Сезімдер мен эмоция айырмашылығы
Эмоциялар | Сезімдер |
Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне туып отыратын қысқа ситуациялы көңіл күйі адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса,не болмаса бір нәрсеге мәз болып, шек сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. | Сезімдер адамдардың бір бірімен қарым қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын бір сыдырғы тұрақты процес. Достық, адалдыө сезімдердің адамда бірден қалыптаса қоймайтындығы белгілі. Бұларға жажпыламалық сипат тән, Мәселен, ата атаны, атамекенді, Отанды сүю секілді патриотттық сезімдер осы айтылғандардың мысалдары |
Эмоция мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ымишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. | Сезімдерге мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі. |
Эмоциялардың қызметін лимби жүйесі мен гипоталамус бөлігі басқарып отырады. | Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда динамикалық стереотиптердің әркез жасалып, өзгеріп отыруынан жақсы көрінеді. Мұнда екінші сигнал жүйесінің басқарушылық ролі күшті болады. Сөз арқылы адам сезімдерінің өрісі кеңиді. Мәселен, сөз адамның интеллектікғ эстетикалық, моральдық сезімдерінің қалыптасуына елеулі әсер етеді, соның арқасында сезімдер мен эмоцияларды тәрбиелеуге кең жол ашылады. |
Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында кездеспейді. | Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық тарихи сипатта болып отырады |
44.Ерік, ерік-жігер — адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті, оның белгілі бір мақсатқа жету, іс-әрекетті орындап шығу жолында қиыншылықтарды белсенділікпен жеңе білуінен байқалатын ішкі қуаты. Адам қимыл-әрекеттері екі үлкен топқа бөлінеді:
1) Еріксіз әрекеттер (мыс., түшкіру, жөтелу, т.б.);
2) Ерікті әрекеттер.
Ерікті әрекеттер қарапайым қозғалыстан (мысалы, жерге түскен затты көтеріп алу) бастап, ерекше ерлікке (мысалы, жау дзотын кеудесімен жабу) немесе күрделі тарихи қызметке (мысалы, мемлекет құру) дейін болуы мүмкін.
Адам өзінің ерікті әрекетінің алдымен мақсатын белгілейді, бұл тілек немесе ниет түрінде болады. Тілек — келешекте істейтін істің ойға бекуі. Алдындағы мақсаты айқындалған соң, ол әрекеттің орындалу жолын қарастырады, жоспарын сызады. Жоспар жасау — белгілі білімді, өмір тәжірибесін, ой орамдылығын қажет ететін күрделі процесс. Адамның тілегі кейіннен қалауға ауысады. Тілек пен қалау ерік-жігерді толық көрсете алмайды, өйткені бұлар бір-бірімен үйлеспеуі де мүмкін. Осындай жағдайда түрткілер күресі туындайды да, бұлардың нақты жағдайға сәйкес келетін біреуі жеңіп шығады. Содан кейін ғана адам белгілі бір тоқтамға (шешімге) келе алады. Сөйтіп, алға мақсат қою, тілек пен қалау, осы екі түрткінің өзара күресі, тоқтамға келу — бәрі-бәрі жиналып келіп, еріктік амалдың бірінші басқышы — “даярлық кезеңін” құрайды. Ерік әрекетінің негізгі кезеңі — қабылдаған шешімді орындау, жүзеге асыру. Өз шешімін қайткенде де іске асыратын, оны орындамай қоймайтын адамды ерікі жетілген адам деп айтуға болады. Кейбіреулер алдына бұлдыр, көмескі мақсаттар қояды да, оларды орындай алмайды. Ерік сапалары мен қасиеттері адамның іс-әрекетінде қалыптасады. Әрбір адамның өзіне тән ұнамды және ұнамсыз ерік сапалары бар. Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылық, өзін-өзі меңгере алуы мен ұстамдылық. Мысалы, дербестік — адамның алға қойған мақсатын орындау жолында ешкімнің жетегінде кетпей, өз ойымен, сенім-қабілетімен әрекет етуі. Оның қарама-қарсы ұнамсыз түрі — өзгенің сөзіне еріп, иланғыштығы.
Батылдық — өз шешімін именбестен ашық білдіруден байқалады.
Қорқақтық — батылдыққа қарама-қарсы ұнамсыз сапа.
