Студенттік ортада ы эмоциялы м дениет

Студенттік өмір несімен қызық?

«Студент» сөзі латын тілінен аударғанда «ынтамен оқушы, ізденуші» деген мағынаны білдіреді. Дегенмен іздену мен ынтаны ғана негіз етпей, студенттік өміріңізді қызықты ету әрі көңілді өткізу өз қолыңызда. Студенттік шақ тәтті әрі ең қызықты шақ.

Алғашқы күн.
Арман қуып келдіңіз. Университеттегі алғашқы күніңіз ең бірінші адасумен басталады. Өйткені он бір жыл оқып, біліп келген үстеліңіз, кабинетіңіз жоқ енді. Санаңызда «аудитория» дейтін түсінік пайда болады. «Мұғалім» сөзін «профессор» дейтін ауқымды ұғым ауыстырады. «Лекция», «семинар» сынды таңсық атаулар сізді өзіңіз білмейтін әлемге жетелейді. Алғашқы күннен үлкен өмірге қадам басқаныңызды іштей сезіне бастайсыз. Себебі мектеп қабырғасындағы күндеріңізді алып орда университет ішіндегі алуан-алуан қызыққа толы нәрселер айырбастайды. Алғашқы күн. сіз әлі адасып жүрсіз. Бірақ қызық!

Өзгеше сабақтар.
«Математика» немесе «әдебиет» дейтін қарапайым сабақтардың атауы барынша күрделеніп, сіз үшін «тар жол тайғақ кешу» секілді болып көрінеді. Өзіңіздің мамандығыңызға сай атаулары да түрлі, қызықты сабақтар сіздің оқуға деген ынтаңызды ашпай қоймайды. Өйткені кез келген адам таңсық дүниенің қайда жетелейтініне қызықпаса, одан қашқан емес.

Талабы көп ұстаздар.
«Апай», «ағай» дейтін атауларды ұмытыңыз. Енді сізге аты мен әкесін қосып айту керек болады. Бұл тек бергі беті ғана. Кей профессорлардың сізге жат әрі қызықты талаптары болады. Мәселен бір профессорға «сау болыңыз» деп айта алмайсыз. Ал бір ұстаздың алдынан шығып қалсаңыз, ұрыс естуіңіз мүмкін. Оған себеп те жоқ емес. Сіз секілді мыңдаған студентке елу минут, тоқсан минут лекция оқып шыққан ол жандарды да түсінуге болады.

Жан-жақтан келген достар.
Сіз өзіңіз келген жеріңіздегі таныс достардан бөлек, мұнда әр аймақтан келген жаңа достармен танысасыз. Жаңа таныстық жаңа өмірге жол ашу. Ең қызығы олардың сөйлеу мәнері, өздерін ұстауы. Тіпті сіз білмейтін тілде сөйлеп тұрғандай көрінуі де мүмкін. Әрі өзгеше салттар, дәстүрлер. Бірақ уақыт өте келе оған да көндігіп кетесіз. Үйренісесіз. Өйткені сөйлесу арқылы олардың диалектілері мен өмір сүру қағидалары сізді де өзгертеді. Бұл жамандыққа апаратын жол емес, жақсысын үйреніп, жаманын жирену сіздің қолда.

Жатақханада.
Ең қызық әрі ең керемет кез осы жатақханада. Кең бөлмелері бар үйіңізді ауылда қалдырып, шағын ғана бір бөлмеде төрт-бес адам болып тұру сіздің жеке бастағы өзімшілдігіңізді жоғалтады. Бір нанды бөліп жеу, көмектесу, бірге жүріп, бірге тұру секілді дүниелерді бастан кешесіз. Көршіңізге емес, көрші бөлмеге қонаққа бару, туған күн кештерін жасау, ән салу, би билеу, әңгіме дүкен құру – бәрі сіздің өміріңізге таңсық болып келеді. Бірақ сол таңсық дүниеден көкірек көзіңіз ашылып, жаңаша өмірді достармен бірге сүруге деген ынтаңыз артады. Тіпті жатақхана екінші үйіңздей болып, қателіктеріңізді кешіріп, жақсылығыңызды арттырады. Көмек керек бола қалған жағдайда, сізге көмек көрсетуге бүкіл жатақхана дайын. Бұл ештеңеден тарықпауға болады деген сөз.

