Экспрессивті эмоционалды с здер мысал

Экспрессивті эмоционалды сөйлемдердегі одағайлардың қызметі

Эмоцияның туу себебінің өзі сыртқы дүниенің субъектіге тигізетін әсері болып табылады. Сол әсердің нәтижесінде субъект күледі, ашуланады, ызаланады, ләззат алады немесе тамсанады. Осы әсерлердің негізінде адамдардың түрлі дыбыстар шығаруынан пайда болған сөздер тобына қазіргі қазақ тілінде одағайлар деп танылып жүрген сөздердің негізгі бөлігі жатады. А. Байтұрсынұлы одағайлар жөнінде: «Кей сөздер басқа сөздерден оңаша, одағай айтылады. Мәселен, апырым-ай, шошып кеттім ғой. Айқай-қай! Жаным жаңа райыс тапты ғой. Ай-қай! Менің өз үйім, кең сарайым боз үйім. Әлдиәлди! Ақ бөпем. Пай-пай! Қалай аяңдайды? . Осылай айтылатын сөздерді одағай сөздер дейміз. Одағай сөздер қазақ тілінде көп. Қуаныш, реніш, күйініш, уайым, қайғы жан күйзелгенде, тән күйзелгенде, жан рахат тапқанда шығатын дыбыстар, дауыстар, айтылатын сөздер», деп жазады [1, 168].

Одағайлар негізінен түрленбейтін сөз табы. Олардың өздеріне ғана тән жұрнақтары жоқ. Олар субстантивтенген кезде болмаса жалғауды да көп қабылдамайды. Одағайлардың лексикалық мағынасы субстантивтенген кезде айқындалады. Мысалы,

Әне Бәзікен тағы да өзінің белгілі көйгөйіне басты (С. Мұратбеков).

Кейбір одағайларларға -ла/-ле; -шыл/-шіл

жұрнақтары жалғанады. Мысалы,

Сатан ауылда біраз жатты. Жатқан құрлы жаны шықты. Ауылдың «аһлауы», «уһлеуі», өсегі, «келіп қалыптысы» көңілін көтертпек түгілі ауруға айналдырды (І. Жансүгіров).

Ай жарық. Таң ұзақ. Келіншекте ұйқы жоқ. Төсекте әлденеше аунап, төңбекшиді. Андасанда уһлейді (І. Жансүгіров).

Осы сәт жолды көлденең кесіп өткен арық кездесіп қап, Көкбай қолын еріксіз тартып алып, машина жүрісін кілт баяулатқан, арттарынан ілескен қалың шаң лап етіп кеп өздерін басып қалды. Екеуі де өмірінде мұндай шаң көрмегендей «Фу-фу-ласып» біразға дейін өп-өтірік пысқырынып-түшкірінумен болды (С. Мұратбеков).

Келтірілген мысалдағы «Фу-фу-ласып» тілдік бірлігінде одағайға -ла ; -с; -ып жұрнақтарының жалғануы қалың шаң қапқан екі адамның қимылын ортақ етіс формасында беріп қана тұрған жоқ, сонымен қатар айтушының сол ісәрекетке деген жағымсыз эмоциясын да көрсетіп тұр. Жағымсыз эмоцияны көрсетуде микромәтіндегі одағайдан басқа тілдік бірліктердің қызметін де жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, өмірінде мұндай шаң көрмегендей, өп-өтірік пысқырынып-түшкіріну.

«Қазақ грамматикасында» көңіл күй одағайлары әрі жағымды, әрі жағымысыз көңіл күйді білдіре алу қасиетіне қарай іштей үш топқа бөлініп беріледі. Жағымды көңіл күйді білдіретін одағайлардың қатарында Алақай! Ура! (қуаныш, шаттану). Һа! Пах-Пах! (сүйсіну, таңдану), Оһо! «таңдану) т.б. аталады. Бұл бөліністі шартты деп тануға болады себебі тіл қолданыста түрліше құбылуы, қолданушының мақсатына қарай түрлі мағынада жұмсалуы мүмкін. Мәселен, жағымды эмоцияны, оның ішінде құптауды, қолпаштауды, мадақтауды, мақтауды, рух көтеруді, көңілін көтеруді, сүйсінуді, разылық сезімді білдіру үшін қолданылады деп есептелінетін Бәрекелді одағайы жағымсыз реңкте де жұмсалатындығын көркем әдебиеттен алынған тілдік деректер көрсетіп отыр. Мысалы,

Бұл профессордың әлденеден қатты түңілген кезінде ғана аузынан шығар сөз еді. Шарасы таусылғанның, басқа айтары қалмағанның белгісі (М. Мағауин).

