Эмоцияны реттеуді дістері мен механизмдері эмоцияларды айта арастыру ж не эмоцияларды басу

TOPREFERAT.COM.KZ — Қазақша рефераттар

вход на сайт

Эмоцияның нейрофизиологиялық механизмдері

Жоспар:

а)эмоцияның психофизиологиялық теориялары:

Б)Эмоцияның психоорганикалық теориясы: (Джемс-Ланге және Кеннона — Барда)

В) Линдсе-Хеббаныңактивациялық теориясы.

Г) Дж. Олдс теориясы.

Эмоциялардың физиологиялық механизмі.

Адам эмоциясы негізінен тіршілік ортасымен әлеуметтік жағдайларларға байланысты және ол тарихи даму жағдайға тәуелді. Эмоцияның нейрофизиологиялық механизімі жүйке жүйесінің арнайы қызметі, ең алдымен ретикулярлық фармацияға байланысты болып, қызметі жандандырады, ал екіншіден, ми төмпешігінде, әсіресе көру төмпешігінің астындағы гипоталамуста және мидың өте ерте дәуірлерде қалыптасқан қабығы мембикалық жүйесінде орналасқан орталықтар арқылы белсенді түрде қызмет атқарады, сондай-ақ сезім мен эмоцияның дамуына ереулі әсер ететін фактор .

Сезімдер мен эмоциялар жануарлар тіршілігі биологиялық қалыптан шығып, адамның санасымен байланысқан. Сөйтіп адам сезімдерінің өрісі кеңейіп оның жануарлар дүниесінен ерекше ақыл ой, адамгершілік эстетикалық сезімдері жетілмеді олар қоғамды әлеуметтік сипатқа ие болды

Эмоциялар тек қозғалыс реакциялары: мимика, жестерде, ғана көрініс бермейді, сондай-ақ бұлшықеттердің тоникалық жиырылуында байқауға болады. Клиника бұлшықет тонусы аффект мөлшері ретінде қолданылады. Көбінесе жоғарғы бұлшықет тонусы эмоционалды жағдайдың теріс көрсеткіші (дискомфорт) ретінде санайды. Тоникалық реакция диффузды, генерализденген , барлық бұлшықеттерді жаулап алу арқылы қозғалыс жасауды қиындатады .Соңында ол тремар , хаотикалық, басқарылмайтын қозғалыстарға әкеледі .

Әртүрлі конфликтерге душар болатын адамдар, әсіресе невротикалық бұзылыстары барлары басқаларға қарағанда қимыл-қозғалыстары көбірек болуымен ерекшеленеді .

Р.Мальмо өз әріптестерімен жүргізген зерттеулерінде психикалық аурулары бар адамдардың бұлшықет қозғыштығы контрольді топтағыларға қарғанда жоғарырақ екенін көрсетті. Әсіресе ол патологиялық қауіпті психотерапевтикалық әдістер осы қозғыштықты басуға негізделген ,мысалы релаксация әдісі және аутогенді тренировкалар .Олар адамдарды бос ұстауға, босаңсуына үйретеді , соның нәтижесінде олардың әртүрлі бұзылыстарға байланысты қозғыштығы , қатерлігі төмендейді .

Адамның эмоционалдық жағдайының өзгеруінің сезімтал индикатордың біріне оның дауысы жатады.Соған байланысты дауыс көмегімен эмоционалды қайғыруды және оларды белгі бойынша дифференцилеуге (жағымды, жағымсыз) арнайы әдістер енгізілген. Ол үшін магнитті лентаға жазылған адамның дауысы анализдейді. ЭЕМ көмегімен сөз сигналдары жиіліктегі спектрге ажырайды .

Эмоционалды қозғыштықтың өсуіне байланысты айтылатын сөздер мен дыбыстардың жиіліктегі спектр мөлшері ұзарып , жоғары жиілікті құраушы жаққа жылжиды. Жағымсыз эмоциялар спектрлі энергиясы төмен жиілік бөлікте концентрленсе , ал жағымды эмоциялар – олардың жоғары жиілікті аймағында орналасады .Сөз сигналының спектріндегі бұл жылжулар үлкен физикалық жүктемеден кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл әдіс эмоционалды қозғыштықтың жоғарлауын 90% жағдайында анықтауға мүмкіндік береді , сондықтан ол адам жағдайын анықтауда перспективті болып табылады.

