Экспрессивті эмоционалды сөздер деген не мысал
Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Сіздің жауабыңыз
4 жауап
Қазіргі тіл білімінде эмоционалды (эмотив-экспрессив) сөздер сөз мағынасы-ның қыры (аспектісі) ретінде тіл білімінің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Атап айтқанда, эмоционалдық мәселесі ағылшын, француз, литва, орыс, саха (якут), қазақ, нанай, өзбек, жапон, қытай т.б. тілдердің материалдары бойынша зерттелініп, оған арнайы және жанама көптеген еңбектер арналды. Бұлар әр түрлі тұрғыдан, жеке лингвистикалық (лек-сикологиялық және лингвостилистикалық), әлеуметтік лингвистикалық, психолинг-вистикалық негізде зерттелінді. Осылардың негізгілері ретінде шетел ғалымдары К. Эрдманның, Ш. Баллидің, орыс ғалымдары В.В. Виноградовтың, В.А. Звегинцевтің, А.М. Ефимованың, Е.М. Галкина – Федо-руктың, Н.А. Лукьянованың, сондай-ақ қа-зақ ғалымдары С.К. Кеңесбаевтың, М.Б. Ба-лақаевтың, Ғ.Ғ. Мұсабаевтың, М. Томанов-тың, Б.Қ. Момынованың, Е. Жанпей-ісовтың, Х. Нұрмұхановтың, Ф.М. Мұсабе-кованың, З.К. Ахметжанованың және т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Мысалы, тілдегі экспрессивті сөздер жайында ғалым Б.Қ. Момынова былай деп тұжырым жасайды: «Көркем шығарма тілі-не талдаулар жасауды шындап қолға алған лингвистер кейінгі жылдары жаңа шығармашылық табыстарға қол жеткізуде. Сондай соңғы жетістіктердің бірі – сөз бейнелілігінің уәжділігі жөніндегі ғылыми пайымдаулар. Бейнелі немесе көркемдеуіш сөздер, экспрессиялық бояуы қою сөздер – әр жазушының стильдік тұғырын айғақтай-тын тілдік категориялар. Көркем әдебиет стилі қарастыратын экпрессиясы бар сөздердің тілдік қорымызда мол екендігі экспрессиясы жоқ я болмаса экспрессивті емес сөздермен салыстырылғанда анық көрінеді.
Сөз атаулының бейнелілігі үнемі бір деңгейде болмайды, бейнелілік бір-біріне ұқсас та болмайды. Барлық көркемдік атау-лы бір-бірінен айнымайтындай ұқсас болса, көркемдік деген ұғым болмас еді, оны зерттеудің қажеттілігі туындамас еді. Ал қажеттілікті тудыратын проза мен поэзия көркемдігі, бейнелілігі, оларды жеткізуші, сипаттаушы тілдік құралдардың, түрлі грамматикалық категориялардың және лексикалық бірліктердің сан алуандығы, бір-бірінен айырым белгілерінің айқын байқалып тұруы. Бейнеліліктің деңгейі әр жазушыда әр түрлі болатындығы өз алдына, бір жазушының шығармаларының өзінде әр қилы түрде кездеседі» [1].
Қоғамда адамдардың бір-біріне қа-рыс-қатынасы кезінде эмоционалды лекси-ка бірден-бір маңызды құралдардың біріне жатады.
Тіл біліміндегі эмоционалды сөздер деп аталатын сөздер тобы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы кезінде ерекше қолданысқа ие болады. Сол себептен олар ауызекі сөйлеу тілі мен көркем әдеби шығармалар тілінде көрініс табады.
Эмотив сөздер мен экспрессив сөз-дердің ортақ және айырым белгілері бар. Нақтырақ айтқанда, олардың ортақ белгі-лері ретінде, эмотивтің де, экспрессивтің де негізінде эмоция жатады. Ал айырым белгілері ретінде, біріншіден, олардың білдіретін мағынасынан көрінеді: эмотив сөздер еліктіру, толқытуды берсе, экспрес-сив сөздерде көркемдік, мәнерлілік болады. Екіншіден, тілдік деңгейі: эмотив сөздер сезімді, эмоцияны білдіретін тіл элементі болса, экспрессив сөздер тіл бірліктерінің семантикалық-стилистикалық белгілерінің жинақталған түрі болады. Үшіншіден, тілдік қызметі: эмотив сөздер қоршаған ақиқат болмысқа деген адамның әртүрлі көңіл-күйін, сезімін, әсерін білдіреді, экс-прессив сөздер сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын тілдің көркемдегіш құралдары арқылы бейнелейді. Төртіншіден, тілдік құралдары: эмотивтілік эмоциялық өң берілген лексика арқылы, ал экспрессивтілік тілдің барлық категориялары арқылы білдіріледі.
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі эмоцио-налды лексика эмоционалды және экспрес-сивті болып екіге бөлінетіні белгілі.
Эмоция сөзі француз тілінің emotion; латын тілінің emovere – қыздыру, толқыту сөзінен шыққан. Эмоционалды сөздер дегеніміз – сезім негізінде шыққан эмоция-лар. Эмоционалды сөздер адамның сезім өрісінің бай екендігін дәләлдейді.
Экспрессия адамның сөйлеу кезінде ғана емес, сонымен бірге ым, дене, бет қимылдары, жұмыс кезіндегі адамның барлық мінезінде пайда болады. Тілде экспрессивті элементтер мен эмоционалды элементтерді айыру, олардың өзара байланысына қарамай, функционалдылық мақсатының бөлек болуымен түсіндіріледі. Эмоционалдылық ой және ерік бір қатарда тұрады және олардың тілде қолданылу тәсілдері бар. Экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционалды болып қабылдануы мүмкін.
