастырушылық қызметі ұжым мүше-лерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады.
педагогикалық әрекеттің қолдануына қажетті ұжымның ‘эмоциалдық күш-қуатын’ қалыптас-тыруға байланысты.
ұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды
өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді.
Ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасы. Ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй; ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі; ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшыл-дығы; сапалы тәртіп; еңбектің өнімділігі.
Әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды.
өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда бірлескен қуаныш табады;
Ал немқұрайдылық, селқостық немесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжырғасы түсіп, қағажау көреді, бұл жағдай дау-жанжалдың пайда болуына апарып соғады. ХХІ — ғасыр мұғалімі
“Ұстаз”- ол кім? Ол-Ұлағат. Ол-Ұлылық! Қиянатқа жол бермес.
Бала жайлы маржан ойлар
Бала табиғаттың ғажайып құбылысы.
Ол-тұлға, өзінше бір әлем. Оны сол үшін де сыйлауға болады.
Балаға бір жыл бойы қаталдық көрсеткеннен, бір сағаттық мейірімділік көрсетсең, баланы осы соңғысы тез түзетеді.
Ойдағыдайтәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр.
Әділдіктің, жамандыққа жол бермес Адалдықтың, қараулыққа жол бермес Шапағаттылықтың, қатыгездікке жол бермес
Парасаттылықтың асқанүлгісін танытып, үлкен абыроймен еңбек ететін асыл жан.
Источник
Сыныптағы психологиялық ахуалды анықтау
Сабақтың тақырыбы: Сыныптағы психологиялық ахуал
Сабақтың мақсаты: Сыныптағы психологиялық ахуалды анықтау және оны шешу жолдарын қарастыру.
Сыныптағы психологиялық ахуа лды анықтау.
Сынып оқушыларымен қарым — қатынас жасау арқылы сыныптағы оқушылар мен мұғалімдер арасындағы ахуалды жақсарту.
Пиихологиялық ахуалды кикілжіңсіз шешу жолдарын қарастыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдістер: сұрақ – жауап, диалог
Құрал — жабдықтар: тест
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ — жауап әдісі
ІІІ. Жаңа білім және іс-әрекет тәсілін меңгеру:
Ахуал — өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Көбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондықтан ол, көбінесе “әлеуметтік — психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді. «Менің көңіл-күйім» тест.
IV . Жаңа білімнің алғашқы түсінулерін тексеру: сұрақ жауап әдісі.
1. Психологиялық ахуал дегенді қалай түсінесіз?
2. Сыныпта психологиялық ахуалды болдырмаудың жолдарын білесіз бе?
V. Жаңа білім және іс әрекет тәсілін меңгеруді бекіту :
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Ахуал дегеніміз не?
2. Психологиялық ахуалға мысалдар келтіріп, жағдаяттар шешіңіз?
VI. Бағалау: Белсенді студенттерді бағалау,
VII. Үйге тапсырма: Сабақ үрдісіндегі психология дегеніміз не?
VIII. Рефлексия: 1. Сабақ маған түсінікті болды
2. Түсінбеген жерлерім бар
3. Сабақ маған түсініксіз
Психолог: Мустаяпова С.Ж
Сыныпта ғы психологиялық ахуал
Ахуал — өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Кәбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондқтан ол, көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді. Оң (жақсы) Ахуалға бір қоғамдағы не ұжымдағы адамдардың ынтымағын, бір-біріне деген шексіз сенімін, шынайылық пен сыйластықты жатқызуға болады.
Қоғамның орнықты дамуы немесе белгілі бір ұжымдағы еңбек өнімділігінің нётижесі ұжымдағылардың кәсіби шеберлігі мен дағдысына, білімі мен икемділіктеріне ғана тәуелді емес, көпшіліктің мұнда қалыптасқан тұрақты көңіл-күйіне де байланысты. Сары-уайым, жабырқау, теңілу, жалғызсырау, ұрыс-керіс қоғамда да, ұжымда да қолайсыз Ахуал туғызып, ортақ мүддеге кесірін тигізеді.
«Менің көңіл-күйім» тест.
Мақсаты: әдеттері, жеке ерекшеліктері туралы ойлануына мүмкіндік беру.
Нұсқау: Сіз төменде берілген пікірлерге «иә» және «жоқ» деп жауап беріңіз. Мүмкіндігінше ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест қорытындысы туралы мәлімет, ең алдымен сізге қажет. Ол тренинг жаттығуларына қатысу кезінде өзіңіз, әдеттеріңізжәне жеке ерекшеліктеріңіз туралы ойлануыңызға мүмкіндік береді. Егер тесттегі мінез-құлық бойыңызда болса, онда «иә» деп жауап бересіз.