Студент атанған күннен бастап әрбір уақытыңызды, әрбір минутыңызды қызыққа толы қылып өткізіңіз. Уақыт өте келе еске алатын әрі сағынатын сәтіңіз дәл осы шақ болмақ!

Источник

Студенттік өмір

Ныгметова Айдана Ныгметкызы
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің МД – 32 тобының студенті

Жетекші:химия және биология пәнінің оқытушысы Каппасова Шамшырак Еркиновна

Студенттік өмір – қиындығы мен қызықтығы қатар журетін, әр адамның ойында ерекше қалатын, естен кетпейтін әсерлі кезең. Алғашқы кезде бөгде қалаға орналасып, ең бастысы ата-анаңсыз өзің оқуың, жаңа ортада жаңа мұғалімдер мен жаңа топтастарыңа бой сіңіріп үйренісуіңнің өзіде қиын. Қанша дегенмен кіндік қаның тамған, жаныңа, жүрегіңе жақын,қимас сезімге бөлейтін алтын ұяң аяулы туып өскен ауылыңды, сол уақытқа дейін асырап баққан әке-шешеңді, құлын тайдай тебісіп бірге өсіп-өнген достарыңды, сағынышпен еске аласың. Міне студенттік дәуреннің алғашқы сәттері сағынумен өтіп жатады. Алғашқы оқу басталғаннан-ақ белсенді болуға тырысу, таңатпай сабаққа бару дағдыға айналады. Егер қалада жақын туыстарың болса, демалыс күндері соның үйіне барасың. Өйткені жатақхана қалай дегенмен үйдің ауасы мен жылулығын сездіре алмайды. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ деп жаңа ортада тым еркінсіп, ата-анаңның берген ақыл кеңесін ұмытып кетпеген дұрыс. Уақыт өте сол қалаға бойың сіңіп, кеңірек ашыла бастайсың, себебі ауыл менен қаланың айырмашылығы баршылық. Студент болған соң тамағыңның бірде бары, бірде болмай қалатын кездері де бар. Кейіннен бәріне бейімделіп кеткеннен кейін, достар тауып, қаламен таныса бастағаннан-ақ әрі қарай қызықтар басталады. Яғни театрға барып, рухани азық алып, мұражайлардың мұраларына қанығып мәз болып бір марқайып қалатының бар. Бәріненде сәнін келтіретін сол достарың,топтастарың. Студенттік шақ шіркін таусылмайтындай болып көрінеді. Әр курстың өзінше есте қаларлық ғажайып сәттері баршылық, жас кезіңде ойнап-күліп шаттанып жүргенге не жетсін. Әне-міне дегенше, студенттік өмірдің соңғы жылыда жақындап келеді. Курс бойынша өсе келе әр қадамыңды нық басып,алғашқы жылдардағыдай емес, орнықты, өз-өзіңе сеніммен қарай бастайсың. Не дегенмен студенттік өмірден алар асуың мен биік белесің жәнеде баршылық пен жоқшылықтың, алыста жүріп ата-анаңды сыйлауды, достың қандай болу керектігін тіпті болмаса сол курс бойынша өткен қиындықтарыңды санаңа сіңіріп, ой иелігінен өткізім, кейін есіңе алып отырарсың. Студенттік өмір қайта келмейтіні анық, сондықтан барынша достарыңмен көңілденіп, қуанып жүргенге не жетсін. Студенттік өмір – бұл біздің қайта келмес жастық шағымыз, сол себепті жастық шақта ойнап күлген де жөн..

Читайте также:  Как понять что не чувствуешь вкуса еды

Leave a Reply Cancel reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Контактные данные

WhatsApp: +7 777 450 85 70

© 2016–2021 Қазақстандық интернет-журнал

Желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі №16359-СИ 23 ақпан 2017 жылы
Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
мемлекеттік бақылау комитетінен берілген.

Источник

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ОРНЫНА БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ОРНЫНА БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Қазіргі заманның талабы, жас ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу, ол тұлғаның дүниетанымы кең, өзін — өзі қоғамда, өзі білім алып жатқан оқу орнындағы ұжымда бақылай алатын және кез-келген ортада өз-өзін таныта білетін болуы қажет. Бұл міндеттер баланың сол оқу орнына бейімделуімен тығыз байланысты. Осы аталған міндеттерді шешу қазіргі кездегі психолоиялық – педагогикалық ғылымның басты міндеті болып саналады. Студент — материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері ұйымдастырылатын әлеуметтік жеке тұлға.

Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студент қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. Соңғы жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білім алып жатқан жастардың саны арта түсуде.

Студенттер — қоғамның ірі интеллектуалдық әлеуеті. Студенттердің әлеуметтік құрылымы негізінен біздің қоғамымызды әлеуметтік құрылымын айқындайды.

Белгілі Кеңес Одағының психологы Б.Г. Ананьев студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси — қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді.

Қазіргі таңдағы ғылым мен тәжірибеде бейімделу түсінігі студенттердің дайындығының тиімділігін жоғарлату әдісін өңдеумен айналысады. Студенттердің бейімделуі білім берудің фундаменталді сурақтарының қатарына жатады. Демек, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жеке тұлғаның дамуы, мамандандыру, студенттердің әлеуметтенуі. Оқу орнына студенттердің бейімделуінің сәтті болуынан студенттің мамандануы жақсы қалыптасады және қоғамдық ортада дамуы жүзеге асады.

Бейімделу — әлеуметтік ортаға жеке тұлғаның үнемі белсенді лайықтану үрдісі, сондай – ақ осы үрдістің нәтижесі. Мінез – құлықтың сипатын анықтайтын осы құрам бөліктердің ара қатынасы жеке тұлғаның мақсаттары мен құндылық бағыттарына және олардың әлеуметтік ортада жүзеге асырылу мүмкіндігіне тәуелді. Әлеуметтік бейімделу үздіксіз жүріп жатса да, бұл түсінік әдетте жеке тұлға іс — әрекетінің және оның қоршаған адамдарының күрт өзгеру кезеңдерімен байланысады [1,2].

Бейімделу үрдісінің негізгі типтері жеке тұлғаның қажетсіну мен мотивтерінің құрылымына байланысты қалыптасады: 1) белсенді тип — әлеуметтік ортаға белсенді ықпал жасаумен сипатталады; 2) енжар тип – топтың құндылық бағыттары мен мақсаттарын енжар, конформды қабылдаумен анықталады. Студенттердің үйреніп кетуі, ең алдымен, орта мектеп пен жоғары оқу орнындағы оқыту тәсілдерінің сәйкес келмеуімен қиындатылады. Мекетппен салыстырғанда басқа мәнермен баяндалатын дәрістерді толық түсінбеу, күнделікті бақылаудың болмауы, ең басында студенттердің үлгірімі мен хал –жағдайына теріс әсер етуі мүмкін, ал кейде көңілі қалу мен өз күшіне сенбеуіне де әкелуі мүмкін. Лайықтануды сонымен бірге тұрмыстық шарттарының өзгеруі де баяулатады, сондықтан басқа қаладан немесе ауылдан келген студенттер үшін бейімделу әсіресе қиынға соғады. Кейбір бірінші курс студенттері күтпеген қиындықтармен кездесіп, мамандықтың дұрыс таңдағандарына күмәндана бастайды. Олардың басым бӛлігінде өздерінің болашақ мамандығы жайлы білімнің жетіспеушілігі күмән туғызады, бұл, өз кезегінде олардың ұстанымдарын өзгертеді, оқуға қызығушылықтың жоғалуына, үлгірімнің төмендеуіне әкеледі.

Оқу орнындағы оқудың басталуының өзінде, көптеген студенттердің төмен жұмыс қабілеттілігі, тез шаршайтындығы, үрейліліктің жоғары деңгейі байқалады. Аңдаусыз ұстанымдармен басқарылатын адам үйреншікті жағдайларда қарапайым, қайталанатын міндеттердің шешілуін жүзеге асырады. Ал ол жаңа жағдайларға түскен кезінде, барлық міндеттер ол үшін типті емес, яғни оның оларды шешетін стандартты тәсілдері жоқ, оған мінез – құлықтың жаңа алгоритмін, өмірлік міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін жасап шығару қажет. Бірінші курс студенті оның болашақ мамандығымен тікелей байланысты пәндерді тезірек оқығысы келеді, ал оған оқудың бірінші үш жылында жалпы пәндерді оқуға және олардың болашақта арнайы пәндерді оқыған кезінде және кейінгі өндірістік іс — әрекетте қажет болатынына сенуге ұсынады[2,3].