Тіл білімі сөздігінде «Эмоционал-дық – (лат. Emovere – еліктіру, толқыту) фр. emation – қоршаған болмысқа деген адамның әртүрлі көңіл-күйі, сезімі, әсері.
Эмоциялық өң берілген лексика ұна-ту мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы, уайым, зарығу т.б. көптеген мағыналардың қолда-нылуы. Экспрессивтілік (лат. Expressio – выражение, мәнерлілік) ағыл. Expressivity expressivite expressivitat (мәнерлілік), яғни тіл единицаларының семантикалық-стилис-тикалық белгілерінің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе сол сөз арналған адамға (адресатқа) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданы-лады. Оның фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік құралдары бар. Осы құралдар арқылы сөз сөйлеушінің психикалық, эмоционалдық күйін көрсете алатын қабілетке ие болады. Экспрессив-тілік айтылған сөзді эмоционалдық (сезім-дік) айшықты (аффекті) сөз ретінде жеткі-зеді. Экспрессивтілік құралдарын фоне-тика, грамматика, лексикология, стилис-тика және семантика зерттейді.
Бұл сөздіктегі келтірілген екі анықта-мадан мынадай нәрселерді байқауға бола-ды. Біріншіден, эмоционалдылық пен эксп-рессивтілік – бейнелі сөздердің бір деңгей-інде тұрған тілдік категориялар. Екіншіден, олар өзара байланысты, сондай-ақ жеке өздеріне ғана тән айырым белгілері де бар.
Яғни эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттан-дыруға не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күй. Сондықтан, эмоция – қоршаған ортадағы әсер туды-рушы ақпараттарды сезімге апаратын саты. Ол – сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі, адамның жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтар-лықтай маңызы бар психикалық процесс. Ең алғаш адам баласы тілді меңгере баста-ғанда табиғаттағы, қоршаған ортадағы адам эмоциясына әсер ететін жағдайларға байланысты өзінің эмоциясын бет қимылы, дене қимылы және ең бастысы сөйлеу аппараттары арқылы сыртқы ортаға шығарып отырған. Бұл алғашқы дыбыс-тарды немесе дыбыстық шоғырларды, қа-зіргі тілмен айтар болсақ, бойында эмоциясы басым тілдік элементтер – одағай мен еліктеу сөздер деп атаймыз. Тарихи тұрғыдан жоғарыдағы адамның эмоциясы арқылы шыққан дыбыстар мен дыбыстық шоғырлар сөйленімнен тілге айналуына байланысты қазіргі тілдегі эмоционалды сөздер пайда болған деп шамалаймыз. Ал эмоционалды сөздерде эмоциямен бірге сезім қатысады. Сезім адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.
Яғни, сезім жалпы ұғым болса, эмо-ция сезімді қалыптастырудағы бір сәттік күй, жалқы ұғым болады. Ал тілде экспрессивтіліктің пайда болуына эмоция, сезім және ерік қатысады. Ерік дегеніміз – адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Экспрессияның негізінде адамның саналы ойлау қабілеті жатыр. Эмоционалды сөздерде эмоция мен сезім басым болса, экспрессивті сөздерде бұлармен (эмоция және сезіммен) бірге ерік болады.
Қазақ тіл білімінде де аталмыш топтағы сөздерді әркім әртүрлі атайды. Ш.Ы. Нұрғожина, Х.М. Нұрмұхановтар эмоционалды-экспрессивті лексика деп атаса, ал қазіргі қазақ тілінің лексиколо-гиялық оқулығында мұндай сөздер тобын «экспрессивтік-эмоционалды» деп атайды.
Тіл білімі сөздіктерінде эмоционалды сөздер мен эмотив сөздер синоним ретінде қолданылған: «эмотивтік» (лат. еmovere – еліктіру, толқыту), фр. emotion – сезімді, эмоцияны білдіретін тіл элементі. Ал бұ-лардың категорияларын адамның қоршаған болмысқа деген әртүрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөздерді «эмотив» деп, адамның қоршаған ортаға деген әртүрлі әсерін білдіретін эмоцияның (кейде олар қатыспайды), сезім, ерік қатысуы арқылы, тілдің көркемдеуіш құралдары арқылы бейнеленген сөздерді «экспрессив» деп қолданамыз.
Орыс-қазақ аударма сөздігінде бұл сөздер былай аударылған: Экспрессивность – мәнерлілік, айқындық, бейнелілік; речи — сөздің мәнерлілігі. Экспрессия – мәнерлілік, дәлдік, бейнелілік; говорить с – ей мәнерлі сөйлеу. Экспрессивный, — ая, — ое мәнерлі, кестелі, бейнелі, айқын; ая – речь мәнерлі сөз; ая — лексика экспрессивті лексика. Эмоция – эмоция, сезім, әсер, жан толғанысы – радости қуаныш сезімі; — гнева ашу сезімі; интеллектуальные зияттық эмоциялар; отрицательные — жағымсыз эмоциялар [2].
Тіл білімінде сөздік құрам қабатындағы бұл сөздер барлық деңгейде де жасалынады. Қазіргі дәстүрлі тіл білімінде сөздік құрам қабатындағы мұндай сөздердің жасалу жолының негізінен бес түрі көрсетіледі. Олар фонетикада – интонация арқылы, сөзжасамда — қосымшалар арқылы, лексикада – сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуы арқылы, ал синтаксисте – сөз тіркестері арқылы беріледі.