  • Бәреукелді. Бәреукелді.– деді профессор. – Бұл айтып тұрғаның сөз емес. Демігіп, иегі мен маңдайына дейін қып-қызыл боп кетті (М. Мағауин).

Одағайлардың кейбіреуі, оның ішінде ура, алақай одағайлары адамның қуанышын, шаттану сезімін білдіру үшін, яғни бір мәнде ғана қолданылады. Мысалы,

  • Өй, алақай-ай!Хат екен ғой! (Ж. Аймауытов).

Ал енді біреулері қандай жағдайда, қай контексте, қандай интонациямен айтылғандығына байланысты түрлі мәнде жұмсалады. Біреуге өштескенде, зіл көрсеткенде, кіжінгенде айтылатын Бәлем! одағайы болашақта істелетін ісәрекетті аңсап-армандап, қайтсе де іске асыруды көздеп, алдына мақсат қойған кезде де айтылады. Бұл қолданыстағы Бәлем! одағайы айтушының көздеген ойын жеткізу мақсатындағы сөйленісіне эмоционалды-экспрессивті реңк береді. Мысалы,

Читайте также:  После переедания чувство нехватки воздуха

Бәлем, ержетіп ақша табайын, сол кезде болсын! (С. Мұратбеков).

Бірнеше мәнде жұмсалатын одағайлар тіл білімінде көп мәнді одағайлар деп аталады. Мәселен, беймәлім адамның кім екенін білу, кей жағдайда оны қорқыту, жасқанту үшін жұмсалатын әй одағайы одан басқа да бірнеше түрлі мәнде қолданылады. Мысалы,

  • Әй, осы, байға ти дегеннен басқа не оқытты дейсің (С.Мұратбеков) –мазақ қылу, келемеждеу.
  • Әй, соны қойшы, – деп Халима ернін тыржитты (С.Мұратбеков) – менсінбеу, жақтыртпау.
  • Әй, байыңа айтам ғой (С.Мұратбеков) –әзілдеу, қорқыту.
  • Әй, мынаның қорлығы-ай!–кею.

Қазақ тіліндегі әй одағайымен келетін әй дер әже, қой дер қожа жоқ тұрақты тіркесі тыйым болмады, бетімен кетті мағыналарын, ал әй кәпір атанбады тұрақты тіркесі жек көрінішті болмады, сүйкімі кетпеді мағынасын береді.

Біреудің зейінін аударту мақсатында жұмсалатын уай одағайы да әр түрлі эмоциялық реңкті білдіреді. Мысалы,

Аздан кейін біреу жатып:

  • Уай, сен Біржаннан білетінің болса, айтшы!– деді.
  • Біржанның «Жаймашуағын» айтпасам, көп білмеуші едім, – деді әнші (Ж.Аймауытов).

– Уай, қойшы! Сен марксші боп жарытпассың, – деп төсекте жатып Балташ кекей сөйледі (Ж. Аймауытов).

Басқа сөз таптарымен салыстырғанда одағай сөздер интонацияға, эмоционалды құбылмалылыққа өте бай. Кейбір одағайлар бір ғана дыбыстан тұрады. Дауысты дыбыстардың ішінде а, ә, и, о, ы дыбыстары одағай мәнінде жұмсала алады. Мысалы,

– И-и. – деді тітіркеніп. Көзін ашса, қарсы алдында Бердібектің үстіне бір елі түкті тері жабысқан қалың қара еріндері әлі тұр екен (М. Мағауин).

Көп жағдайда біреудің айтқан сөзін естімей қалған кезде немесе өзін атаған кезде жауап түрінде жұмсалатын а, ә одағайлары да көп мәнді одағайлардың қатарына кіреді. Мысалы,

Қолға түскен-ау, ә, ақымақтар. (С. Мұратбеков) – ренжу, өкіну.

Тағы біраз жүргеннен кейін Моторбай мырс етіп күліп қойып: – Қуанып кеттің-ау деймін, ә, ұрлық иесінің табылғанына? – деді кекесінмен (С. Мұратбеков) – кекету.

Жиі қолданылатын көпмәнді одағайлар:

Бәсе, Серікбай ту бие әкеп, пәленбай жәшік арақ алып соншама неге бүлінді десем, ішінде осындай бүкпесі бар екен ғой. (М. Мағауин) – көзі жету.

– Е, бәсе, – дейді шешей маған риза болып

(М. Мағауин) – риза болу.

