Баламен эмоционалды байланыс орнату т сілдерін талдау ойын жатты улар жоспарлау

Мектеп жасына дейінгі балаларлың эмоционалдық көңіл-күйінің дамуы.

Қазіргі психологиялық — педагогикалық теорияда мектеп жасына дейінгі баланың жағымды эмоцияларын дамыту тек кәсіби мамандыққа ғана байланысты емес ол, тәрбиешінің жеке дербес қасиеттеріне де байланысты деп тұжырымдаған. Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше қарым-қатынастар талап етіледі. Олар өте мейрімді, нәзік, өте сенгіш келеді. Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды деп ойлаймын. Топта балаларға жақсы және жайлы болу қажет.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балаларлың эмоционалдық көңіл-күйінің дамуы.»

Мектеп жасына дейінгі балаларлың эмоционалдық көңіл-күйінің дамуы.

«Тәрбиенің құдіреттілігі – ол жеке тұлғаның

жанды қайнар бұлағынан байқалады».

Қазіргі психологиялық — педагогикалық теорияда мектеп жасына дейінгі баланың жағымды эмоцияларын дамыту тек кәсіби мамандыққа ғана байланысты емес ол, тәрбиешінің жеке дербес қасиеттеріне де байланысты деп тұжырымдаған. Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше қарым-қатынастар талап етіледі. Олар өте мейрімді, нәзік, өте сенгіш келеді. Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды деп ойлаймын. Топта балаларға жақсы және жайлы болу қажет.

Ерте жас шамасындағы сәбиді тәрбиелеуде ешкім де анасын алмастыра алмайтыны туралы ұмытпау керек. Сондықтан, тәрбиеші – психолог оларды ананың тұлғасындай жұмыс істей білу керек. Мысалы, шығармашылық жұмыстарды баламен бірге анасына көрсету үшін істеу керек деп, балаларға айтып отырған жөн. Ата — анасының сенімділігі арта түсіп балаға деген анасынан басқа да сүйіспеншіліктер оятады деп ойлаймын.

Баланың эмоционалды көңіл – күйі саласының психологиялық диагностика әдістері өте көп. Психологтың көмегімен психологиялық диагностика қолданылуы керек. Бірақ бұл әдістердің барлығын пайдалану мүмкіншілігі бола бермейді.

1. Тәрбиешілер тестеудің нәтижелерін дұрыс түсіндіріп беру үшін жеткілікті психологиялық дайындықта болуы қажет.

2. Тәрбиешіге тестің нәтижелері жиі үрейлі немесе қияңқы балалардың тобы көрсеткішінде жеке балаға деген қарым – қатынасқа әрекетсіздікке әкеп соғады.

Диагностиканың нәтижесі осы жағдайда үлкен қаталікке әкеліп соқтырады. Эмоцианалдық көңіл – күй пайда болуын бағалауда Г.Степанова баланың іс – әрекет реакцияларын ескере отырып бес балдық шкала жасаған. Бұл шкала бойынша баланың эмоциялық күйін бағалауға болады.

Мектепке дейінгі балалық шақ – денсаулықты қалыптастыру және жеке тұлғаның дамуындағы адамның өміріндегі ең маңызды кезеңі. Сонымен қатар – бұл кезде баланың айналасындағы ересектерге, яғни ата-аналары мен тәрбиешілерге тәуелді деп ойлаймын. Келеңіз жағдайлар, жүріс – тұрыс, әлеуметтік және эмоционалдық мәселелер зардаптылары баланың болашағына тікелей әсерін тигізеді. (баланың құқығы және басының қасиеті.)