Көркем шығармаларды оқыған кезде бұлардан басқа да адамның көңіл-күйін, ішкі тебіренісін, сезімін, яғни эмоциясын беретін сөздер бар. Олар түбір қалпында ақ ешқандай қосымшасыз, жеке тұрып адамның қандай жағдайда тұрғандығын білдіре алады. Бұларға тілдегі одағай сөздер мен еліктеуіш сөздерді жатқызуға болады. Мысалы, пахпах, ух, шіркін, уа, әттең, ойбай десек, адамның қатты қуанышын немесе ренішін байқаймыз. Бұл сөздерді адамның ішкі сезіміне, көңіл-күйіне байланысты шыққан сөздер деп атауға болады. Мысалы: «Ура! – деді санын сабалап, — Ура!, машина келе жатыр!»
Ойбай-ай, ойбай! – деп құлындаған даусы құраққа ұшты [3]
Әттең, буаз қайнаға екеуіңді жаратқан құдай да бөлек қой. [4]
Суреткер жазушы осындай сөздерді қолдану арқылы сөйлемдердің экспрессивті-эмоционалды қуатын арттырып, айтар ойын оқырмандар көңіліне бірден, нақты жеткізеді.
Р. Сыздық: «Нағыз жазушы кейіпкерін өздері беріп тұрған образға сай сөйлетеді. Кейіпкер сөзі оның бейнесін жасауға тікелей қызмет ететін көркемдік тәсілдің бірі болып саналады» дейді [5].
Ғалым Х. Кәрімов өз ойын: «Көркем мәтінді өнер туындысы ретінде зерттегенде таза – лингвистикалық әдіс-тәсілдермен шектеліп қалу жеткіліксіз.
Себебі, көркем туынды (көркем мәтін), даралық көркем стиль жазушы шығармаларының көркем құрылысы ғана емес, әр жазушының шығармаларына тән мазмұн мен түрлі ерекшеліктері. Көркем әдебиет стилистикасында шығарманың тілін оның идеялық мазмұнынан бөліп алып қарауға болмайды.
Көркем шығармада кейіпкердің көрінуіне тілдік ерекшеліктердің қосар үлесі аз емес», — деп түйіндейді [7].
Тілдегі эмоционалдылықтың семантикалық ерекшеліктерін анықтау екі аспектіде жүзеге асуы керек, біріншісі – денотативті мағына да, екіншісі коннотативті мағына. Хабарлаудың бірінші бөлігі сөздердің денотаттық мағынасымен сәйкес келеді де, ол ұғым деп аталады. Ұғым арқылы денотаттық мағына сыртқы әлеммен байланысқа түседі. Пікір алысудың екінші бөлігі сөйлеушілермен және олардың жағдайларымен байланысты болып, коннатацияға тең келеді. Оған эмоция, экспрессия және мағынаның стилистикалық компоненттері енеді. Эмоционалды сөздер семантикада негізінен денотаттық мағына мен коннотаттық мағыналарда кездеседі және эмоционалды-экспрессивті сөздердің семантикадағы орны негізінен коннотацияға тең.
Тілде эмоционалды сөздер эмоционалды емес сөздерден коннотативті мағына арқылы айқындалады.
Қазақ тілі энциклопедиясында коннотацияға былай деп анықтама беріліп жүр: «Коннотация (лат. сonnotation, connote – қосымша мағынасы бар) ағыл. Сonnotation, фр. Сonnotation – тілдік единица мағынасындағы жасырын әрі қосымша ерекше компонент; дүние туралы біліммен белгіленетін заттың эмотивті қабылдануы. Коннотация тілдік единицалардың бағалылық, эмоциялық, стильдік параметрлерімен сипатталады. Коннотация әрбір тілге тән маңызды ұлттық ойлаудың ерекшеліктерімен айқындалады. Коннотация — тіл бірлігінің эмоциялық, бағамды немесе стилистикалық рең білдіруі. Кең мағынасында: тіл бірлігінің грамматикалық және заттық – ұғымдық мағынасын толықтырып, оған экспрессивті сапа беретін бөлігі. Коннотация – сөйлеушінің тәжірибелік, тарихи, мәдени, танымдық біліміне, олардың сөз болып отырған нәрсені ұнатуы не ұнатпауына, бағалауына, стильдік деңгейге, тіл қызметінің саласына, олардың әлеуметтік қатынасына және т.б. байланысты болатын құбылыс. Тар мағынасында: коннотация тіл бірлігі мағынасының бөлігі, сол мағынаның ассоциотипті–образдық ішкі тұлғасын түсінуден туындайтын қосымша мағынасы, яғни троп не сөйлеу фигурасы болып табылады. Коннотацияның субъектілігін бір сөздің қарама-қарсы мағынада қолданыла алуынан байқауға болады. XIV ғ. аяғынан бастап коннотация термині эмоциялық бояуы бар сөздерге байланысты қолданылады [7].
Эмоционалды сөздер қарым-қатынас құралы ретінде адам сөйлеуінің барлық аясын қамтиды да, теориялық тұрғыдан көптеген тұжырымдардың негізі бола алады.
Источник
Қазақ тілі лексикасының зерттеу объектісі мен салалары. Сабақ жоспары
|
1. /Крчръ Єіыі ыхъёшърёыэы чхЁЄЄхє юсъхъЄіёі ьхэ ёрырырЁы.doc | Қазақ тілі лексикасының зерттеу объектісі мен салалары. Сабақ жоспары |
Эмоциональды – экспрессивті сөздер.