Читайте также:  Как пишется странное чувство

Алайда студентті қызықтыру үшін бір сенім аз, сондықтан мотивацияны күшейтіп, оқуға қызығушылықтың артуы мақсатында кіші курстарға мамандықтың кейбір элементтерін енгізеді, оның айқын мысалы ―Мамандыққа кіріспе деп аталатын пән болады, өйткені ол барлық факультеттер мен мамандықтарда бар.

Қарқынды әлеуметтік – экономикалық өзгерістер, ғылымның түрлі салаларында білімді жинақтау, өндіріс үрдістерін жетілдіру, қоғамның тез информатизациясы – осының барлығы адамға жаңа талаптарды туғызды. Қазіргі заманғы қоғамға қоршаған ортамен бірге тіршілік ете алатын ғана емес, сондай – ақ онда өз ішкі потенциалын жүзеге асыруға қабілетті адамдар қажет.

Алайда қазіргі заманғы жастардың басым бөлігі өзгеріп отыратын дүниенің жағдайларында бейімделуге және дамуға қабілетті емес. Жастардың бейімделмеуі, болашақ мұғалім жайлы сөз қозғалғанда әсіресе өзекті мәселелерді білмеуі. Жас маманның қалай дайындалуына оның профессионалды – педагогикалық іс — әрекеті, ал сәйкесінше, оның оқушыларының дайындық және даму деңгейі де байланысты. Қазіргі уақытта профессионалды дайындықтың бастапқы сатысында студенттердің бейімделу мәселесі педагогикалық баспасөзде орталық орынның біреуін алады. Жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесі қоғамдық өмірдің өзгерістеріне дайын болмауымен түсіндіріледі, дәстүрлі түсініктегі білім ғана кешегі оқушылардың табысты бейімделуінің құралы ретінде шыға алмайды. Өз зерттеуімізде біз бейімделуді, студенттің жаңа – болашақ мұғалім – мәртебесіне ие болуына жағдай жасайтын үрдіс, тұлғаның профессионалды әлеуметтендірілуінің контекстінде қарастырамыз.

Ғалымдар Д.Б. Богоявленская, Ю.Н. Кулюткина, Н.А. Милославованың соңғы зерттеулерінде бейімделудің тұлғаның өзінің оқу және тәрбиеде белсенділігінен тәуелділігі ерекше атап көрсетілді. Берілген мәселе бойынша көптеген еңбектердің талдауы, іс — әрекеттің жаңа шарттары мен мақсаттарына сәйкес ортаның өзгеруіне жағдай жасайтын, іздеу (интеллектуалды) белсенділігі түрінде ашылатын, тұлғаның ортамен өзара әрекеттесу үрдісі ретінде көрінетін, бейімделудің өз түсінігін қалыптасуына жағдай жасаған. Профессионалды – педагогикалық дайындыққа бейімделу үрдісінің мағыналық сипаттамаларын түсіну үшін келесі негізгі қызметтер бөлініп алынды: коммуникативті, мотивационды, бағыттаушы, дамытушы, когнитивті.

Бейімделу үрдісінің барлық бөлініп алынған қызметтері оның құрылымымен орталанған, атап айтқанда әлеуметтік рөлдермен, мінез – құлықтың әлеуметтік формаларымен және әлеуметтік байланыстармен сипатталады. Бейімделу үрдісінің бірінші сатысы – автономизация — бірінші курс студенті өзін ортаға қарама – қарсы қоятынымен сипатталады. Екінші саты – теңестіру — ―кешегі оқушының қоршаған студенттік орта жүйесіне қосылуын білдіреді. Үшінші саты — бірігу — студент өзін жоғары оқу орынның білім беру кеңістігі жүйесінің құрам бөлігі ретінде сезінгенде, жүзеге асады. Сонымен бірге, өз зерттеу жұмысымызда біз бейімделудің бірнеше деңгейлерін ажыраттық: дезадаптация, енжар және белсенді бейімделу. Бейімделу мәселесі психология және педагогика ғылымдарының ежелгі тарихынан келе жатқан мәселесі болғанымен де өзінің өзектілігін қазіргі күнге дейін жоғалтпаған. Кез келген қоғамдық жағдайдың ерекшелігі халықтың көшіп-қонуымен көрінеді. Яғни жаңа ортаға қоныстанған жеке тұлғаның бейімделуі арқашан да өзекті мәселе болып табылады.