Баланың іс – әрекетің сипаттайтын ең маңызды салалардың бірі – негізінде нормалар және ережелердің меңгеруі оның әлеуметтік дамытуы болып табылады: бір жағынан, баланың заттық әлемнің қағидаларын түсінуі қажет. Екінші жағынан – адамдарға деген қарым – қатынастың ережесі. Бұл процессте баланың мінез – құлқының эмоционалды күйзеліске ұшырауы ата – аналары мен айналасындағылардың кері әсерінен тууы мүмкін. Мінез – құлық эмоционалды күйзеліске ұшырайды. Баламен ананың қатынастардың бұзушылығы, қолайсыз психологиялық ахуал тағы басқалар патологиялық факторлар неготивті факторлардың бір қатарының әсерімен бірақ балада әлеуметтік – эмоционалды сәтсіздіктің белгілері қалыптасады. Орыныз теріс эмоциалар болады, жеке организиніңдамуының процессіне кері әсер етеді. Демек, тәрбиешілер мен психологтардың алдында осыған байланысты балаларды өмірге деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамға және жеке адам басындағы қайғырулар, басқа адамдардың сезімінде елең ету. (оған көмекке келу, қуану және қайғыру.)

Өз эмоцияларымен басқара білу – мектепке дейінгі жастағы балалардың ең басты жетістігі. Сондықтан эмоционалдық функция ол мектеп жасына дейінгі баланың орталық психикалық функциямен деп аталады және соған еріксіз түрде айналады.

Л.С. Выготскийдің айтуынша «Мектепке барғанша баланың эмоционалды – реакциялары, баланың мінез – құлығына тікелей үстемшілдік етуін жоғалтады. Бала өз эмоцияларымен басқаруды үйренеді.» Бұл, алайда, мектеп жасына дейінгі мерзімнің соңғы кезінде қызу өмірдің жеткілікті тәжірибесімен ғана ие болатындай жағдай болуы мүмкін.

Ұлы педагогтардың пікірінше, мектепке жасына дейінгі баланың эмоционалды көңілінің дамуы оның тәрбиесінің ең маңызды шарттарының бірі болып табылады. Мектепке жасына дейінгі баланың эмоционалды күйзелуі болашақта жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қауіп – қатар тудырады. Баланың ішкі эмоция көңіл – күйінің қатынасы әлеуметтік жағдайы даму үшін ықпал етеді.

Міне осыған орай мектепке жасына дейінгі баланың эмоционалды, әлеуметтік және адамгершілік жағынан дамуытығыз байланысты деген ұғым қалыптасады. Қазіргі заман педагогика ғылым тұрғысынан қарасақ баланың

әлеуметтік – эмоционалды дамуы ол мектепке жасына дейінгі баланың өте күрделі социализациялық мәсселесі.

«Социализация – әлеуметтік ортаға баланың бейімделуінің күрділі, көп жоспарлы процессі. Бұл мәдениеттену, адамгершілік құндылықтардың жүйелері.

Мынадай негізгі мақсаттар ерекшеленеді:

1.Мектепке дейiнгi ересек жас балаларының әлеуметтiк және эмоцияналды салаларының жұмыстардың мазмұнын анықтау..
2.Балалармен жалпы дәстүрлер, адамгершілік қағидалары туралы ойластыру және өткізу.
3.Бала-бақшада баланың бейiмделуi қалай болады?
4.Баланың бақшаға алғаш келуі ол бала организмі мен психикасы үшін өте күрделі процесс.

Ол шынымен жаңа кезеңге өтедi, организмның дамытуы үшiн жаңа шарттар енгізіледі.
Мамандар баланың балабақшаға бейімделуінің (адаптация) 3 негізгі түрлерін ерекшелейді: жеңiл, орташа және ауыры.
Жеңiл бейiмделуі — балабақшаға келудің алғашқы күнінен бастап баланың тәбеті төмендеп, балалармен ойнауға ниеті жоғалады, бiрақ бұл бастапқы 10-20 күндей болады. Ата-аналар баласының бiрiншi айда кенеттен ауыратынын есте сақтауға керек, бiрақ ауру зардапсыз 7-10 күннен аспайтын түрде өтедi.
Орташа ауырлау бейiмделуi — балалардың эмоционалдық көңіл-күйі нормада (20-40 күндерден кейiн) ұзақ мерзiмнен астам келедi. Алғашқы екi ай бойы балада тілдік немесе физикалық белсендiлiктiң нақтылы өзгерiстерi байқала алады. Бұдан басқа, балаларда 30-40 күндерде салмақтың ептеген жоғалтуы байқалады.
Баланың ауыр бейiмделуi — (пневмония, бронхиттер, құлақтың қабынуы және тағы басқалар) кедергiлермен ағатын көп ауруларда (бала көп жылайды, анасынан ажырағысы келмейдi, отыруға арналған жағдайда ұйықтайды, бұғады, мiнез-құлықтағы табанды өзгерiстерi болады. (өсу, салмақ) физикалық көрсеткiштер де, зерделi дамыту да ауыр формасы бар балалардың бейiмделулерiнде балабақшада кенет баяулайды. Егер баланың күйi 60 күннен астам бiр ыңғайланбаса ата-аналар шара қолдану керек.