Жалпы халық тілінде көңіл-күйіне байланысты сөздер мол. Адамдардың көңіл-күйі және белгілі бір құбылыстарға қатысы, ол құбылыстарға қалай қарайтыны жайындағы сөздерді эмоциональды – экспрессивті сөздер дейді. Адамдар мен құбылыстардың көзқарасын білдіретін мынадай сөздер бар. Көсем, шешен, дана, ақын, жауыз, сұм, арам, адал т.б. Мұндағы сөздердің қуаттылығы оның өз бойындағы мәні мен реңіне байланысты. Сөздің семантикасына тән қасиетті-әсерлі, эмоциональды – экспрессивті сөздер болып табылады. Сөздердің реңі мен күйін білдіретін негізгі тәсілдер мыналар. Ол морфологиялық формалар: -шық, -ша, -ше, -сымақ, -ке, -тай, -жан, -қан, -қой, -іш, -ыш, -кел жұрнақтары зат есім сөзіне жалғанып, эмоциональдық – экспрессивті рең білдіреді. Сайып келгенде, адамның кіл-күйін, ішкі сезімін білдіретін және қасиетті жағымды-жағымсыз реакция туғыза алатын ерекшелігі бар сөздерді эмоциональдық сөздер деп атауға болады. Экспрессивті сөздер деп, көркемдеуші, бейнелеуші сөздерді атайды. Экспрессия – латынның xpressio (қазақша) көркемдеуші, бейнелеуші деген сөзінен алынған. Тілдегі экспрессивтілік дегенде айтылатын ойдың мәнерлілігі, суреттілігі және әсерлілігі деп түсіну қажет. Мұндай ерекшеліктер жеке сөзбен де, сөз тіркесімен де, түрлі грамматикалық тұлғалармен де беріледі. Мысалы: С. Торайғыровтың мына бір өлеңін алайық:
Қорлықты, зорлықпенен көрген Қамар,
Амалсыз бәріне де көнген Қамар.
Айдай әлем аузының суын құртып,
Арманда арсыздардан өлген Қамар.
Осындағы қорлық, зорлық, арсыз деген сөздер кейіпкерлердің басындағы ауыр көңіл-күйді көрсетудегі эмоциональды сөздер. Эмоциональды – экспрессивті сипаттағы сөздерге түрлі морфологиялық қосымшалар жалғау арқылы да беріледі. Мысалы: Абайдың мына бір өлеңін алайық:
Әсемпаз болма өнерге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Немесе Үйде сырдан,
Осындағы –паз, -даң, -н қосымшалары сөзге эмоциональды қасиет үстеп, мейлінше әсерлі етіп көрсетіп тұр.
Экзотикалық лексика қазақ тіл білімінде тіпті зерттелмеген тың сала. Экзотикалық сөздер баспа сөздерде жиі кездеседі. Осыған қарай олар мынадай түрге бөлінеді.
- Қоғамдық — саяси, әкімшілік – басқару ісіне байланысты экзотикалық
лексика. Мысалы: Сұлтан, Әмір, би, болыс, вазир т.б.
- Ақша, өлшем, қаражатқа байланысты: фкнт, шиллинг, крона, доллар т.б.
- Өсімдік, жәндік атауларына байланысты да экзотикалық сөздер болады.
Тірек ұғымдар :
- Экспрессия – латынның xpressio көркемдеуші, бейнелеуші деген сөзінен алынған.
- Эмоциональдық сОздер – адамдардың көңіл-күйі және белгілі бір құбылыстағы қатысы, ол құбылыстарға қалай қарайтыны жайындағы сөздер.
Сабақтың жоспары:
- Қазақ тілі лексикасының активті сөздері.
- Пассивті топтағы сөздер.
- Қазақ тіліндегі көнерген сөздер.
Әдебиеттер:
1.Болғанбаев Ә. «Қазақ тілі лексикасы» Алматы, «Рауан» 2000 ж.
2.Оразов М. «Қазақ тілінің семантикасы» Алматы, «Рауан» 1998 ж.
3.Айдаров Т. «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» Екінші
басылуы. Алматы, 1996 ж.
4.Кеңесбаев Ι., Мұсабаев Ғ. «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1991 ж.
Сұрақтар :
- Көнерген сөздер дегеніміз не және қандай түрлері бар ?
- Неолагизм деген не ?
Қазіргі қазақ тілі лексикасының актив және пассив топтары бар.
Пассив топтарға көнерген сөздер кіреді де, актив топтарға неологизмдер кіреді. Сонымен бірге негізгі сөздік қордағы термин сөздер, профессиональдық сөздер, эмоциональды – экспрессивті сөздер жатады. Бұл сөздер негізінен актив топтарға кіреді.
Көнерген сөздер өзінің тарихи орнына қарай екі топқа бөлінеді:
- Архаизмдер.
- Историзмдер.
Заттар мен құбылыстардың бұрынғы атаулары архаизмдер деп
жүргізіледі. Тілдегі кейбір сөздердің белгілейтін заттары мен құбылыстары бір жола жоғалып кетпей, олар қазір де басқа сөздермен аталып келеді.