Табандылық — қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы қажымай, талмай әрекет етуден көрінетін қасиет.
Жаңа дүниеге келген сәбиде ерік болмайды. Оның әрекеті алғашқыда ырықсыз, шартты рефлекстерден тұрады. Баланың ерік сапалары біртіндеп кемелденеді. Ерік тәрбиесінің мақсаты — адам бойында жағымсыз ерік сипаттары көрініс берсе, оларды тежеп, ұнамдыларын жетілдіріп отыру. Ерікті қалыптастыруда адамның өз еркін өзі тәрбиелеу аса маңызды болмақ. Ол үшін адам өзіне-өзі үнемі есеп беріп, тиісті жерінде өзіне бұйырып, ойға алған ісін “жеті рет өлшеп, бір рет пішіп” отыруы тиіс.
45. Стресс (ағыл. stress) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс — өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
1) үрейлену — жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3) әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
Дистресс іс әрекеттің орындалуына кедергі келдіретін, ағзаның жұмылу деңгейін төмендететін стресс.
Источник
Сезімдер мен эмоциялар туралы жалпы түсінік
Сезімдер — өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілікқажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қогамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі — олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісінс: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық, т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т.6. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі — жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырада. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажст.
Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктсрінс, дүниеге көзқарасы мен мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар — белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамныц органикалық қажеттерінің өтселу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары кірсді.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік: оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күші адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады.
Источник
ЭМОЦИЯЛАР МЕН СЕ3ІМДЕР
Жоспар:
1. ЭМОЦИЯЛАР МЕН СЕ3ІМДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
2. КҮРДЕЛІ ЭМОЦИЯЛАР
3. ЖОҒАРЫ СЕ3ІМДЕР
Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық процестер (түйсік, ойлау, ес, киял т. б.) жеке-жеке талданды. Осы процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудің түрлі формалары екені, бұлар бiзгe айналамызды әр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екендігі жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол 6ip нәрсені ұнатады, 6ipеуін жақсы көреді, екінші 6ipeугe салқын қарайды. Бip сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды) Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошы- ну, абыржу, наздану, ini пысу, серігу т. б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері
Сезімдер — өте күрделі психикалық процестердің 6ipi. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым- қатынасына байланысты сан алуан формаларда көршеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның ipi қоғамға байланысты, оның әрекеттi де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл eкеуінін мәнін бірдей деп ұғу, кейде кате түсністіктерге де соқтырады. Сезімдер мен эмоциялардың бipнешe сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететің осындай ерекшеліктерінің 6ipiн — қарама-қарсы, полярлық, сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы секілді саналар өз ара eкi полюске ажырасып, бipiнe-бipi қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі — олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлшушен көршеді. Адамға куш 6epin, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалык, ал бұлардың баяу, солғын түрлерн астеник алық деп атайды. Бipiншісінe: жауапкершілік, жолдастық, достық, айттылық т. б. жатса, екшпнсше: уайым, енжарлық, көшлаздш т. б. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай 6ip жағдай есте болсын. Түрлі нактылы жағдайлардың ретше карай адамдарда бip сезімнің өзi бірде қуатты, бірде әлсіз болып керінуi мүмкін. Мәселен, қорқыныш ceзімi кейде 6ip адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, бірде қayiп-қатерге қарсы тұрғызатын, айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің үшінші бip ерекшелігі— жігерлену және кернеуден боса ну немесе ш е ш i л уі. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бipi. Мәселен, студенттердің емтиханнан eтyi, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бip күйге түседі мұны кернеуден босану (шешілу) ceзімі дейді.
Шамадан тыс күшті тркенд1рпштер адамда көбінесе колайсыз эмоңиялар туғызады. Kici ұдайы қинала беретін болса, оның дщкеа құрып, береке кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлi жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнін күштің тітіркендіргіштермен айқасқа түcyiн күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда т и т ы қ т а п, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.
Ceзімнін жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін киыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның кажеті мен кызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сезіміне, мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен epiк сапаларына байланысты қалыптасып отырады.
Эмоциялардыбірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бip тобы жағымды не ұнамды эмоциял а р деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның iшкi өмірінін шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының 6ipi болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл коштық т. б. осындай Эмоциялардың енді бip тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар — белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоңияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне; көңіл, аффект, құмарлық эмоциялары кіредi.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты 6ip ерекшеліп— оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күнгi адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразі бiздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйіп тіктенеді, қабағын түйіп булығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді, журегі тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысынын өзінше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы андармен) айқасқа түсінетін деп тұрған адамның келбетін, даярлық белгісін байкауға болады. Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердің алдында денесін соған бейімдеп алып, сонан кейін айқасатын болған. Қазіргі адамдар ушін мұндай көріністер дөрскі, ебдейсіз қимылдар болып табылады. Мұндай ебдейсіз қимылдар мәдениетті адамнын қылығына ешбip сыйымсыз сипат. Бұған көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар 6ip табан жақын тұрады. Адамдардың cана сезімi өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседі. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерістер тycipeтінін, бет әлпеті мен (мимика) бүкіл дене қимылдарына (пантомимика), сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізілетіндгін дәлелдейтін мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезінде адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып, түсі бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесі дірілдеп-калшылдайды, шашы үрпиіп, көзі шарасынан шығып, даусы қарлығып, үні кібіртіктенді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, бетi тшіміркеніп, бүкіл денесі қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тіптi орнынан қозғала, сөйлей, дауысы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түpi- тынышсыздану, ауыры — ypeйi ұшу т. б. Эмоциялық жағдай кезінде адамнын денесінен байқалатын әр түрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлендерінен көптеп кездестіругe болады.
2. КҮРДЕЛІ ЭМОЦИЯЛАР
Күрделі эмоциялардың бipi — көңіл — кейінне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбең кipy, ызалы, түci суық т. б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер eтіп отырады. Егер оның кызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, нерв жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен iз қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген ici оңға баса, немесе бip нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т. б.), шат-шадыман күйге түседі. керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген максатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде журеді. Сондықтан да «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады» деген мақалдар тегінен-тегін айтылмаған. Epiк-жiгepi күшті, рухани өмірінің мазмұны бай адамдар тіптi ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау epiктерi күштi, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар ic жүзінде көрсете бiлуi тиic. Осы айтылғандардан өмip сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқына жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы жұмыс кабілеттің арттыруға, адамның жеке қасиеттің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көңілін меңгере 6ілу — мұғалім үшін аса қажеті сипат. Теменгі класс оқушыларының мұғалімнің қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мұғалім көңілсіз, кiрбiң болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді.
Эмоцияның бip тypi — аффекттер. Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ eтiп қатты көрінетін эмоцияның түpi. Аффекттер кейде адамның букіл психикалық кейіпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, epiк күшінің әлсіреу жағдайында етеді. (Мәселен, зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу,
Аффект — латынша аффектус деген сөз, қазақша жан ұшыру, Kүйin-nicy деген мағынаны білдіреді.
Аффект кезінде адамның«eci шығып» кетпейді дені сау адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі дептүсіну керек. Бұл — адамның өзін меңгере алмауы, epiк тәрбиесініңкемістігі. Ерік-жігері күшті адам мұндай ұшқалактыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам неicтece де ойланып істейді». «Ар ici ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле көрмек» деп Абай дұрыс айтқан.
Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффекттерін (патологнялык аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.
Құмарлық — адамның ойы мен әрекеттің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ, құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз.«Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттік туғызады, міндет борышты етедi, бұлар еңбекке жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол»—деп Абай адамға қажеттін кұмарлықтың психологиялық табиғатын жақсы көрсетсе, А. С. Пушкин «Сараңcepi» драмасында Альберттің образы арқылы құл- қынын ақша тескен адамның «кұмарлығын» былайша суреттейді.