Читайте также:  Когда человек чувствует душевную боль

Психологтар баланың бейiмделуiн жеңілдету үшiн бірнеше негізгі жаттығуларды қабылдауына көңіл бөлу керек.
Баланы бақшаға баруға алдын ала әзiрлеуi, және үйрету (горшокпен қолдану қасықтар, шыны аяқ, пайдалану, жуыну) өзiне қызмет көрсетудiң дағдыларын балдырғандар сөзсiз жасайды.
Сәбидің ата — аналарымен бiрге алдын ала мектепке дейінгі мекемеге кiрiп-шығуы, топ бөлмесімен және тәрбиешiлермен, бақшаның тәртiбiмен танысуы керек. Балабақшаға баласын беретiн, ата — аналардың алдында бақша туралы тек қана жағымды сәттерді балаға айтуы, сонымен бiрге баланың жанында аз уақыт қалуға мүмкіндік беруге болады. Ата-анасы баласын бақшаның ауласында серуенге шығарып балаларды бақылатады.
Балабақшада баланың машықтануы 1-2 сағаттан бастауға керек, бiр жұмадан кейiн түскi тамақ және ұйқыға қалдыруға талаптануға болады. Ата — аналар қашан бала күні бойы қалдыруға мүмкiн болатынына көз жеткiзгенде қалдырады.

Сәбидің жеке басының дамуы ерте кезеңнен басталады. Баланың дамыуында ықпал етуші ол бала өмірінде кездесетін жағдайлардың түгелдей дерлiк бола алады! Баланың даму процессiндесiнде ересектер үлкен ықпал етеді. Бiрақ баланың дамыту ортасына беру өз ерекшелігімен көрінеді. Баланың эмоцияналды көңіл-күйін дамытуы, баланың тілін дамытуы, баланың психикалық және психологиялық дамытуы – баланың жан жақты дамытуы жанашыр адамдардың қатысуысыз өте қиын болар едi.

Баланың дамуына әсер етпейді деу мүмкін емес. Медия — деген үлкен «әлем терезесі» деуге болады, мұнда ең бастысы кішкентай алалардың осы «терезеге» дұрыс қарай білуге ықпал ету деп санаймын. Сондықтан баланың аналитикалық қабілеттілігі мен ойлау жүйесін дамыту қажет.
1ден 3 жасқа дейінгі баланың эмоционалды көңіл-күйінің дұрыс дамыту үшiн оның жетiстiгiн дәлелдеп, үнемі мадақтау маңызды деп ойлаймын.

3тен 6 жастағы баланың эмоционалды көңіл — күйінің дұрыс дамуы әлеуметтiк белсендiлiкпен де байланысты. Бұл жас шамасында балалар әдетте сюжеттi — рөлдi ойындар қызықты. Ойын кезінде әртүрлі жағдайларда адамдардың қарым — қатынасын түсінуге көмектеседі. Баланың дамуы мектеп жасындағы балаларға да жалғасады.
Балалардың дамытудың орталары (спорт орталықтары, арт-студия) мамандандырылған орта бiлiм болады.

Баланы дамыту үшін орталықтардың әсері көп. Баланың өз таңдауы, балабақшадан кейінгі эмоция жағдайын байқауға болады.

Баланың психикасының дамуына ықпал ететін ол биологиялық және әлеуметтік факторлар.

Биологиялық фактор: (жүйке жүйесінің дамытуы) адам психиканың ортақ ерекшеліктері, сонымен бірге тұқым қуалаушы жеке ерекшеліктерді бұл жерде есепке алынады.