Тілдегі кейбір сөздер өздері белгілейтін заттар мен құбылыстардың жоғалуымен байланысты көнереді де, сөздердің пассив тобына айналып, мүлде қолданудан шығып қалады. Мұндай сөздерді историзмдер деп атайды. Мысалы: шабарман, садақ, қорамсақ т.б. Сәукеле, сауын айту, кит кию т.б. историзмдер тарихи романдарда, эпопеяларда кездесіп отырады. Мысалы: М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында мынадай сөздерді көруге болады. «Абайдың келсі ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре келу, қол ұстату деп те аталады. Ең алғашқы келіс-осы». Бұл тарихи эпопеядағы келтірілген үзінділер ұрын келу, жыртыс сала келу, қол ұстату ескі әдет-ғұрыптан туған көне, пассив сөздер. Бұлар көпшілік жастарға түсініксіз, қолданудан қалып бара жатқан сөздер болып табылады. Қазіргі қазақ тіліндегі историзмдер мағынасына қарай негізінен төрт түрге бөлінеді:
- Материалдық мәдениетке байланысты историзмдер.
Мысалы: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында мынадай тіркестер
кездеседі: «Қаба жүнді қайын оқ,
Қарға жүнді, қамыс оқ»,-дегенде қаба деген сөздермен тіркесіп келеді. Мысалы: қаба жал, қаба сақал. Сондай-ақ жоғарыдағы мысалға байланысты мынадай сөздерді осы топқа жатқызуға болады. Садақ, қол оқ, адырна, қорамсақ, жебе т.б.
2.Әкімшілік басқаруға байланысты термин сөздер историзмге жатады. Мысалы: қазы, би, атшабар, болыс т.б.
3.Қоғамдық өмірге байланысты өткен дәуірдің ерекшелігінен туған сөздер историзмдерге жатады. Мысалы: ханым, ханша, ханзада, бикеш, бәйбіше, тоқал, күң т.б.
4.Қазан төңкерісінен кейін туған сөздер историзмге жатады. Мысалы: қосшы – (союз қосшы), қызыл керуен – (красный караван). Қазақ тіліндегі историзмдерді лексика – морфологиялық ерекшелігіне қарай мынадай топқа бөлуге болады:
1.Қазақтың көнерген байырғы сөздері. Олар өзара іштей үш түрге бөлінеді: а) қарапайым сөздер. Мысалы: жақ, жебе, т.б. ә) күрделі сөздер. Мысалы: ат ұстар, ат шабар. б) сөз тіркестері. Мысалы: босаға аттау, шұбар төс, үйіріңе үш тоғыз.
2.Ескі түркі тілдеріне тән көнерген сөздер. Мысалы: будун, ұлыс, ұлық, жорақ, бек, одақ, мырза.
3.Араб, иран тілінен кіріп көнерген сөздер. Мысалы: жаназа, зікір, дуа, дозақ т.б.
4.Орыс тілінен еніп, көнерген сөздер: синдикат, әсер т.б.
5.Көнерген сөздердің күрделі түрлері де кездеседі. Мұнда күрделі сөздің бір компоненті байырғы қазақ сөзі болады да, екінші компоненті ауысып келген сөз болады. Мысалы: шар айна, шар-мықты, берік деген қазақ сөзі. Ал, айна-иран тілінен енген сөз.
Неологизмдер деп, тілде жаңа ұғымдарды білдіретін тың сөздерді атайды. Неологизм сөздер жаңадан танылған құбылыстарды, жаңадан пайда болған зат атауын және жаңа ұғымды білдіретін сөздер болып табылады. Мысалы: сын, өзара сын, баспасөз, басқарма т.б. сөздер жалпы халықтық сипат алып, сөздік құрамға еніп кетті. Қазіргі өзіміз қолданып жүрген теледидар, тоңызатқыш, шаңсорғыш, балмұздақ, сая жай, оқырман, көрермен сөздер тілде әлі толық кірікпеген, жаңа қолданыстағы сөздер. Тілде не қалыптасып кетеді немесе тілден орын таппай қолданудан шығып қалады. Мұндай сөздер историзмге айналады. Мысалы: ұя-ячейка, қосшы ұйымы, өзара салық т.б. Жаңа сөздер тілдің ішкі сөз тудыру заңынан пайда болады. Қазақ тіліндегі неологизмдер төмендегі жолдармен жасалады. Неологизмдердің жасалу жолдары, белгілі бір тілдің ішкі заңымен байланысты. Сондықтан да қазақ тіліндегі неологизмдер қазақ тілінің ішкі заңдарына сәйкес жасалады.
1.Сөз мағыналарының жаңаруы арқылы неологизм сөздер жасалады. Төңкерістен кейін көптеген сөздер жаңа мағынаға ие болды. Олардың бұрынғы мағыналары жаңа ұғыммен үндесіп, жаңа тенденциямен үндесіп, шектесіп отырады. Мысалы: Талқылау сөзі бұрын иленген қайысты жұмсату мағынасында қолданылса, қазір мәселені талқылау мағынасында қолданылады. Сондай-ақ бай сөзі бұрын үстем тап өкілі ретінде қолданылса, қазір бай-молшылық кепілі ретінде жұмсалады.
2.Аффикстік тәсіл арқылы неологизмдер жасалады:
1)-шы, -ші; тілші, суретші, оқытушы т.б.
2)-шыл, -шіл; қоғамшыл, ұйымшыл т.б.
3)-шылық, -шілік; адамгершілік, жұртшылық, жауапкершілік т.б.
4)-лық, -лік, -тық, -тік, -дық, -дік; азаттық, сенбілік, айлық т.б.
5)-сы, -іс, -с; құрылыс, құбылыс, ұсыныс, өндіріс т.б.
6)-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе; бастама, міндеттеме, жазба т.б.
7)-ым, -ім, -м; айым, айналдым, қысым, шешім т.б.
8)-и; тарихи, рухани, мәдени т.б.
9)-қыш, -кіш, -ғыш, -гіш; мұздатқыш, желдеткіш т.б.