1. Менде жиі нашар көңіл – күй болады, жылаймын.
2. Адаммен кездескенде оның көзіне тура қараудан қашамын
3. Жиі рендіген, қамыққан күйде боламын
4. Мен білетін және білген адамдардың көпшілігі менің көңілімді қалдырады.
5. Көпшілігіне өмірде маңызды болып табылатын, мәселелерге қызықпаймын (спорт, жұмыс, айналадағыларға қатынас)
6. Соңғы кезде кейде ғана көңілді боламын, мүлде күлмеймін.
7. Мен өзімді жиі әлсіз сезінемін, өмірім туралы жақындарыма және таныстарыма шағынамын.
8. Қазіргі уақытта көптеген сұрақтар бойынша менің жеке позициям жоқ
9. Әнгімелесушілер естуі қиын болу үшін мен жай сөйлеймін
10. Кейде әнгімелесушінің сұрағына қалай жауап беруді білмеймін тек басымды іздеймін.
әрбір «иә» жауабына 1 балл , оны қосыңыздар
1-2 балл. Кейбір өмірлік қиындықтарға қарамастан сіз өмірді жеңіл қабылдайсыз. Бұл жаман емес, дегенмен белгілі бір шек болғаны дұрыс.
3-6 балл. Сіздің өмірге деген көзқарасыңыз қалыпты, бірақ қазірдің өзінде шаршау байқалады. Ерте емес пе?
7-10 балл. Сіз болғанның бәрін жағымсыз түрде қабылдайсыз. Сіздің өміріңізде қуанышты сәтер жоқ па?
Источник
Сыныпта жағымды хал ахуал қалыптастыру
Тақырыбы: Сыныпта жағымды хал ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға үйрету, зейінді дамыту.
Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.
Әдепті — Әмина Үлпілдеген -Темірлан
Жағымды –Сабина Мейірімді – Уарысжан
Нұрдай –Еркежан Оқымысты- Досхан
Ынталы –Елдос Ажарлы – Расул
ІІ. Шаттық шеңбері.
— Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)
Тренинг ережелерімен таныстыру.
Ұзақ уақыт сөйлемеу.
III. «Шатастырмақ» ойыны.
Мақсаты : ойын топтық бірлікті көтеруге бағытталады.
Ойынның жүргізілуі. Санамақ арқылы жүргізуші таңдалады.Ол бөлмеден шығады., басқа балалар бір бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрады. Қолдарын жіберместен олар қалауынша шатасады. Шатасу пайда болғанда , жүргізуші бөлмеге кіріп , балалардың қолын ажыратпай шешеді.
IV. Мәтінмен жұмыс. Екі дос (Ел аузынан)
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
— Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол — өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, — дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, — дейді.
Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, — екі көзіңді ойып аламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, — дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы : « Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп , қапыда бас салған жағдайда болмаса , бетпе — бет ұрыста жеңу қиынға соғады .» деп түйеді . Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
Екі жауынгер қалай дос болыпты?
Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?
Қосбасы оны қалай сынамақ болды?
Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды?
Бұлар қалай достасты?
Мақсаты : зейіннің тұрақтылығымен шоғырлануын жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі : 2 ойыншыдан тұратын 2 топ құрылады,әрбір топта кімнің 1-ші нөмірлі, кімнің 2-ші нөмірлі екені анықталады.1-ші ойыншылар, 2-ші нөмірлі ойыншыға қарап дауыстап санай бастайды, бірі 100-ге дейінгі жұп сандарды атаса, 2-сі 99-ға дейінгі тақ санды атайды. Әрқайсысы соңғы санға қарсыласынан бұрын жетуге ұмтылады.Әрбір топтың 2-ші ойыншылары өз қарсыластарың мұқият тыңдап қателессе жетекшіге хабарлайды. Мұнан кейін 2-ші рольдегілер 1-шілермен ауысады.
«Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру».
Балалар шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрекке жылы сөздер жазып беру.
Источник
Психологиялық ахуалдар жинағы
өзін -өзі тану сабағында қолдануға болатын психологиялық ахуалдар жинағы.
Просмотр содержимого документа
«Психологиялық ахуалдар жинағы»
Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл – кеңес тыңдау үшін.
Екі қол не үшін керек?
Елге көмек беру үшін керек.
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Бір болып кешке қайтамыз.
Көңілді өтер күніміз.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика- қызықты тоймайтұғын.
