Эмоция ж не сезімдер туралы жалпы т сінік

Сезімдер мен эмоциялар туралы жалпы түсінік

Сезімдер — өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілікқажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қогамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.

Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі — олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісінс: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық, т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т.6. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.

Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі — жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырада. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажст.

Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктсрінс, дүниеге көзқарасы мен мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар — белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамныц органикалық қажеттерінің өтселу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары кірсді.

Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік: оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күші адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады.

Источник

Сезім және эмоция туралы жалпы түсінік.

Адам өмірінде сезімдер ерекше рөл атқарады. «Сезім» немесе «эмоция» сөзімен адамдардың өмірі мен қызметіне, олардың адамдарға, табиғатқа, өнер шығармаларына, ғылымға, өздері өмір сүріп отырған қоғамға қатынастарына байланысты көңіл-күйін білдіреді. Адамның барлық іс-әрекеті мен қылығында ерекше орын алады: оның ықпалымен адам әрекет етеді, белгілі бір қылықтарды іске асырады.

Адам тек қана қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенді танып қоймайды, сонымен қатар оларға көңіл-күйін білдіреді. Бір оқиғалар оларды ойландырады, басқаларына селқос қарайды, кейбір заттар мен құбылыстар оларға ұнайды, бір адамды ұнатады, басқаларын жек көреді.

Күнделікті сөйлеу тілімізде «сезім» деген сөз «түйсінудің» мағынасында жиі қолданылады, оларды сезім органдары деп атаймыз, дұрысында, оларды түйсіну органдары деп атауымыз керек.

Мәселен, «Мен иісті сеземін демей», «иісті түйсінемін» деген дұрыс болады. Түйсіну органдарының орнына сезім органдары деген тіркес жиі қолданылады.

Көптеген психология оқулықтарының авторлары, психолог ғалымдар «сезімдер» мен «эмоцияны» бір-біріне синоним ретінде қарастырады, ал шын мәнінде, бұл екі ұғымның мағыналық айырмашылықтары бар. Сезім – бұл өте күрделі, тұрақты қалыптасқан адамның қатынасы, жеке тұлғаның белгісі. Мысалы, борыш сезімі, патриотизм сезімі, жауапкершілік сезімі және т.б, ал эмоция — өте қарапайым көңіл-күйді білдіреді, Сезім эмоциялар арқылы байқалады. Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер тек адамдарға ғана тән болады. Жануарларда сезім болмайды, оларға эмоцияның қарапайым түрлері тән. Жоғары сатыдағы жануарлар қанағаттану, қанағаттанбау, қуану, қайғыру, қорқыныш сияқты эмоцияларды басынан кешіреді.

Эмоциялар кездейсоқ қалыптаспайды. Эмоцияның қайнар көзі — объективтік шындықтың адамдардың қажет-тіліктерімен сәйкестікте болуы.

Сезімдер немесе эмоциялар дегеніміз адамның басқа адамдарға, өзіне, коршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңіл-күйі. Адамдар шыңдық дүниенің заттары мен құбылыстарына әртүрлі қарым-қатынаста болады. Адамның қажеттіліктерін тура және жанама қанағаттандырумен байланысты қарапайым, органикалық ретінде және қоғамдық тұрмысқа байланысты қабілеттіліктер оларда жағымды эмоцияларды шақырады (қанағаттану, қуаныш, махаббат). Осындай қажеттіліктерді қанағаттандыруға кедергі келетіңдері жағымсыз эмоцияларды (қанағаттанбау, қайғы, жек көру) қалыптастырады.

Читайте также:  Ребенок маленькая личность своими чувствами поэтому нельзя

Оқу әрекетіңде сезімдер мен эмоцияларының мәні өте жоғары. Олар адамды іс-әрекетке талпындырады, оқудағы, жұмыстағы, шығармашылықтағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Сезім және эмоциялар адамның мінез құлқын, белгілі бір өмірлік мақсаттарының қойылуын жиі анықтап отырады.

Сезімдер объективтік, әлеуметтік мәні бойынша жағамды және жағымсыз болып бөлінеді: мұндай жағдайда жеке және әлеуметтік бағалау әруакытта сәйкес келе бермейді, белгілі бір құбылыстар, деректер бізге жағымды көрінеді, жиі оларды қолдаймыз, басқа құбылыстарды айыптаймыз және жоққа шығарамыз. Осыдан келіп, адамдардың сезімі жағымды немесе жағымсыз сипатқа ие болады.