Әлеуметтік фактор: баланы қоршаған жақындары және дұрыс тәрбие беру.

Басқа балалармен ойын кезінде баланың эмоционалды портреті айқындалады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін оқу іс – әрекетін ұйымдастыруда баланың эмоционалды көңілінің ықпалы зор.
Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды компоненттерін есепке алу қажет деп санаймын. Білім беру жолдары және әр түрлі іс – әрекет кезінде баланың эмоционалды көңіл – күйіне ойын ықпал етеді. Ойындарды әр ұйымдастыру оқу іс-әрекетінде қолдану қажет. Эмоционалды компоненттiң функциялары адамның бағалы құндылықтарының ең маңызды шарттары.
Психологтар эмоция парасатының 5 тармағын ерекшелейдi.
1. Сезiм, яғни ол пайда болатында сезiмді ажырату. (өзін-өзі тану)
2. Олар лайықты шеңберлерден шықпау үшiн сезiммен қарап анықтайтын эмоциялармен басқару.
3. Эмоцияларды бақылау — бұл қабiлеттiлiкті арттыру, тыныштық күйiне өзiн келтiру.
4. Өзара арақатынастардың сүйемелдеу.
5. Жас ерекшелікке байланыстысы мiнездемелер.

Мектеп жасына дейінгі кіші балалар ертегiлердiң кейiпкерлерiне еліктейді және қиыншылықтарына болысуға ниет қылады.

Негізгі эмоцилар: ренжу,қуану, тынышталу, қорқу.

3 – 5 жаста құрдастарына құштарлық сезімі дамиды. Жаңа әзiлдесу сезiмi оянады, әзiлдердi түсiнедi және әзiлдеуді жақсы көредi, өз эмоцияларын баяулатып, кез келген ым арқылы және ымдап сөйлесу эмоциялардың сыртқы белгiлерiн бiлдiреді. Негiзгi эмоциялары: қайғы, ашу, қорқыныш, таңдану,қызығушылық. тыныштық, қуаныш.
5-6 жаста – мектепке баратын уақыттың жақындауын сезiнедi:біреулер үрей сезiмдерi.ал, екіншісінде қуаныш сезiмдері пайда болады..
Негiзгi эмоциялар: қорқыныш, ашу, ыза, қайғы, таңдану, мүдде, тыныштық, ар, жазалау, қуаныш, күндеушiлiк, жеркенушiлiк.

Эмоционалды көңіл-күйдің дамытуы осындай бөлiмдерден тұрады.
Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды дамуында (театр) сахналаудың әсері маңызды болады.Өздеріне көптеген жақсы әсер алады.

Эмоциялар, бiр жағынан, бала күйiнің индикаторлары болып табылады, екіншіден оның танымдық процесстерi және мiнез-құлық, логикаларына оның ықыласы, қоршаған ортаны қабылдауды ерекшелiктiң бағытталғандығын анықтауда ықпал етедi деп есептеймін.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамытудың негізгі мәселесі болып қарастырылған. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелеуіне орай, бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе.

Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың бойында неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасау қажет.

Читайте также:  Мне хочется летать что это за чувство

Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін жағымды және агрессия түрлерін ашып көрсетіп олармен жұмыс жасау мақсатын алға қойсақ дегім келеді.

Источник

«Психикалық дамуы тежелген балалардың ойындар арқылы тілдерін дамыту»

Психикалық дамуы тежелген балалардың ойындар арқылы тілдерін дамыту .

Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануға арналған жаңа инновациялық технологиялар шығарылып жатыр. Соның бірі сенсорлы бөлмеге тоқталып өтер болсам. Бастапқы кезден бастап, «Снузелен» немесе «сенсорлы бөлме» Голландияда ақыл–ойы кем балаларды күнделікті өмірге бейімдеу мақсатында құрылды. «Снузелен» сөзі голланд тілінен аударғанда «сезу», «түйсіну» деген мағынаны береді.