3. ЖОҒАРЫ СЕ3ІМДЕР
Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа а д а м г е р ш i л i к, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
Коғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-кұлқынан жиі көрінетін сезімдердің бipi адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік немесе имандылық сезімдердін мазмұны да, кұрылымы да күрделі келеді. Бұлар ең алдымен коғамдық мәнді және жеке көңіл күйге байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұл eкeyi бip-бipiнe қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана-сезімі жетілген, дүниетанымы мен ceніміi қалыптасқан адамда мұнын біріншісі басым болып отырады. Осындай сезімдердің тобына:достық жолдастық,адалдық,ар-намыс,борыш,жауапкершілік, ұят т. б. жатады. Ар-намысты қорғау — адамға аса жарасымды сипат. Сезімнің осы түpi көбінесе қайсар, өжет, табанды әpi көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз мініне іштей куйіну, өзін жазғырып, жазалау — адамның тек өз басын кадір тұтқаннан туындамайды. Ар-намысты қорғау дегеніміз сонымен біpгe айналадағы адамдарды да сыйлай білу деген сөз. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық — екіншінің бірінен кездесе бермейтін қасиет. Мұның адам психологиясына қатты әсер eтiп, терең iз қалдыратындығы сонша —кici кейде «кірерге жер таппай, кici бетіне қарай алмай. ұйқыдан, тамақтан қалатыны да болады» 1 . К. Маркс ұятты адамның iштегi ашулануы, өзіне ашу шығаруы деген екен. Ал Абай ұяттың eкi түpi бар дейді. оның бipi — надандықтан туатын; eкіншici — жағымсыз icкe,тepic кылыққа ұялу. Оның уғымынша ұялмас нәрседен ұялу бұл надандық, ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы. Шын ұят ақыл-парасаттын ici. «Өлімнен ұят күшті деп халқымыз тегін айтпаған. Білімi, тәжірибесі, тәрбиесі мен мінезбiтiciнe карай адамның ұялу дәрежесі түрліше болады. Мәселен, надан адам әдепсіз кылығына айылын жимаса, мәдениетін, ақылды кici мұндайда қатты ұялып, жерге кіріп кете жаздайды. Адамнын ары мен ұяты ақылынын кузетінде болса, жүрек, қайратүшеyi бip жерден шығып отырса, мұндай адам ұятты болады дейді Абай. Ұялу ceзімi мектепке дейінгі сәбилік, бөбектін шақта, ылғи да үлкендердің ата-ананың жақсы сөзі мен ic-әрекетіне, қылығына еліктеу, оларды өнеге тұту арқылы біртіндеп қалыптасып отырады. Адамның өмip сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы ic-әрекеттi бұл ceкілдi сезімдердің мазмұнына күшті әсер етеді. Коғамдық тәрбиенің ықпалымен ар-намысты қорғау адамның тұрақты сезімдеріне айналады, егер адам қоғамдық ережелерді бұзса, оны ұжданы көтермей, қатты қиналады да, бұларды орындай алса, оған жаны рақаттанып масаттанатын болады. Коғамдағы моральдық принциитер сол қоғамның экономикалық жағдайларына сәйкес келеді.
Жоғары сезімдердің екінші бip түpi — эстетикалық сезімдер. Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын 6ip сұлулықты сезiнyi. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты,өміргe үйлесімді, әдемікөріністердегі тамашалау немесе табиғаттағы, көркем өнердегі әcipece, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады.1 «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсеге сүйініп, көріксіз нәрседен жиренуіне. жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді. (М. Жұмабаев). Эстетикалық сезімдер сондай-ақ сурет полотноларынан, скулыптуралық, архитектура- лық, музыкалық немесе сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алуға байланысты да туып отырады. «Адамзатқа тән ерекше бip қасиет,— дейді. әл — Фараби,— өзін қоршаған дүниенің әсемдігін сырларына үнілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету».
Жоғары сезімдердің бұдан басқа бip түpi — интеллект сезімдер. Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектін сезімнің турлеріне таңсыктау, білуге құмарлық, күштену, сезімділік, интуиция, ықтималдық, жаңашылдық, болжау т. б. сезімдер жатады.
Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады.
Мұғалімнің басты міндетінің бipi — оқушылар санасында интеллектін сезімдерді қалыптастыру болып табылады. Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз eшбip мақсатқа жете алмайтынымызды оқушыларға түсіндіру керек. «Оқу инемен құдық қазғандай», ол оңайлықпен қолға түспейді. Оған жан-тәнімен берілмесең, тиянақты еңбек eтіп, қатты зейін коймасаң болмайды. Оны үнемі толықтырып отыру да қажет. «Адамның көңіл шын мейірленсе,— дейді. Абай,— білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түсіреді». Жүрдім-бардым үй- ренетін адамдарға ғылым тұрақтамайды. Өйткені, ғылым өзіне түгелдей берілуді қажет етеді. Интеллектік сезімдер адамның сана-сезімнен орын алса, iсініп шындықты аша түсуге кұмары арта түседі, мұндайда ол асыл мұрат үшін күреске белді бекем байлайды.