Жағымды сезімдерге қанағаттану, куаныш, бақыт, шаттық, махаббат сезімдері жатады. Жағымсыз сезімдерге қанағаттанбау, қайғы-қасірет, жек көру, қорқыныш сезімдері жатады.

Күшті сезімдермен адамдардың ерлік істері байланысты. Адамдардың сезімдері даралық және жан-жақтылық қасиеттерімен ерекшеленеді: бұл сүйіспеншілік, қуаныш, құрметтеу мен мақтану, қайғы мен қасірет, қорқыныш сезімдері.

Адамның сезімі әруақытта да белгілі қоғамдық мәні бар іс-әрекетке бағытталған. Жай ғана сыйлау немесе жай ғана сүйіспеншілік болуы мүмкін емес. Мәселен, сүйіспеншілік сезімі міндетті түрде белгілі бір іске бағытталады және байқалады: Отанды сүю (елжандылық) еңбекті сүюге, адамды сүюге бағытталады.

Адамның сезімдерінде оны қоршаған дүние бейнеленеді, сонымен қатар онда заттардың өзі бейнеленбейді, оған адамдардың қатынасы бейнелейді. Сондықтан да әрбір адамның сезімінің мазмұны осы заттардың ол үшін қандай мәні барлығына байланысты. Адамды қоршаған дүниедегінің барлығы бірдей оның сезіміне әсер ете бермейді, тек ол үшін мәнді, оның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталғаңдары әсер етеді.

Сонымен, адамның сезімдерінде оның қоршаған дүниеге қатынасы, оның қажеттіліктері, дүниетанымы мен көзқарасы, моралдік қасиеті бейнеленеді. Біз әрбір адамның сезімінің осы қасиеттеріне қарай оның қандай адам екендігін айтып бере аламыз.

Сезімдерді стеникалық және астеникалық деп екі топқа бөлеміз.

Стеникалық сезім дегеніміз — адамның белсенділігін арттыратын, күші мен қуатын еселейтін, адамды жігерлендіретін, сергектікке бағыттайтын сезім. Стеникалық сезім («стиеяос» — грек сөзі, қазақшалағанда — күш деген мағынаны береді). Мысалы, күшті қуаныш, ашу сезімдері жатады.

Астеникалық сезім дегеніміз адамның белсенділігін, қуатын азайтатын, адамды тежеп отыратын сезім.

Астеникалық сезім («астенос» — грек сөзі, казақшалағанда — әлсіздік мағынасында қолданылады). Мысалы, нәзіктік, қайғы-қасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады.

И.П. Павлов эмоцияны инстинктерге жақындатты. Сезімдерді ол бас ми қыртысының жартышарлары қызметі ретінде қарастырды, адамда әруақытта екінші сигнал жүйесімен байланысты болады.

Сезімдер — бұл қоғамдық өмір жағдайында адам дамуының жемісі. Эмоция дегеніміз, — деп жазды. И.П. Павлов, — инстинктің жұмысы, сезім — қайғы, қасірет және т.б. — бұл оның мәні басқаша, үлкен жартышарлардың қызметінің қиындауымен байланысты, сезімдер жоғары белгілермен байланысты және олардың барлығы II сигнал жүйесіне тәуелді.

Сонымен, эмоциялар — бұл органикалық қажеттіліктерді қанағаттандырумен немесе қанағаттандырмаумен байланысты қарапайым көңіл-күйлер.

Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер адамзаттың тарихи даму барысында пайда болған қажеттіліктермен байланысты. Сезімдердің пайда болуы адамның қоғамдық тұрмысына қатысты.

Сезімдердің негізіне ең алдымен адамдардың арасындағы қатынастармен байланысты қажеттіліктер жатады. Эмоциялар органикалық қажеттіліктермен байланысты, ол адамдарда да болады. Сезімнің эмоциядан айырмашылығы тек адамдарға тән болады.

Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

Источник

Эмоция және сезімдер

Эмоция және сезімдер Жоспар:
1.Эмоция және сезімдер туралы түсінік.
2.Эмоция мен сезімдер мәселесіне теориялық жағынан шолу.
3.Сезімнің түрлері. 4.Эмоцияның түрлері.