Эмоциялардың маңызды компоненттеріне вегетативті нерв жүйесінің активті өзгеруі жатады.Эмоцияладың вегетативті көріністері әртүрлі: терінің барерьлік қызметінің өзгеруі (КГР), жүрек жиырылу жиіліктер, қан қысымы, тамырлардың кеңеюі мен тарылуында, дене температурасының , қанның гормональді және химиялық құрамының өзгерістері және т.б.Ашушаңдылық жағдайында қанда норадреналин мен адреналин мөлшері жоғарылайды, жүрек соғуы жиілейді, көз қарашығы кеңейеді .

Эмоция психорорганикалық теориясы

Джемс-Ланге түжырымы бірнеше қарсы көзқарастар пайда етті. Негізгі сын айтқан У.Кеннон әртүрлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір-біріне өте үқсас, сондықтан олар адамның сан-алуан эмоциялық қасиеттеріне сай келе бермейді. Мысалы, қазақ келісу сезіміне орай басын изейді, ал болгар — шайқайды; аф-риканың бір тайпа өкілдері сүйген адамының бетіне түкі-ретін көрінеді, ал қазаққа бүйтіп көр… Сонымен бірге, адамның әдейі істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл-күйді бере алмайды. Кейде, мысалы, жағдайға орай «молдамыз» шығып, сіресе бағып, соңына шыдай алмай, күліп жіберетініміз осыдан.

Электрофизикалық әсерінен миды ары қарай дамыды. Осы базада Линсен Хеббаның мотивациялық теориясы пайда болды. Бұл теория бойынша эмоциялық жағдай, бас миының өзек бөлімің ретукулярлы фармация анықтайды. Орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен қалыптасуы сәйкес келетін құрылым салдарынан эмоция пайда болады.

Активациялық теория келесі жағдайларда негізделеді.

Хеббудың қисық эмоцияны қоздыру эксперименті сәтті өтті. Қисық эмоцияның қозуымен адам іс әрекеті бұл суретте көрсетілген. Жоғарғы дәрежеге жету үшін, эмоцияны не әлсіз, не күшті қоздыруға болмайды. Әр адамның эмоцияны қоздыру жұмыста күшті әсер қамтамасыз етеді Эмоция қозудың оптимальді сатылары мына факторға тәуелді ерекше істеу кызметіне және жағдайына байланысты.

Читайте также:  Гипертрофированное чувство собственной значимости

Эмоцияның қазіргі заман тарихы О.Джемстің 1884 ж. жарияланған «Эмоция деген не» атты мақаласынан басталды. О.Джемс және бұған байланыссыз Г.Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі — сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге. ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі эмоциялық күйді танытады. «Біздің қайғыруымыз, жылағанымыздан, қорқуымыз, қалтырауымыздан, қуанганы-мыз, күлгенімізден» (О.Джемс). Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі (перифериялық) органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінің қара-дүрсін түсініктемесі беріледі: мысалы, үнамды эмоцияга тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға болады-мыс.

Кіріспе.

Эмоция туралы түсінік.

Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі .

Сыртқы дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай, оған толғанып тебіреніп, өзінің қатысын білдіреді.

Бұдан адамға жағымды не жағымсыз сезімдер туып отырады. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам организімің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор . Мысалы қанның жүруі тамырлардың жүрекке ерекше соғуы, бездер әрекетіне Физиологиялық әрекеттерге эмоция үлкен әсер етеді. Эмоция хайуанаттарда да бар олардың эмоциясы, инстикт деп аталады. Олар мұқтаждықтарын биологиялық қанағаттандырумен байланысты, мысалы мысық пен иттің еркеленуі, олардың үйреленіп бір нәрседен қорқуы, олардың сыртқы келбетінен жақсы көрініп тұрады. Адам эмоциялары хайуанат эмоцияларына қарағанда өте бай болып келеді, әрине адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес. Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне олардың басынан кешкен тәрбиесіне қарай сыртқы дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады. Адам эмоцияларынын бір бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп тұрады. Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады, олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жылытып көрік беріп отырады.