Қалалық және ауылдық қоғамның арасындағы ерекшеліктер арқашан байқалады. Демек, ауылдан қалаға келген студент жаңа ортаға келгенде бөтен қаланың өзіндік ережелерімен, құндылықтарымен, талаптарымен танысып, жаңа қоғаммен қарым-қатынасқа түсу олардың көз-қарасына, дүние-танымына бейімделуіне әсер етеді. Ауылдан қалаға оқуға келген студенттерде бірінші курста психологиялық өзгерістер байқалады. Бейімделу кезеңінде жаңа қоғам олардың жүйке-жүйесіне, мінез-құлқына қатты әсерін тигізеді. Сондықтан да, мұндай жағдайда студент бірінші курсқа келгенде жаңа ортада жаңа ақпараттарды қабылдауы мен қоғаммен қарым-қатынасқа түсуі төмен көрсеткішті көрсетуі мүмкін[1,3].

Студенттің білімді меңгеруі мен білім алуға деген қызығушылығы және оның үлгерімінің жоғары дәрежеде болуына оның жаңа қоғамдық ортадағы студенттермен, оқытушылармен, жоғары оқу орнының әкімшілігімен өзара қарым-қатынасының жақсы болуы үлкен әсер етеді. Сондықтан оқытушылар құрамының студенттермен жұмыс жасау жағдайы олардың бейімделуіне үлкен әсерін тигізеді. Жоғарғы оқу орнында білім алу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен немесе жеке бас қасиеттерінің қалыптасу күрделілігімен ажыратылатын зерделік шақтың бірінші кезеңімен сәйкес келеді. Осы зерделік шақтың бірінші кезеңі Б.Г. Ананьев, А.В. Дмитриев, И.С. Кен, В.Т. Лисовский, З.Ф. Есаревтің және т.б. еңбектерінде талданады. Осы кездегі адамгершіліктік дамудың маңызды сипаты мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшеюі болып табылады.

Егер студентті жеке адам деп зерттесек, онда 17-20 жас – бұл адамгершілік және эстетикалық сезімдердің белсенді дамуының, мінездің қалыптасып және тұрақтануының, әсіресе, ересек адамның әлеуметтік рөлдерінің толық жиынын яғни азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. меңгерудің кезеңі. Бұл кезеңмен жастардың «экономикалық белсенділігінің» басталуы тығыз байланысты. Демографтардың пайымдауынша экономикалық белсенділік – ол адамның өз бетінше өндірістік іске араласуы, еңбек жолын бастауы және өз жанұясын құруы. Бір жағынан мотивациялардың, барлық құндылықтардың жүйесінің қайта жасалуы, екінші жағынан кәсібиленуге байланысты арнайы қабілеттерінің қалыптасуының шапшаңдығы осы жас кезеңін мінез бен интеллект дамуының орталық шағы ретінде бөліп қарастырады. Студент жеке басына арналған зерттеулер өзінің өзбеттілігін табуымен және ашық байқалатын, жоғары мәдениетті индивидуалдылығының қалыптасуын көрсетеді. Студенттік шақ сондай-ақ бұл кезеңдегі интеллектуалдық және физикалық күш дамуымен ерекшеленеді. Бірақ та, осы мүмкіндіктерімен олардың жүзеге асырылуының арасында қайшылықтар кездесіп жататыны да рас[3,4].

Читайте также:  Тест у меня бывает приподнятое настроение

Студенттердің оқу орнына бейімделуі ғалым педагог Стокаренко бойынша келесідей жіктеледі: а) кәсіби бейімделу, оқу үрдісінің мазмұны, сипаты, жағдайлары мен ұымдастырылуына икемделу, оқыту және ғылыми өзбеттілік дағдыларының жасалуы; б) әлеуметтік – психологиялық бейімделу – индивидтің топқа, онымен өзара қарым-қатынасқа икемделуі, өзіне тән мінез-құлық стилінің анықталуы. Басқаша айтсақ, «бейімделу – ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның әлеуметтік, физикалық, әр түрлі талаптарына бейімделе алу қабілеті». Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді. Зерттеушілер бірінші курс студенттерінің оқу орнының жағдайына бейімделуінің үш түрін көрсетеді:

1.формальды бейімделу, студенттердің жаңа ортаға, жоғарғы мектеп құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына және оның талаптарына қатысты;

2.қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс студенттерінің топтық ішкі бірігуі және жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі;

3.Дидактикалық бейімделу, жоғарғы мектепте студенттердің оқыту жұмыстарының түрлері мен әдістеріне байланысты бейімделу[4].