1.Эмоция және сезімдер туралы түсінік.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін эмоция мен сезім деп атаймыз.
Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше ӛтелуі адамда, кӛптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады. Мысалы: шаттану,мұң, үрей, қорқу, масаттану, ӛкіну, шошыну, іш пысу, зерігу, абыржу тағы басқалары.Мысалы: Шӛлдегенде ішкен 1 стакан су рахат сезімін тудырады. Егер шӛлдемеген адамға суды зорлап ішкізсеніз, онда наразылық сезімі тудыруы мүмкін.
Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады.
1) Ол реттегіштік қызмет атқарады. Ол кӛңіл-күй тұрақтылығы мен мінез-құлығымызға бағыт беріп отырыды. Эмоцияның реттегіштік механизмдері эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мысалы: сағыныш, торығу, қайғы адамның жан күйзелетін, олар тек психологияның күйініш туғызып ғана қоймай, жүйке ауруына душар етуі мүмкін. Сол сияқты қатты қуану, шаттану, бұлшық ет қимылдары, күлкі саз арқылы сыртқа шығып босаңсымаса қауіпті болады.Эмоция шегіне жеткен кезде оның күші кӛз жасы, бет, тыныс жолдары бұлшық еттің жиырылуы тәрізді «залалсыз процестер арқылы әлсірейді»
2)Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі: адамда шынайы немесе жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты. Қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады. «Қорықпайтын адам – ақымақ» деп Б. Момышұлы бекер айтпаған.
3)Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның ӛз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады.
4)Эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер етуімен байланысты. Мысалы: адамдардың сӛйлеуі, айқайлауы, түртуі, басын изеуі, кӛзін қысуы. Мимика және пантомимика, дене бұлшық еттерінің қимылы, иығын керуі, қолын сермеуі т.б.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар ол: Қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады. Мысалы: сүйсіну–сүйсінбеу, кӛңілдену-қожу, шаттық-уайым, осы сапалар екі полюске ажыраған, Біріне-бірі қарама-қарсы мағынада қолданылады.
Екінші ерекшелігі олар актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бӛлінеді.Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын кӛтерінкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық (қозуы күшті деген сӛз), ал бұлардың баяу солғын түрлерін астеникалық деп айтты (қозуы әлсіз). Біріншісіне жауапкершілік, жолдастық, достық т.б. екіншісіне уайым, енжарлық, кӛнілсіздік т.б. сезімдер жатады.
Эмоциялардың үшінші бір ерекшелігі жігерлену және кернеуден босану немесе шешіну. Мысалы: студенттің емтиханнан ӛтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі, шешілу кезеңдері болып табылады. Мәреге тақағанда адам барлық күш жігерін жұмсайды. Осы кез ӛткен соң басқа бір күйге түседі.
Мұны кернеуден босану (шешіну сезімі) дейді.
2. Эмоциямен сезімдер мәселесіне теориялық тұрғыдан шолу.
Адам ӛмірінде эмоциялар мен сезімдердің орны аса маңызды.Психологияда эмоцияларды ӛзгертуге, отбасында, ӛнерде, педагогтарда, клиника, шығармашылықта яғни, адамдардың барлық ісәрекетіне қатысады деп есептейді.
Эмоцияның зерттелу тарихы У.Джемстің 1884 жылы жарияланған «Эмоция деген не?» атты мақаласынан басталды.В.К.Вильнюс эмоцияларды жеке процестер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің кӛрінуі ретінде қарастырады. Эмоциялардың теориялық мәселеріне Л.С. Выготский кӛп кӛңіл бӛлген. Ол эмоциялармен субъектінің сезімдік заттың іс-әрекетімен байланысының ішкі психологиялық механизмі ретінде қарастырады. Олар организмді белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен ӛзара қатынасын оятады және реттейді деді.
А.Н.Леонтьев, Б.И.Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарының пайда болуымен тығыз байланысты екенін кӛрсетеді.
Я.Рейковский эмоциялар адамның әрекетін реттейді деп есептейді. Яғни эмоционалды процестердің дұрыс жүрмеуі психиканың ауытқуларының бастамасы болып табылады.