4. CE3IM САЛАСЫНДАҒЫ ДАРА АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР
Адамдардың сезім саласындағы айырмашылықтары түрліше болып келеді. Семья тәрбиесіне, тұрмыс-жағдайына, денсаулығына, нерв жүйесінің типтің ерекшелігінe, бiлiм қорына, өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне, жас өзгешелігіне т. б. қарай адамдарда эмоциялар мен сезім- дердің сан алуан түрлерін кездестіруге болады. Өмірде көңіл көтеріліп, жайдары, шат адамдармен қатар, сәл нәрсеге уайымдағыш, қабағы қатулы, немесе өзін ұстай алмайтын, тиянақсыз, болар-болмас бірдеңеден асып — сасып жұрттың үрейін алатын адамдар да кездеседі. Психология сезім саласындағы мұндай шексіз жеке ерекшеліктерді тере бермей, адамдарда типтік ерекшелік ретінде қалыптаса бастаған сезім түрлерін зерттеуді қарастырады. Адамдарымыздың сезімдері, өзінің бағыты, тереңдеп, тұрақтылығы, әсерлеп тәрізді жағымды сапаларымен құнды болмақ.
EPIK
Жоспар:
1. ЕРІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
2. EPIKTIK АМАЛДЫ ТАЛДАУ
3. EPIK САПАЛАРЫ
Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға тәлаптандыратын 6ip түрткі болатындығы,мұны психологияда мотив (себеп) деп атайтындығы өткен тарауларда айтылды. Кез келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не жанама түрде байланысып жатады.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгi мотив — оның түрлі қажеттерін Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниесінің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен 6ipге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, ic-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар eceпciз көп. Бұларды үлкен eкi топқа бөлуге болады. Оның 6ipін epiкciз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу шашалу, түшкіру т. б.), екіншісі epiктi қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтepiп алу қозғалыстың соңғы түрінe жатады. Кез келген козғалыс аркылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ыкпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе 6ілуден көрінетін қимыл-козғалыстарды психологияда epiк амалдары немесе epiк деп атайды. Сонымен epiк дегеніміз адамның өз мінез — құлқын меңгере алу қабілеті.«Kaйpaт дегеніміз өмip жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу» (Ж. Аймауытов). Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған максатын орындауға байланысты түрлі iшкi-сыртқы кедергілерді жеңе 6ілуінен жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді бipaқ сабаққа кешікпеу үшін тұру керек. Бұл жағдайда iшкi кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік т. б.) жену керек болады. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт нәрселер кедергі жасаса (басқа адамдардың кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық т. б.), бұларды да женіп отыруымыз қажет.
2. EPIKTIK АМАЛДЫ ТАЛДАУ
Epiк қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс екендігін төмендегі структурасынан да жақсы көруге болады. Адамның epкі алдына мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мектепті бітіретін окушының арнаулы оку орнына түсуге талабы бар дедік. Окушының бұл мақсатты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп (мотив) болады. Кез келген адамнан «сен не үшін окисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бip дәлел айтатыны түсінікті.
Аадм осылай өзінің келешекте белгілі бағытта icтейтін iciнін мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны epiктік шалдың бастамасы — тілек немесе ниет деп атайды. Тiлек — келешекте icтейтін iciміздің, ойға бекуі. Мәселен, «газетке мақала жазсам», «өзенге барып шомылсам», «домбыра тартып үйренсем» т. б. деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бip қажетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әлі де болса көмескі, яғни оның жоспары сызылма- ған. Дегенмен осы секілді тілектерде epiктік амалға тән талғамалылық сипат бар. Ал талғау ниетке ой әрекеттін араласуын қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерд тежейді де, кажеттіліктерін орындау үшән тиістi жоспар сызып, амал-айла, әдіс қарастырады. «Тілектің алдын-артын тексеріп үйренген адам балалықта ебдейсіз, еркеліктен, қияңқылықтан, есейгенде есерліктен аман болмақшы» (М. Җұмабаев). Соңғы жағдай ғана адамның тілегін нақтылы кесімді түрге келтіреді. «Жақсы ниет жарым ырыс» деп халық тегін айтпаған.
Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалғаннан кейiн, әрекеттің орындалу жолын қарастырады, оны жоспарлайды. Егер адам мақсат қояр кезде өзіне «не icтey керек?» деп сауал қоятын болса, әрекетін жоспарлау үстінде «Қалай icтey керек?», «Қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады?» деген сұрақтар қояды. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді, айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншы- лықтардың сыр-сипатын, оны жеңудің жолдарын белгілейді. Мәселен, біреудін стол жасап алғысы келді дейді. Ол алдымен бұған қандай материалдың жарайтындығын, оны қайдан алуға болатындығын, кандай құрал-сайман керектігін, жұмыстың көлемін т. б. топшылап алады. Қандай болмасын ic-әрекеттің жоспарын жасау — күрделі процесс. Ол — адамның белгі білімін, өмip тәжірибиесін, ойының орамдылығын қажет етеді.
Максатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау — мақсаттың айқындығы, оған жет тиістi жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі. Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігерін толық көрсете алмайды. Өйткені бұлар кейде 6ip-6ipiнe үйлесе алмай, қайшы келіп отырады. Мәселен, орта мектепті| бітірген оқушы бірде педагогтық институтқа түсіп, мұғалім болып шыққысы келеді. Ол сондай-ақ өзінің ауыл шаруашылығы маманы болғанын да жақсы көреді. Бұл арада оған осы екі мамандыктын бipeyiн қалау кажет. Ал осы мамандықтар жөнінде толық түсінігі болмаса, ол өз ойынан тайкақтайды, бұлардың қайсысын Қалауын білмей, әуре-сарсаңға түседі мінe, осындай жағдайда тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік туады. Мұны психологияда мотивтер күpeci деп атайды. Мұндай түрлі мотивтердің ішінен ақылға қонымдысы — нақты жағдайға тура келетін бipeyi женеді тек содан кейін ғана адам белгілі бip тоқтамға келе алады.
Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі, тоқтамға келу — бәpi жиналып epiктік қимылдың «даярлық кезең» деп аталады.
Epіктік амалдың ең негізгі кезеңі — қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. Өзінің қандай болмасын тоқтамын icкe асыратын, оны орындайтынкісінi ғана еркі нағыз жеңілген адам деп айтуға болады. Талай жақсы тоқтамдардың жузеге аспай, орындалмай қалатындары да кездесіп отырады. Бұлай болудынce6e6iорындалуы қиын мақсатты алға қоюдан, мақсаттың айқын болмауынан, әлі де болса өміргe дұрыс көзқарастың қалыптаспауынан, өзiciнe сенімсіздіктен, мақсат еткен нәрсенімен жан-тәнімен сүймеуден т. б. себептерден болады. Сондықтан адам өзінің алдына шамасы келгенше, куші жететін, орындай алатын мақсаттарды қойып, осы жолда түрлі қиыншылықтарды женуі отыруы тuic. Белгілі мінез-құлықтық принципі бар, өзiciнін дұрыстығына көзі жеткен адам ғана нақтылы тоқтамға келе алып, оны қалай да орындаудың тиімді жолдарын таба алады, бұл жолда орынсыз солқылдақтық, табансыздық көрсетпейді. Кейбiр адамдар өзінің алдына көмecкi, бұлдыр мақсат қояды да, ой таразысына жақсылап салмайды, сөйтіп оны орындай алмай қалады. Ерекше ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсатты алға қою да адамның ерік енжар, әлсіз eтіп жіберуі мүмкіндік. Сондықтан белгілі epiк кушін талап ететін, тиісті жұмыстар icтey нәтижесінде қол жететін мақсаттарды ғана алға қоюымыз қажет.
3. EPIK САПАЛАРЫ
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың ic-әрекеттік нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне карай 6ірнеше сапалары бар:
Біріншіден, еріктің кушіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т. б.), екіншіден, адамгершілікке сыйымды epiк қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым epкіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көржетің epiк сапалары), үшіншіден,еріктін адамның дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива, принциптік, тәртіптік, жинақылық т. б.) бөлінеді.
Дата добавления: 2015-02-10 ; просмотров: 666 ; Нарушение авторских прав
Источник