Сенсорлы бөлме бұл – дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалар мен ересек адамдарға алдын–алу және емдеу сеанстарын жүргізуге арналып жабдықталған бөлме. Сондай–ақ, сау балалардың өмірге деген көзқарастарын жақсартуға әсер етеді. Сенсорлы бөлме адамның қоршаған ортаны қабылдауына қажет 3 басты каналына әсер етеді. Олар кинестетикалық, аудиалды және визуалды (тактильді түйсіну, дауыс және түстер арқылы әсер ету). Сенсорлы бөлмеде сабақ 3 бағытта жүзеге асырылады:

— Босаңсу жаттығулары арқылы даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересек адамдардың агрессиясы мен қобалжу деңгейлерін төмендетіп, өз–өзін қалыпты ұстауға үйрету;

— Мектеп жасына дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың сенсорлы қызметтерін, яғни көру және есту қабылдауын, түйсіну және қоршаған ортаны қабылдауын дамытуға арналған жаттығулар арқылы дамыту;

— Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, өзін–өзі қалыпты бағалау үшін аса маңызды қарым–қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру.

Сенсорлы бөлменің жабдықтарын 3 бөлімге бөлуге болады:

Босаңсу бөлімі. Бұл бөлімге пуфик –кресло, құрғақ бассейн, құрғақ душ, жарықшамдар жатады.

Белсенді ету бөлімі.

Бұл бөлімге сенсорлы жол, проектор, түрлі паннолар жатады.

Жалпы түзету бөлімі , бұл бөлімге жұмсақ модульдер, гимнастикалық, массажды шарлар, табиғаттың дауыстары жазылған үнтаспалар жатады. Сенсорлы бөлменің жабдықтары даму мүмкіндігі шектеулі баланың тынығуына арналған, яғни «дәстүрден тыс қоршаған орта» оқушының соматикалық және психикалық жағдайын, сенсорлы қабылдауының дамуына әсер етеді.

Сенсорлы бөлме төмендегідей мақсат –міндеттерді шешуге әсер етеді:

— Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоционалды көңіл –күйлерін қалыпқа келтіру;

— Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың агрессивті мінез–құлықтарын түзеу;

— Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың бойында кездесетін әртүрлі невротикалық реакцияларын төмендету;

— Психоневрологиялық аутқушылықтары бар балалардың танымдық үрдістерін дамыту;

— Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды стресстік, депрессиялық жағдайдан шығуға әсер ету;

— Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың психоэмоционалды қобалжу деңгейлерін жою және т.б.

Сенсорлық бөлменің басты беретіні –эмоцияны дамытады, зейінін тұрақтандырады, баланы ертегі әлеміндегі қиял-ғажайыптарға апару арқылы қиялын дамытады. Балаларға қуаныш эмоциясын қалыптастырады.

Сенсорлы бөлменің тағы бір жақсы қасиеті, ол балалардың демалып, болып жатқан құбылыстардан әсер алуы. Музыка арқылы көңіл-күйі жақсарып, сергектене түседі. Музыкамен көптеген шыңдарға жетіп, қиялдарға шомылып, жақсы бір әсер алуға болады. Ол музыкалардың стресстік күйді жоюға, табиғаттың шуы, яғни тоғайлардың әуендері, су толқынының дыбысы, сол сияқты тағы да басқа да түрлері өте көп.

Сенсорлы бөлмеде әр түрлі жастағы даму мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциясын дамытуға негізделген, сонымен қатар сезімталдық пен қабылдауды, балалардың зейінділігін дамытады. Мекемеге алғашқы келген балаларды әдемі, ашық түсті, түрлі-түсті көмекші құралдармен, ойыншықтармен қызықтырамыз. Балаларға түрлі-түсті полкаларда орналасқан ашық түсті, жұмсақ, сүйікті т.б. түрлі ойыншықтарды ұсынамыз. Сенсорлы бөлмеге кірген кезде балалар сенсорлы-түрлі түсті жолақтан өтіп, оны дене түйсігі арқылы сезінеді. Содан соң кірген ең бастысы балаларды қанатын қағып тұрған бақыт құсымен амандастыру керек. Әр топтың балаларында сенсорлы бөлмеге кірген кезінде бас кезінде қорқыныш болатын. Балаларды кірген кезде оларға түрі –түсті доптарды көрсетіп зейінін жағымды әсерлерге аударамыз. Қазіргі уақытта балалардың сенсорлы бөлмеге кірген кездегі эмоциясы тек қуаныш, бас кезінде оларды бір жаңалық сияқты таң қалатын сәттер болды. Осы бөлмеде балалар өздерін еркін ұстайды.