О.К.Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл эмоциялар реттейді деп есептеген. Ол лабораториялық үлгілерде ойлау тапсырмаларын шешу барысында пайда болатын эмоциялардың пайда болу жағдайы және қызметерін шешуді ұсынған.Сонғы жылдардың эмоцияны әлеуметтік психологияның ӛкілдері эмоцияларды вербалды емес қарым-қатынас рӛлінде зерттеді.
Тұлға психологиясы эмоциялармен сезімдерді басқа мотивациялы құрылымдарын байланысына алатын жолдарын кӛрсетіп, аффектімен күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы білімдерімізді толықтыра түседі. Сонымен бұл мәселе психологияда кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге болады. Бірақ қазіргі кезде біздің қоғамызда әлеуметтік, саяси және экономикалық, нарықтық жағдайларға байланысты эмоция мен сезімдер мәселесін кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде
3. Сезімнің түрлері.
Сезімдер: адамгершілік (моральдық), эстетикалық, интеллектуалдық (танымдық) болып бӛлінеді.
Адамгершілік сезімдерге: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершлік, ұят т.б. жатады. Ар намысты қорғау адамға аса жарасымды сипатталады. Сезімнің осы түрі кӛбінесе қайсар, ӛжет, табанды әрі кӛздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдар байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет. Мұның әр адам психологиясына әсер етіп, терең із қалдыратыны сонша кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетін қарай алмай, ұйқыдан, тамақтан қалатын болады. Абай ұяттың 2 түрі бар деді. 1) надандықтан туатын, ұғымына ұялмас нәрседен ұялу. Бұл надандық, ынжықтық,қайрат жігердің осалдығы, білім мен тәжірибесінің саяздығы. 2) дұрыс емес қылықтан ұялу.
Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну. Бұл сұлу сымбатты, ӛмірге үйренуі, әдемі кӛріністерді тамашалау, табиғаттағы, кӛркемӛнердегі шынайы әсем нәрселерден ләззат алу.
Эстетикалық сезім дене сұлулығын қабылдауда ғана тумайды. Моральдық сұлулықта та эстетикалық сезім тудырады. Ӛзінің мүддесін қоғам игілігі үшін тежеп ұстайтын жоғары моральды адамдарды кӛріп куә боламыз. Мұндай адамдар ӛзіне деген құрмет сезімін туғызады. Біз оларды «моральдық жағынан мұншама тамаша адам болады екен-ау» дейміз.
«Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу нәрсеге сүйініп керексіз нәрседен жеркенуге, жақсылыққа ұмытылып, жауыздықтан тиылуына кӛп кӛмек кӛрсетеді» деген болатын М. Жұмабаев.
Интеллектуалдық сезімдер адамның тану процесімен, адамдардың ақылой әрекетімен тығыз байланысты. Оған әуестік, білуге құмарлық, іздемпаз танырқау, сенімдік, интуиция, ықтималдың жорамалдың, болжау т.б. сезімдері жатады.
Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарда, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады..
4.Эмоцияның түрлері.
Эмоция күрделі және қарапайым болып бӛлінеді. Эмоция адамның сыртқы келбет әжімі, қимылы, даусы арқылы айқын кӛрініп тұрады. Енді қарапайым эмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек кӛру т.б. Мысалы: қуаныш үстінде адам ӛте жомарт, мырза болса, ал ашу үстінде кісі қатал болып сараңдығы ұстауы мүмкін. Мысалы: бала қуанғаннан секіреді, шапалақ ұрады, жер тепкілейді, қатты күледі. Мұндайда дауыс түрліше құбылып, ұлғайып, бәсеңдеп, қатайып, жұмсарып отырыады. Бетпен бастағы тамырлар қанға толып, адам қызарып кӛзіне жас пайда болады.
Қорқу эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бетәлпетінен, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның кӛзімен аузы ашылып, қасы кӛтеріледі. Адам бір дегеннен не істерін білмей тұрып қалады. Мықтап үрейлене қашып кетеді немесе қорғау әрекетіне кӛшеді. Қатты қорқан кезде адамның жүрегі қозғалғандай болып қалады. Жүрегі қатты соғып денесін тер басып, шашы үрпиіп кӛтеріледі, беттің бұлшық еттері тартылып, дем алуы ӛзгереді. Даусы қарлығып кейде шықпай қалады.