3.Қосарлану тәсілі арқылы неологизм сөздер жасалады: жұмысшы –шаруа, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси т.б.
4.Бірігу тәсілі арқылы неологизмдер жасалады. Жарыссөз, көзқарас, өнеркәсіп, қолжазба, теледидар т.б.
Бұл соңғы сөздер орыс сөзі мен қазақ сөзінің бірігуі арқылы жасалған.
5.Қысқару тәсілі жасалған неологизмдер. Тіліміздегі қысқарған сөздердің баршасы кеңес дәуірінде пайда болды: ҚазМУ, ҚазМИ, ТМПУ (Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университеті), ТОМПИ (Ташкент Облыстық Мемлекеттік Педагогика институты), пединститут т.б.
Сабақ жоспары:
- Фразеология туралы түсінік.
- Еркін тіркес.
- Фразеологиялық тіркес.
- Мақалдар мен мәтелдер.
1.Болғанбаев Ә. «Қазақ тілі лексикалогиясы» Алматы, «Рауан» 2000 ж.
2.Оразов М. «Қазақ тілінің семантикасы» Алматы, «Рауан» 1998 ж.
3.Айдаров Т. «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» Екінші басылуы.
4.Кеңесбаев Ι., Мұсабаев Ғ. «Қазіргі қазақ тілі» Алматы. 1997 ж.
Сұрақтар :
- Фразеология нені аңғартады ?
- Еркін сөз – тіркесі дегеніміз не ?
- Мақал мен мтелдің айырмашылығы неде ?
Фразеология грек тілінің phrosic (сөйлемше) және logia (ілім)
деген сөйлемдерден жасалған термин. Фразеология лексиканың бір саласы бола отырып, тұрақты сөз тіркесінің түрлерін, олардың құрамы мен құрылысын, жасалу жолдарын зерттейді. Тілдегі сөз тіркестері өзінің лексикалық ерекшелігіне қарай екі түрге бөлінеді:
2.Тұрақты фразеологиялық тіркес.
Сөздің еркін тіркесінде сөздер ыңғайына қарай әр түрлі сөздермен тіркесе береді. Мысалы: жақыс деген сөз жақсы қыз, жақсы бала, жақсы жігіт сөздерімен еркін тіркесіп келеді. Еркін тіркестің құрамындағы бір сөздің орнына сәйкес келетін басқа сөздерді қолданып айтуға болады.
Тұрақты фразеологиялық тіркестерде сөздер кез-келген сөздермен тіркесе бермейді. Белгілі бір сөздермен тіркесіп, айтылып, әбден қалыптасып, тұрақты сөз тіркесі болып келеді. Мысалы: Қой аузынан шөп алмас – деген тіркес момын деген мағынаны білдіреді. Бұл тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер сол тіркестің ішіндегі сөздермен тіркесіп барып қана тұрақты фразеологиялық тіркесін жасайды. Жоғарыдағы сөйлемнің ішіндегі қойдың орнына ешкі сөзін қойып айтсақ, тұрақты сөз тіркесі бұзылып, фразеологиялық тіркес болудан қалады. Сөйтіп, тұрақты фразеологиялық сөз тіркестері деп, әбден қалыптасып, нық орныққан, өзгертуге келмейтін тұрақты сөз тіркестерін айтамыз. Қазіргі қазақ тіліндегі фразеологиялық единицаларға мыналар кіреді:
1.Идиома мен фразалар.
2.Мақал мен мәтелдер.
3.Қанатты сөздер мен аффоризмдер. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.
Фразеологиялық тұтастықтар немесе идиомалар.
Фразеологиялық тұтастықтар деп, бөлініп ажыратылмайтын, беретін мағынасы жағынан құрамындағы сыңарлардың мағынасы мен мүлде байланыспайтын, әбден тұтасып кеткен томағай-тұйық тіркестерді атаймыз. Фразеологиялық тұтастықтардың кейде идиомалар деп те атайды. Мысалы: Үріп ауызға салғандай (сүйкімді) деген тұрақты тіркестегі сыңарлар (үріп, ауыз, салған) жеке лексикалық мағынасынан айрылып, мүлде басқа сағынаны білдіріп тұр. Сол сияқты мына мысалдарды алуға болады: Ала жібін аттамау, мұртын балта шаппау сияқты тұрақты тұтасқан фразеологиялық тіркестердің қай-қайсысын алсақ та, мағынасы өзін құрастырушы сыңарлардың ешбірінің мағынасымен байланыспаған. Біріншісінде ұрлық жасамау жайында айтылып тұр. Екіншісі мығым, мықты мағынасында қолданылып тұр.
Фразалар. Тұрақты фразалық бірліктер мен тұрақты фразалық тізбектер.
Фразалар да мағынасы жағынан бөліп ажыратуға келмейтін тұйықталған тұрақты сөз тіркестері. Фразаның мағынасы өзінің құрамындағы сөздердің негізгі мағыналарымен не бейнелі түрде келген келтірінді мағынасымен байланысты болады. Мысалы: алма, мойын, қыпша бел, қиғаш қас т.б. тіркестер де жатады. Тілдегі фразалар да құрылысына және құрамындағы сөздердің мағынасымен ұласу дәрежесіне қарай екі топқа бөлінеді:
Фразалық бірліктер деп мағынасы жағынан ажыратылмай, сөз тіркесінің бүтіндей мағынасы мен лексикалық сыңарлардың мағыналарының бірігіп тұтасуынан туатын тұрақты фразеологиялық тіркестерді атаймыз. Фразалық бірліктердің мынадай өзіндік белгілері болады.