Япыр-ай! Бұл қызды енді қайтсе екен? Көзін қайтіп жойса екен? Буындырып өлтірер ме еді? (Ж. Аймауытов) – күйіну.

Читайте также:  Факторы эмоционального состояния человека

Апыр-ай,енді Мәкең сияқты өнерпаз адамның алдында ән айту да, домбыра шерту де қиын (Қ.Жұмаділов) қысылу.

– Ойпырмай, асауға жүгенсіз мініп мына Шымырбайдың баласы жүрек жұтқан екен (С. Мұратбеков) – таң қалу.

Апыр-ай, жақсы ән еді, – деді Бердібек

(М. Мағауин) – өкіну, қимау.

– Тіфу! – деді Едіге жиіркеніп (М. Мағауин)

Тфу, ең оңбаған, ең жексұрын адам онда (С. Мұратбеков) – жек көру, көңілі қалу, түңілу. Адам эмоциясының түрлі реңкін бере алатын, яғни көпмәнділік қасиетке одағайлар сөйлеу жағдайы, сөйлемдегі контекст және интонация арқылы ие болады. Көпмәнді одағайлардың әрқайсысы жұмсалу ыңғайына қарай әр түрлі интонациямен айтылады. Интонация сөздің, сөйлемнің неше алуан құбыла айтылуын қамтиды, бірақ ол құбылыстарды жазба мәтіндегі нұсқада толық беру мүмкін емес. Тек сұраулы, лепті сөйлемдерді тыныс белгілері арқылы

ажырата аламыз. Тілімізде сөйлем түрлері интонация арқылы да жасалады, интонация сөздің мағынасын да өзгертіп жібереді. Сондықтан интонацияны әрі фонетикалық, әрі морфологиялық, әрі синтаксистік тұрғыда тануымыз керек. Төмендегі екі сөйлемдегі ойбай одағайларының интонациялары бір-біріне мүлде ұқсамайтыны сөзсіз.

    • Ойбай, ат шешіліп кетті!(І. Жансүгіров)
  • үрейлену.
    • Ойбай, мен жүрейін, қош, қалқам!(І. Жансүгіров) – алаңдау, асығу.

Көпмәнді ойбай одағайының интонациясы жайында «Қазақ грамматикасында»: «Ойбай! одағайы үрку, шошыну мағынасында жұмсалса, онда екпін бірінші буынға қойылады да, сөздің өзі жұлып алғандай, тез, жылдам айтылады. Егер таңырқау, таңдану мәнінде жұмсайтын болсақ, онда екпінді, керісінше, соңғы буынға ауыстырып соңғы «а» дыбысын мейілінше созып айтамыз (ой-ба-а-й)» [9, 566].

Бір нәрсені тыю үшін айтылатын тәйт одағайы зекіру, жекіру, жек көру, ұнатпау мағыналарын да береді. Мысалы,

– Өй, мынаған не болды сонша. Тәйт әрі! –

деді Әзиев қабағын түйіп (С. Мұратбеков).

Көңіл күйге қатысты қолданылатын одағайлардың ішінде А! О! Ә! И! Ы! Ай! Ау! Аһа! Ой! Пай! Қап! Бәсе! Мә! Ту! Түу! Ыһ! сияқты одағайлар әрі қарай бөлшектеуге келмейін түбір, негізгі одағайлар қатарына жатады. Мысалы,

Түу, не деген қорқынышты дыбыс (С. Мұратбеков).

  • Ту, жалмауыз-ақ екенсің ғой, өзің де, – деп қарқылдап күлді Сәмбет (С.Мұратбеков).
  • Несі бос сөз.Менің өлейін деп отырғаным мынау. Шай қайнатып беруге де шамам келер емес, – деді кемпірі.

– Ыһ. Баяғыда қосыларда кәрісініп ең, жарамауға айналдың ба. Кемпір жауап қатпай самауырды алып шығып кетті (Т. Әбдіков)

  • кекету, мазақ қылу.
  • Ой, екеуі де тоғайдың мәстегі екен.Біздің жерді жерсінбей өліп қалады. Керегі жоқ, – деді (І. Жансүгіров) – менсінбеу, көңілі толмау, қарсылық білдіру.
  • Ай, осы ит асау ит қой деймін!– деді Жексенбек (І. Жансүгіров) – күдіктену.

Ау, өзінің қызындай ғой (С. Мұратбеков) –

назалану, күйіну, жақтыртпау, ренжу.