Ашулану. Мұндайда адам қысылады, кӛзі жалт-жұлт етіп, дем алысы жиілейді. Адамның танауы ербиіп, бұлшық еттері қатайып жауына немесе жек кӛретін затына тап беруге дайын тұрады. Еркін, қатты қысып, тісін тістеп, касын керіп, қабағынан қар жауғандай болады. Ашулану барлық адамдарда бірдей болмайды. Оның күшті және әлсіз болуы мінезіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Ашу қысып әсіресе оның, соңғы қуаттырақ кезеңі болғанда адам ӛз мінез-құлқын бақылауды жоғалтып алады. Бұны кезінде Рим ақыны Гораций айтқандай: «қызба ашу ӛте шығатын ақылсыздық». Ашуды бастапқыда тоқтату керек,сол себепті ашулы күйге келгенін сезінген адам ӛзін-ӛзі: ӛзін ақылмен алып жүру, ӛз сезіміне ие болу, жүгенсіз эмоцияға берілмеу деген сияқты бұйрық беруі тиіс. Біздіңше бұның басқа жолын, «Гуливердің басынан кешкендері атты кітаптың» авторы Джонатон Свифтің пікірін басшылыққа алу тиімдірек сияқты: «Ашуға берілу кӛбінесе басқаның кінәсі үшін ӛзіңді-ӛзің жазалаумен бірдей». Ӛте дәл айтылған!
Табалау ыза мен қуаныштың қосынды түрі. Бұл біреуді мұқату, әшкерелеу. Ол адамға жаман сезім туғызады. Оны ызаландырып мұқатумен бірге ырза бір, кекесінмен күліп келемеждейді.
Қызғаншақтық та жағымсыз эмоциялардың бір түрі. Кейде, адамдар туралы: қызғаншақ екен, басқаның жолы болып, бақытқа ие болғанда, ол қатты күйзеледі деді. Бұндай күйзеліс жағдайында Монтеськенің ескертуі орынды: «қызғаншақ ӛзіне-ӛзі жау, ӛйткені ол ӛзі тудырған жауыздықтан сорлайды». Кім ӛзін-ӛзі қызғаншақпын деп ойлайды ғой дейсіз.Айқын түрде білінбесе де қызғаншақтық кең тараған. Мысалы: сәнге ден қойған адам менде анау, не мынау жоқ, немесе ӛз ойынша ӛзінен қабілеттсіз әрі абыройы тӛмен адам ана не мына қызметте отыр деген күйзеліске ұшырайды.Соншалықты ыңғайсыз сезім. Бұл тек қызғаншақтық және еліктеуге ұмтылыс екенін біліп жеке басының ерекшелігін жоғалтқанын сезіне отырып ыңғайсыз эмоциядан арылуға болады.
Күрделі эмоциялар. Аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, кӛніл күй жатады. Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылзса да бұлқ етіп қатты кӛрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамның бүкіл психологиялық кейпін бұзып, ерік күшін әлсіреу жағдацйда ӛтеді. (Мысалы: зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу т.б.). Аффект кезінде адамның есі шығып кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффект адамдардың жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл адамның ӛзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік жігері күшті адам, мұндай ұшқалақты лепірмелікке бармйды. Дені сау адамның аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан ауру адамның аффектісінен (патологиялық аффект) ажырату қажет. Мұндай аффектер ми қабығымен қабық асты орталықтарының байланыс бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушімен рӛлі кемігендіктен болады
Стресс. Бұл ағылшын сӛзі, шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді. Стресс ұғымын канада ғалымы Гансон Селье (1936) ӛмірге енгізген. Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым Р. Лазарус болды. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда кӛбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қиналатын болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді.
Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын стресс деп атайды. Г.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бӛлген: 1) Организмнің мазасыздануы.
2) Организмнің күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу.
3) Адам сыртан келетін нәрсеге тӛтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам ӛзінің сыртқы ортамен байланысының үнемі қадағалап реттеп отыру қажет.Стресс кезіде зейінді аудару қиынға соғып, яғни қабылдау, ес, ойлау қажеттіліктері болады. ӛте күшті тітіркендіргіштер (Мысалы: қарулы қылмыскердің шабуыл жасауы, ситуация бойынша шешімді тез, дұрыс қабылдауда қателіктер жіберіп, адамның пульсі қатты соғып, қанға адреналинің жұмысы тӛмендеп, адам дұрыс шешім қабылдай алмайды. Стресс адамның ӛмірі үшін қауіпті, бірақ та ол адамға қажетті. Стресс арқылы тұлғаның үлкен ситуацияларға бейімделу мүмкіндігі пайда болады.