1)Фразалық бірліктердегі сөздердің мағыналары астарлы келеді.
2)Фразалық бірліктердегі сөздердің мағыналары образды келеді.
3)Фразалық бірліктердегі сөздердің мән-мағыналары ұсынылатын негізгі түсінігімен байланысты болады. Мысалы: тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай, құмаққа алтын сырға таққандай дегенде анық, ашық, дәл мағынасы болады. Тамырына балта шабу дегенде құрту мағынасы бар. Ауырдың үсті, жеңілдің астымен дегенде, жеңіл-желпі мағынасы бар. Фразалық тізбектер деп мағынасы жағынан құрамындағы сөздердің мағынасымен байланысты, тіркесу тұрғысынан орнығып, тұйықталған сөз тіркесін айтады. Мысалы: асқар тау, шалқар көл, қыпша бел, мидай дала дегенде асқар, шалқар, қыпша деген сөздер тек аталған тіркестерде ғана қолданылады да, басқа сөздермен тіркеспейді.
Мақалдар мен мәтелдер және нақыл сөздер.
Мақал араб тілінен енген сөз, мұның мағынасы, орынды сөз, тиісті орында айтылған сөз дегенді білдіреді.
Мақал деп әрі ықшам, әрі көркем, терең ойлы, кең сезімді, мазмұнды, асқан шеберлікпен жасалып жымдаса байланысқан сөз өрнегін айтамыз. Мақалдар көбінесе екі бөлімді мағыналы болып келеді де, алдыңғысы шарт немесе пайымдау, ал соңғысында қорытынды немесе түйінді пікір айтылады:
1)Кең болсаң, кем болмайсың.
2)Әзіл айтсаң да, әділ айт.
3)Тұз астың дәмін келтірсе,
Мақал сөздің дәмін келтіреді, — деген мақалдардың алдыңғысы шарт не пайымдау және соңғысы қорытынды, түйінді пікір болып тұр.
Мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір айту бірдей келіп отырады. Мысалы:
1)Ексең егін – орасың тегін.
2)Ақыл – тозбас тон.
3)Білім – таусылмас кен.
4)Жалқаудың жанына барсаң, сылтаудың астында қаларсың.
Мәтел деп, тұжырымды тиянақталмай, жаңамалай айтылған образды, ықшам халықтық сөз өрнегін айтамыз. Мысалы:
1)Көппен көрген ұлы той.
2)Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
3)Айдағаның екі ешкі, ысқырғаның жер жарады.
4)Аузы күйген үрлеп ішеді.
5)Көрпеңе қарай көсіл.
Нақыл араб сөзі. Арабша нақыл-өсиет, мысал айту деген мағынаны білдіреді. Сөйтіп, нақыл сөздер деп, мақал-мәтелдерге ұндес, көркем, терең мағыналы қысқаша сөз өрнегін айтамыз. Кейде нақыл сөздерді қанатты сөздер деп те, афоризм деп те айта береді. Нақыл сөздер құрылысы жағынан ықшам, әрі көркем, әрі айтуға жеңіл болуы керек. Мұндай сөздерді ақын-жазушылардың шығармаларынан кездестіруге болады. Мысалы: Абайдың: «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың секілді су ағар». С. Мұқановтан: «Адамның ішкі сезімінің айнасы – көз».
М. Әуезовтың: «Ар жазасы – бар жазадан ауыр». Нақыл сөздер өзара іштей мынадай топтарға бөлінеді: 1)Афоризмдер, 2)Қанатты сөздер, 3)Өсиет, даналық сөздер. Мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін мақал-мәтелге ұқсас айтуға оңай, көркем сөз тіркесін афоризм (нақыл) сөз деп атайды.
Ал, қанатты сөз айтайын деген ойды қысқа, көркем түрде білдіріп, әуен ырғағы бар, ел аузында жатқа айтылып кеткен ұтымды сөздер тізбегі болып табылады. Мысалы: «Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің» (Абай). Ал, өсиет, даналық сөздер тобына қысқа сөзбен көп ойды білдіретін, ашық мағыналы, үгіт насиаттық қызметті атқаратын аталық, даналық сөздер жатады. С. Мұқанов былай дейді: «Жақсылық жолға келе жатып, жаман әдет көрсетпе». Осы қанатты сөздерді және өсиет, даналық сөздерді ғылыми әдебиетте дидактикалық сөздер деп атайды.
Орыс тілінен аударма арқылы енген фразеологиялық тіркестер.
Қазақ тіліндегі мына сияқты тұрақты сөз тіркестері орыс тілінен аудару арқылы жасалған:
1.Орыс тіліндегі жалпы мағынасы беріліп, аударылған фразеологиялық тіркестер: а) Ни с того, ни с сего – Айқай жоқ, тоқай жоқ. ә) Своя рука влодыка – Қазаншының еркі бар, қандай құлақ шығарса. б) Из мухи делать слона – Түймедейді түйедей ету.
2.Қазақ тіліндегі байланысы арқылы аударылған фразеологиялық тіркестер: 1) Что посешь, то и понсешь – Не ексең, соны орасың. 2) Семь раз отмерь, один раз отрежь – Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Қазіргі қазақ тілі лексикасының активті және пассивті топтары.
Тілдің сөздік құрамында екі қабат (пласт.) болады. Оның бірі – тілдің актив сөздігі екіншісі – тілдің пассив сөздігі.