Аһа. Несіне жетісіп ішем деп ойлады содан соң. Ненің қуанышына? Ненің құрметіне? Аһа. Өзімнің махаббатымның жаназасына. махаббатымның жаназасына ішем. Жетісіне де,

қырқына да, жылына да ішем (М. Мағауин).-күйіну.

Читайте также:  Когда стали изучать эмоции

Көңіл күйді білдіретін күрделі одағайлар қатарына бірнеше сөздерден біріккен, қайталанған, қосарланған одағайлар кіреді. Мысалы,

– Бәтшағар, жын қуып келе жатқандай. (М. Мағауин) – жақтыртпау.

Мәссаған, қосауыз мылтық асынып алыпты

(С. Мұратбеков) – таң қалу

Түге! Әлден соң Тоқаның әлгі қылығы ішіне сыймағандай Айекең тағы сөйледі (С. Мұратбеков) – жақтыртпау.

Сезімнің күштілігіне қарай одағайлар қайталанып, қосарланып та қолданылады. Мысалы,

Ой! Ой, ой. – деп сасқалақтаған Жанай оны басынан, иығынан сипап жұбата бастады.

  • Қой, қой.(С. Мұратбеков) – сасқалақтау, шарасыздық таныту.

Тағы да ұра ма деп қорғаншақтаған Моторбай:

  • Өй, өй.– деп сасқалақтап күле берді

(С. Мұратбеков).сескену,қорқу.

  • Қой, ей .мыналар қайтеді,ей? – деп Дәнеш әйелін қызғанған болды (Қ. Жұмаділов). – қуану, риза болу.

Әр түрлі одағайлардың қатар қолданылуында семантикалық сәйкестік болады. Жағымды эмоция кезінде Ура! Алақай! одағайлары, қатты өкінгенде Қап! Әттең! одағайлары, қиналғанда Аһ! Оһ! Аһ! Уһ! одағайлары, қошеметтегенде, риза болғанда Уа! Пәлі! Ай! Пәлі! одағайлары қатар қолданыла береді. Мысалы,

  • Уә, пәлі, өркенің өссін, қарағым.Бәсе, сөйтейік те (С. Мұратбеков).

– Ай, бәлі! деп жігіттер көтеріліп қойды

Қыстың аяқ кезінде, Өрік ақсақалды әбден өзіме қараттым ғой деп, сенімі күшейген кезде, Ақбілектен ақтық көңілін шығаруға, екі қабат екенін естіртті. Ақсақал аяғының астынан аю шыға келгендей, шошып кетті:

– Аһ! Оһ. Қой. Қой. Өй. Өй. – дей берді. Қатын жанын беріп сендірді. «Оны азсынсаң» дегендей, босанатын мезгілі де таяу екенін білдірді (Ж. Аймауытов).

Адам эмоциясына қатысты жұмсалатын одағайлар сөйлемнің тек басында ғана емес басқа шенінде де қолданыла береді. Мысалы,

Шыбын жаны құрғырды ойлай беріппін-ау, япыр-ау! (Ж. Аймауытов).

– Дау-шар десе жанып кетеді-ау шіркін. Осындайды ізденіп жүреді ғой, түге. Әй бұлар ма. (С. Мұратбеков).

Адамның әр алуан күйін көрсететін құрамында одағай сөздер бар ойбай салды, аһ ұрды, ай-шай деспей, ай-шайға қарамай сияқты тұрақты тіркестер ауызекі сөйлеу стилінде, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Құрамында одағай сөздер болғанымен бұл тіркестер түгелімен одағай сөздерге жатпайды.

Эмоцияның күштілігі қолданыста одағайлардың де етістігімен тіркесуі арқылы жасалған тілдік бірліктер арқылы да білдіріледі. «Одағайлар көбіне де етістігімен тіркесе келе, кейбір жағдайда сол етістікпен өзара жымдасып, мағыналық жағынан өзгеріске ұшырап, одағай категориясынан ауысып кетеді. Мысалы, Я деген! Уа деген! Апырай десе! Ой десе! Бәсе деймін! сияқты тіркестерді мағына жағынан бөлшектеу қиын» [2, 567]. Мысалы:

Апырай, бәсе деймін-ау осы нәрсе манадан бері біздің ойымызға не қып келмеген?!десіп жігіттер қуанысып қалды (Қ. Жұмаділов). Қорыта келгенде адамның түрлі эмоцияларын білдіруде одағайлар арқылы жасалған экспрессивті құрылымдың рөлі зор.

  1. Байтұрсынов А.Тіл тағлымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
  2. Қазақ грамматикасы.– Астана, 2002. – 784 б.

Источник

Оцените статью