Пайдаланылған әдебиеттер :

Қорытынды.

Жалпы осы тақырыпты қорытындылай келе, эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі .

Ал, эмоцияның нейрофизиологиялық механизімі жүйке жүйесінің арнайы қызметі және ең алдымен ретикулярлық фармацияға байланысты болып, қызметі жандандырады, ал екіншіден, ми төмпешігінде, әсіресе көру төмпешігінің астындағы гипоталамуста және мидың өте ерте дәуірлерде қалыптасқан қабығы мембикалық жүйесінде орналасқан орталықтар арқылы белсенді түрде қызмет атқарады, сондай-ақ сезім мен эмоцияның дамуына ереулі әсер ететін фактор .

Сонымен, эмоция адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға байланысты туатын психикалық процесс.

Источник

Эмоция. эмоцияның дамуы және қалыптасуы

«Эмоция» ұғымының төркіні — «емовера» деген латын сезінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні — тітіркендіру, толқу. Бұл — жан дүние-сінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларынық көрініс беруі.

Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.

Психологтар, эмоциялар өндірісте, отбасында, өнерде, педагогика мен клиникада, шығармашылықта және адамның рухани дағдарыстарында, яғни адамның барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді. Адамдардың эмоцияларының негізінің зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда маңызды, өйткені өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі балаларға тек білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың нақты жүйесін оқытуды ғана емес, сонымен қатар, олардың айналасындағы ақиқатқа жэне адамдарға нақты эмоционалды қатынасты қалыптастыруды болжайды.

В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырды. Автордың ойынша эмоционалды құбылыстың құрылымы бір жағынан — қандай да бір бейнелеуші мазмұннан, екінші жағынан — эмоционалды күйзелістің өзінен тұрады деп есептеген.

Читайте также:  Приподнятое настроение 7 букв сканворды

Эмоциялардың теориялық мэселелеріне Л.С.Выготский көп көңіл бөлген. Ол эмоцияларды ойлаудың субъектінің сезімдік-заттық іс-әрекетімен байланысының ішкі, психологиялық механизмі ретінде қарастырды. Олар ағзаның енжар күйі емес оны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын оятады және реттейді.

П.Я.Якобсон өз уақытында сезімдер, көніл-күй, аффектілер мен эмоциялар сияқты эмоционалды үрдістерді эмоционалды өмірмен байланыстырды. Адамда нақты заттардың немесе құбылыстардың шеңберіне арналган эмоционалды қатынас сезімі ең негізгі сьңары болып табылады.

А.Г.Ковалев сезімдерге жеке түлганың нақты заттық бағдарға ие тұрақты қатынастарын, яғни махаббат жэне жек көруді, сыйластықты қарастырды. Сезім-тұрақты құрылым немесе тұлға қасиеті, ал эмоция — сезімнің көрінетін үрдісі. Сонымен, сезімдер — нақты жағдайлардың жалпылану нэтижесі ретінде онтогенезде қалыптасатын эмоциялардың дамуының жоғары нәтижесі.

Өмір сүру барысында адамның эмоциялары мен сезімдері күрделеніп және жіктеліп дамудың ұзақ жолынан өтеді. Адамның эмоционалды аймағында төмендегідей негізгі жағымды өзгерістер болады:

а) жақсы мен жаманға барабар эмоционалды реакциялардың пайда болуы;

ә) жаманға мойынсынбауы;

Эмоциялардың дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы, оның қоршаған адамдармен езара қатынастарының сипатына, оның нақты қоғамдық құндылықтар мен талаптарды меңгеруіне, мінез-құлықтың ережелерін меңгеруіне байланысты.