1.Тілдің актив сөздігі деп жалпы халықтық мәні бар, күнделікті өмірде жиі қолданылатын, үйреншікті сөйлеушінің бәріне таныс сөздерді айтады. Негізгі сөздік қордағы сөздер актив сөздіктің негізі болады. Сонымен қатар актив сөздікке термин сөздер, профессиональдық сөздер, эмоциональды-экспрессивті сөздер де жатады.
2.Тілдің пассив қабаты деп күнделікті өмірде сирек қолданылатын, өмірде қажеті шамалы сөздерді атайды. А) көнерген сөздер; Ә) тілге әлі еніп (қолданылмаған) қалыптаспаған, жалпы халықтық қолданыс таппаған неологизмдер жатады. Тілдің актив және пассив қабаты бір-бірімен үнемі байланыста болады.
Фразеологизмді экспрессивті – стильдік мәніне қарай топтау.
Қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдерді экспрессивті-стильдік мәніне қарай үш топқа бөлуге болады:
1.Стильаралық (бейтарап) фразеологизимдер.
2.Сөйлеу тілінің фразеологизмдері.
3.Жазба тіл фразеологизмдері.
1.Бейтарап фразеологизм деп барлық стильдерде қолданыла
беретін тұрақты сөз тіркестерін айтады. Бұлар құбылыс пен объективті шындықтың атын білдіріп, ешбір экспрессивті бояусыз жалпылама қолданыла береді. Мысалы: көзәйнек (көзілдірік) ас қазан, құс жолы т.б.
2.Сөйлеу тілінің фразеологизмі ең алғаш ауызекі сөйлеу тілінде
қолданылып, жалпыға танылған жазу-сызу өнері болмаған ерте кезед-ақ қазақ халқы өзінің тұрыс тіршілігі, кәсібі сияқты неше алуан бейнелі, түйдекті сөз тіркестерін тудырып отырған.
Сөйлеу тілінің фразеологиясы күнделікті тұрмыста, ауызекі сөйлеу тілінде қолданылады. Сонымен бірге көркем әдебиеттің кейіпкер тілінде белгілі дәрежеде пайдаланылады. Сөйлеу тілі фразеологиясы біріншіден, құрамына қарапайым әзіл-оспақ, мәндегі сөздерді ендіреді. Мысалы: Тым дәндиіп кету, індеріне су құю, қаннен қаперсіз т.б.
Екіншіден, сөйлеу тілінің фразеологизмі өз құрамына енген сөздің көбіне біреуінің мағынасы күңгірттеніп, өлі (сөздер) түбір сөздер болып келеді. Мысалы: парын айыру, дүрсе қоя беру т.б.
Жазу тілі негізінде көптеген жаңа нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер және түрлі фразалық тіркестер жасалып, қалыптасып, фразеологиялық қорымызды байытады. Жазба тіл фразеологизмі өзінің негізгі ерекшелігіне қарай үш топқа бөлінеді: 1)Поэтикалық фразеологизм. Мысалы: сүмбіл шаш, ая көз, құралай көз, қырмызы гүл т.б. 2)Публицистикалық фразеологизм. Мысалы: аталық қамқорлық, сара жол, отандық сезім, қызу кірісу т.б. 3)Терминдік фразеологизм. Мысалы: өндіргіш күш, материалдық-техникалық база, үнемнің үлесі, еңбек өнімділігі т.б.
Тірек ұғымдар :
- Фразеология – грек тілінің phrosic (сөйлемше) және logia (ілім) деген сөздерінен жасалған термин.
- Мақал – араб тілінен енген сөз, мұның мағынасы орынды сөз, тиісті орында айтылған сөз дегенді білдіреді.
- Мәтел – тұжырымды тиянақталмай, жанамалай айтылған образды, ықшам халықтық сөз өрнегі.
1.Қазіргі қазақ тілі лексикографиясының қалыптасуы.
2.Лексикографияның даму тарихы.
3.Қазақ тілі сөздіктерінің түрлері.
1.Болғанбаев Ә. «Қазақ тілі лексикалогиясы» Алматы, «Рауан» 2000 ж.
2.Оразов М. «Қазақ тілінің семантикасы» Алматы. «Рауан» 1998 ж.
3.Айдаров Т. «Қазақ тілі лексикалық ерекшеліктері» Екінші басылуы.
4.Кеңесбаев Ι., Мұсабаев Ғ. «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1996 ж.
Сұрақтар :
- Лексикография дегеніміз не ?
- Лексикографиялық принциптерді ата ?
- Лингвистикалық сөздіктер туралы пікірің ?
Лексикография грек тілінің lexis (сөз) және grapho (жазамын) деген сөздерінен жасалған термин. Лексикография деп белгілі бір тілдегі сөздіктердің жиынтығын атайды. Яғни, лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді анықтайды.
Сөздік жасау жұмысы лексикографиялық жұмыс болып табылады. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әр тұрлі сөздіктерді жасау лексикологиясы және лексикографиясының теориясы мен практикасын жете білуді қажет етеді. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздіктерді оның негізгі характеріне қарап, мынадай төрт түрлі топқа бөлуге болады. Яғни классификация жасауға болады:
1.Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы
туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға мыналар кіреді: а)этимологиялық сөздік; б)тарихи сөздік.
2.Қазіргі тілдегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Оларға мыналар кіреді: 1)түсіндірмелі сөздік, 2)аударма сөздік, 3)терминологиялық сөздік, 4)диалектологиялық сөздік, 5)фразеологиялық сөздік, 6)синонимдер сөздігі.
3.Сөздердің дыбыстық құрылыс пен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер: 1)фонетикалық сөздік, 2)орфографиялық сөздік, 3)орфоэпиялық сөздік.
Источник