Біз ақылды баламыз,
Есеп, жұмбақ ойынның,
Жауабын тез табамыз.
Туын ұстап білімнің,
Бар адамды құрметтеп,
1-дегенім жаман баға,
Алады оны жаман бала,
2-дегенім нашар баға,
3-дегенім орта баға,
Сапасы да орта ғана.
4-дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
5-тек үздік баға,
Оқимыз тек үздік қана.
Кел, балалар, келіңдер,
Білім барда оқу бар!
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Күнде шат күліп біз,
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Түп-түзу поб тұрайық.
Жақсы болып сабақта,
Әдеп сақтау сәніміз.
I — қатар – жай отыр,
II- қатар – тез отыр,
III – қатар – сен де отыр,
Сабақ бастар кез боп тұр!
Ән сабағы басталды,
Орындаймыз жақсы әнді.
Біз талапты баламыз,
Әнді әсем саламыз.
Оң жағымда айды көрем,
Сол жағымда күнді көрем,
Ал жанымда сені көрем.
Сақтайық, қане, тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
«Ойлан, ойлан және ойлан»
Есесіне бар сыйлық.
Сабақты жақсы тыңдап,
Санамызға білім құю.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан,
Амансың ба достарым,
Амансың ба ұстазым
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың – солар табылатын қасыңнан.
Бақыт менде, бақыт сенде,
Бақыт барлық жерде.
Тыныштық менде,тыныштық сенде,
Тыныштық барлық жерде.
Бейбітшілік менде,бейбітшілік сенде,
Бейбітшілік болсын барлық жерде!
Мен қазақтың тілімін,
Беретін көп білімін.
Жаңа пәннің бірімін.
Армысың асыл жер,
Армысың асыл күн,
Міне менің қолым,
Жылуыңа жылу қос.
Бәріміз бір топпыз,
Аянбай еңбек етеміз,
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен ауылды.
Қызыл бояу – қызғалдақ,
Сары бояу – сарғалдақ.
Жасыл бояу – жайлауым,
Іздеп барар ауылым.
Сынып іші тып-тыныш.
Сабақты біз бастаймыз.
Туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
Мақсатымыз, білім алу,
«5»-ке қолды жеткізу
Сөйлетер сөзді шеберлеп
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байыптап жақсы оқысаң
Негізі менде білімнің.
Қайырлы күн балалар,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің бұл күні,
Бүгінгі алар бағамыз,
Тек бестіктер болсын.
Оқушылар шеңбер жасап тұрады.
Қолдан жасалған жүрекшені жүрегінің тұсына қойып, сыныптас достарына ақ тілек, ізгі ниеттерін айтып шығады.
-Мына шашылған әріптерден сөз құрайықшы.
-Сіздердің бүгінгі . сабақтарыңа сәттілік тілеймін!
Балалар, қазір мына суреттегі бұлттарға
назар аударыңдар. Сендерге қай бұлт ұнайды?
Өздеріне ұнаған бұлтты көрсеткенде оқушылар шапалақтайды (3 рет)
-Балалар, барлықтарыңның көңіл күйлерің жақсы екен,сәттілік тілеймін!
1 бұлт-көк түсті,жайбарақат қалыпта.
2 бұлт-ашық көгілдір, көзі күлімсіреп тұр.
. Сақтайық, қане, тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
«Ойлан, ойлан және ойлан»
Есесіне бар сыйлық.
-Сабақты жақсы тыңдап,
-Санамызға білім құю.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математика орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың – солар табылатын қасыңнан.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Матемтика – қызықты тоймайтұғын.
Оқушылар шеңбер жасап тұрады.
Қолдан жасалған жүрекшені жүрегінің
Тұсына қойып, сыныптас достарына ақ
Тілек, ізгі ниеттерін айтып шығады.
Балалар, қазір мына суреттегі бұлттарға назар
аударыңдар. Сендерге қай бұлт ұнайды?
1 бұлт – көк түсті, жайбырақат қалыпта.
2 бұлт – ашық көгілдір, көзі күлімсіреп тұр.
3 бұлт – қара көк, ашулы.
Өздеріңе ұнаған бұлтты көрсеткенде оқушылар
шапалақтайды. (3 рет)
-Блалалар, барлықтарының көңіл күйлерің жақсы
екен, сәттілік тілеймін!
Күй тартамыз күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді, көңілді.
Би билейміз ырғақты, ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты, сабақты.
Мен қазақтың тілімін,
Беретін көп білімім.
Жаңа пәннің бірімін.
Күлімде, күн күлімде
Жер жасарып көгерсін
Кешегіндей бүгінде
Источник