А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарының пайда болуымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Сонымен авторлар өздерінің зерттеулерінде мінез-құлықтың жаңа мотивтерінің қалыптасу барысында баланың эмоционалды көріністерінің сипаты біршама өзгереді деген қорытындыға келді.

Эмоциялар психикалық үрдістермен, атап айтқанда, ойлаумен, еспен, қабылдаумен, киялмен т.б. тығыз байланысты. Адамның ойлауы эмоционалды компоненттерді қамтиды. Алайда, психологтар интеллектуалды жэне эмоционалды аймақты бөліп қарастыруда.

Соңғы жылдарда эмоциялардың саласына қатысты білімдер ұдайы өсуде. Бұл білімдер эр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік психологияның өкілдері эмоцияларды вербальды емес қарым-қатынас ретінде зерттеді. Тұлға психологиясы эмоциялардың басқа мотивациялы құрылымдармен байланыса алатын жолдарын көрсетіп, аффектілі күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы біздің білімдерімізді толықтыра түсті. Сонымен бұл мәселе психологияда бүгінгі күні кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге болады, бірақ қазіргі кезеңцегі біздің қоғамымызды әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен байланысты эмоция мәселесін кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде

Күрделі эмоциялар. Күрделі эмоциялардың бірі — көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т.б.), шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады» деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмүны бай адамдар, тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік-жігері күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардан өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ыркына жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы жүмыс қабілетін арттыруға, адамның жекс қасисетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көціліне меңгере білу — мүғалім үшін аса қажетгі сипат. Төмснгі сынып оқушыларының мүғалімінің қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мүғалім көңілсіз кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді. Эмоцияның бір түрі — аффекттер. Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффекттер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында етед. М. Ю. Лермонтов бір адамның басынан байқалған аффектіні былайша суреттейді:

Читайте также:  Таблетки чтобы быстро снять стресс

Орынсыз жан таласын кейде бекер,

Сонан соң әлім кетіп жерге қүлап,

Еңіреп егіл-тегіл, жаттым сұлап.

Кеміріп жердің дымқыл топырағын,

Шықтай қып жерге төктім жасты-ай бұлақ.

Аффект кезінде адамның «есі шығып» кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл — адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік-жігері күшті адам мүндай ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам не істесе де ойланып істейді. «Ар-ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле көрмек», деп Абай дұрыс айтқан.

Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффекттерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.

Құмарлық — адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терец, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. «Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді, ецбек ғылым мен өнерге ашылған жол, — деп Абай адамға қажетгі құмарлықтың психологиялық табиғатын көрсеткен. А.С. Пушкин.

Балалардың қарапайым эмоциялары туған күнінен бастап-ақ
көрінеді. Бала есейген сайын эмоциялар біртіндеп дами түседі. Мәселен, екі жарым жасар бала қол-аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны аіыып жылаған. Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіпі ұстап алайын деп түрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт-бес жасар балаларда оғары сезімдердің (моральдық, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы
жастагы баладан: «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең,
«Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың» — деп жауап
береді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық кұбылыстары, әсіресе, ерік-жігері дамып жетілмеген. Осы жағдай оның эмоциясына да тән. Мектеп жасына дейінгі балалар эмоциясының басты ерекшелігі — тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.

Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары да (әсіресе, бірінші, екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да, әділ болып келеді. Олар кез-келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде де бірқалыпты отыра алмайды. Өйткені өзіне ие бола алмай, сезімінің жетегіне еріп кетеді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.

Сыныбы жоғарылап, есейген сайын оқушы мүндай қылықтарынан арыла бастайды. Мүғалімнің ерік-жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі оқушыларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен, біреу күлсе, оған қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады. Бірінші сынып оқушыларының сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу — бәрі де олардың қажеттерінің өтелу-өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бүл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.

Мектепте баланың жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, космонавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу — кез-келген баланың арманы.

Үшінші, төртінші сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделене түседі, олар көңіл күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді

Источник

Оцените статью