Фрустрация. (латын сӛзі — жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни, тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы фрустрация туғызады.
Тілек мақсаттың жүзеге аспауының бәрі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Адам қанағаттанбау, реніш сезімін жиі бастан кешіреді. Мысалы: сабақтан кешігу, автобусқа үлгермеу, таңғы асты ішіп үлгермеу т.б бұлардың барі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Фрустрация қанағаттанбаушылық дәрежесі адамның тӛзімін тауысарлықтай болған жағдайда кӛрініс береді. Фустрацияға кӛбінесе эмоцияға берілген, қызба, ӛмір тартысында шынықпаған сәтсіздікпен қиындыққа даярлығы жоқ адамдар ұшырайды.
Құмарлық. Бұл күшті қажырлы эмоция. Құмарлық туралы Вольтер былай айтқан: «Құмарлық — кеме желкен кернейтін жел, ол кейде кемені суға батырады, бірақ онсыз кеме жүзе алмас еді».
Құмарлықтың жағымды және жағымсыз түрі болады. Жағымды түріне білім алуға, ӛнерді үйренуге, спортқа т.б. құмарлық, ал жағымсыз түріне: малға, ақшаға, атаққа байлыққа және құмар ойындарға, нашақорлыққа, ішімдікке құмарлықтар жатады. Егер, адам ӛзін-ӛзі билей алатын күш-қуат тауып, жағымсыз құмарлықтарын қоймаса, оның денсаулығы нашарлап, тіпті ӛлімге жеткізуі мүмкін. Құмарлықты сана-сезімен басқарудың рӛлін француз философы әрі ағартушысы Ж.Ж.Руссо айрықша бағалайды. Оның пікірінше: «басқара білгенде барлық құмарлық жақсы, ал оған бағынышты болғанда барлығы да жаман.»
Құмарлық туралы Флаубер былаша тұжырымдайды: «Құмарлыққа қарсы айтудың не қажеті бар? Ол ерліктің, поэзияның, музыканың, ӛнердің, қысқасы барлығының қайнар кӛзі емес пе? Ал құмарлық туралы біршама сӛз, бірақ барынша әділ айтқан Анатоль Фронс болды. «Құмарлық- тыныштықтың жауы, бірақ онсыз тіршілікте, не ӛнер, не ғылым болмаған еді.
Әрине құмарлықта сана-сезімнің белгілібір бақылауында болуы тиіс. Әйтпесе, мағынасыз бір нәрсеге құмарлық сәтінде әрект ету — дауыл кезінде теңізге жүзу дегендей,тӛтенше ескерту дұрыс болып шыға келеді. Бұл жерде тежелмеген құмарлық жӛнінде айтылып отыр.
Кӛңіл күй. Кейіпіне қарап адамды шат, жайдары, жылы жүзді, ақ жарқын, не кӛңіліне кірбің кірген, ызалы, түсі суық деп ажыратылыды. Адамның кӛніліне айнала қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, кӛніліде кӛтеріңкі болады. Кӛнілге адамның денсаулық жағдайы, нерв жүйелердің ерекшеліктері де әсер етеді. Мысалы: Адамның кӛптен ойлап жүрген ісі оңға басса немесе бір нәрсеге қолы жетсе (диплом алу, диссертация қорғау т.б) шат-шадыман күйге түседі. Керісінше ол ылғы сәтсіздікке ұшырай берсе, ӛздеген мақсатына жете алмаса, жанына қояр жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтанда «кӛңілсізден күлкі шықпас, адам кӛнілден азады»-, деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік жігері, күшті рухани ӛміріміздің мазмұны адамдар, тіпті ауыр жағдайда кӛнілді жүреді. Оптимстік жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау, ерік-жігері күшті, қажырлы адамның басты қасиеті.

Читайте также:  Проза пожелания друзьям хорошего настроения

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Эмоция мен сезімнің жалпы сипаттамасы қандай?
2. Күрделі эмоциялардың қандай түрлерін білесіз?
3. Адам эмоциясының жануарлар эмоциясынан айырмашылығы қандай?
4. Стресс, аффеккт дегеніміз не?
5. Қарапайым эмоцияларға нелер жатады?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Енекеев М.И. Основы общей и юридической психологии, М., 1996., 161-185б.
2. Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том, 490с.
3. Жарықбаев.Қ Психология негіздері, Алматы 2005ж, 293-302б.
4. Тәжібаев.Т Жалпы психология, Алматы, «Қазақ университеті», 1993ж., 212217б.
5. Намазбаева.Ж.М. Психология ,Алматы 2005ж., 227-240б.
6. Рувинский Л.И., С.И. Хохлов, Ерік пен мінез қалай тәрбиелеу керек, Алматы , «Мектеп» , 1989ж., 139-141б.
7. Крысько В.Г. Психология и педагогика схемы и комментарий, М., 1989г., 315с.

Источник

Оцените статью