Мамандарды даярлаудың сапасын көтеру үшін студенттер білімін бақылауды жүзеге асыруды ашады. Емтихандық сессияларда үлгерімдікті бақылау жүйесі студенттердің тек сол кезде ғана дайындалып, кейіннен ұмытуға себепші болатын жағдай ғана. Студенттердің кітаппен жұмыс жасау, бүкіл семестр бойына жүйелі түрде дайындалмауы да кездейсоқ емес.

Студенттердің әр курстағы дамуы бірнеше сипатқа ие. Бірінші курс ұжымдық өмірдің студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті үйрету міндетін шешеді. Студенттердің мінез-құлқы конформизмнің жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Бірінші курстағы студенттерде өз рөлдеріне дифференциацияланған қадам жоқ. Екінші курс – студенттің оқу әрекетіндегі ең қысым түсетін оқыту мен тәрбиелеудің барлық түрлері жедел араласады. Студенттер жалпы дайындықты алады, олардың мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері қалыптасады. Берілген ортаға бейімделу үрдісі негізінен аяқталған деп саналады. Үшінші курс – мамандандырудың басталуы, ғылыми жұмысқа қызығушылықтың күшеюі студенттің кәсіби қызығушылығының тереңдеуі мен ары қарай дамуының бейнеленуі ретінде көрінеді. Мамандануға табанды қажеттілік жеке адамның жан жақты қызығу аумағының таралуына жиі әкеліп соғады. Әдетте, жоғарғы оқу орнындағы жеке адамның қалыптасуының түрлері мамандану факторымен анықталады. Төртінші курс – оқу іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші нақты танысу. Студенттер мінез-құлқын арнайы дайындықтың тиімді түрлері мен жолдарын интенсивті іздестіреді. Студенттер мәдениет пен көпшілік өмір құндылықтарын асыра бағалайды; оқу орнын жақында тәмәмдау – болашақ іс-әрекет түрін нақты тәжірибелік қағидаларын қалыптастырады. Студенттерде жұмыс орны, материалдық және жанұялық жағдаймен байланысты одан әрі өзекті бола бастаған жаңа құндылықтар пайда болады. Сөйтіп, студенттер біртіндеп оқу орнының ұжымдық өмірінен алшақтай бастайды. Біздің ойымызша, студент жеке адам ретінде өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Ол үлгерімді студент болуымен қатар келешек өмірінің жоспарларын құрайды. Сондай-ақ студент оқу уақытынан бөлек махаббат, эстетикалық таным, басқалармен қарым-қатынасқа түсу, бос уақытын өзткізуге де уақыт бөлуі керек. Сонымен қорыта келгенде адам, қоғам және олардың арасындағы байланыста үнемі түрленіп, дамып, өзгеріп отыратын күрделі құбылыстар. Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында, күрделі экономикалық және саяси өзгерістер жалпы адам психикасына елеулі әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты адамның бейімделуін зерттеу адам мен оны қоршаған орта қатынасының динамикасын күшейтетін факторлардың өсуімен, қоғамның адамға қоятын талаптарының көбеюімен, тұлға қалыптасуы мен дамуы мәселесінің маңыздылығымен байланысты. Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс студенттерінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б. білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу оқу орнының педагогикалық — психологиялық қызметінің дамуымен байланысты.

1. Столяренко Л.Д. Основы психологии / Л.Д. Столяренко. — 2-е изд. — Ростов н/Д: Феникс, 1997. — 736 с.

2. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология / Т.Г. Стефаненко. – М.: Академический проект, 1999. – 320 с.

3. Яковленко Л.Н. Адаптация первокурсников // Аспирант и соискатель. – 2003. – С. 116-120.

4. Воронский В.А. Исследования студентов к условием в вузы / В.А. Воронский // Соционика. – 2001. — №6. – С. 29-33.

5. Любимова Г.Ю. От первокурсника до выпускника / Г.Ю. Любимова// Вестник Московского Университета. Сер 14. Психология. –2001.- №1. 48 – 52

Источник

Оцените статью