Сенсорлы бөлмелерінде сұрақ-жауап, байқау, бақылау, әңгіме әдістерін қолдануға болады. Бұл әдістерді сабақтарды ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі сипатта қолданыла беріледі. Мысалы, сенсорлы бөлмеде «Ғажайып әлем және Мен», «Жылы орта», «Ойнайық та, ойлайық», «Достығымыз жарасқан», «Психологиялық босаңсу сабақтары», «Ғажайып әлемге саяхат», «Ішкі жан дүниеміз» және т.б. тақырыптарда ашық сабақтар өткіздім. Соның біреуіне тоқталар болсам. Сенсорлы бөлмеде жүргізілетін ойындар арқылы балалардың қимыл–қозғалыстарын арттыру, жағымды психологиялық ахуал орнату, балалардың көңіл–күйлерін көтеру мақсатында «Ойнайық та, ойлайық» атты ашық сабақ өткіздім. Ашық сабақ 3-4 жас аралығындағы екі даму мүмкіндігі шектеулі балаға өткізілді. «Ойлан тап!» ойыны жүргілді, яғни балалар суреттер көрсетіледі, балалар сол суретте бейнеленген заттардың атауын айтып, сенсорлы жолдан өтеді. Жолдың соңына дейін өту керек. Балаларға алма, банан, доп, және т.б суреттер көрсетіледі. Балалар кезекпен бәрі өтіп шығады. «Кемпірқосақпен ойын ойнаймыз» жаттығуы. Балалар кемпірқосаққа кірейік. Балаларға құрғақ душ көрсетіледі. «Балалар біздің кемпірқосағымызды қараңыздаршы, қандай әдемі, түрлі түсті және көнілді. Бір –бірлеп кіріп, қане түстерін атайық». Содан соң құрғақ бассейнде «Күн» және «Алтын балық» атты жаттығулары жүргізілді.

Даму мүмкіндігі шектеулі бала қоршаған әлемді сызықты, бір жақты қабылдауы мүмкін. Сондықтанда сенсорлы жүйе сандары қаншалықты көп, баланың тәрбие және оқыту үрдісіне араласса, оның дамуы жоғары және тиімді жүреді. Қазіргі өмірдің технологиясы балалардың сенсорлы тәжірибесінің дефицитін құрап, оны визуальді және виртуальды образдармен ауыстырған. Сенсорлы бұрыш, тәрбиелеу-білім беру үрдісінде, қосымша білімнің тәрбиешілері және педагогтарының ұйымдастырушылық сабақтарында, өзіндік ойындарда, балалардың ізденіс-экспериментальды әрекеттерінде қолданылады. Сенсомоторлы бұрыш бұл –қымбат құралдарсыз жабдықталған сенсорикалық бөлменің бейімделген нұсқасы.

Читайте также:  Что будет если утратить все органы чувств

Сенсомоторлы бұрыш, негізі:

• сенсорлы функциялардың стимуляциясы үшін (көру, сезу, есту т.б.);

• ұсақ моториканың дамуы, қозғалушы активтілік стимуляциясы;

• бұлшық ет және психоэмоционалды ауыртпалықты кетіру үшін, балалардың жақсы сезінуі және релаксацияға жетуі үшін;

• баланың еңбекқорлығын арттырып, жақсы эмоционалды жағдай қалыптастыру;

• когнитивті үрдістердің белсенділігі (ойлау, көңіл бөлу, қабылдау, ес);

Сенсорлы бұрышты ұйымдастыру барысында біріншіден топтық мекеме ішіндегі орналасу орнын анықтау керек. Ол балаларға ыңғайлы жерде орналасуы керек. Бұрышқа сенсомоторлы объектілерді таңдауда ерекше көңіл бөлінеді. Олар балалардың өміріне және денсаулығына қауіпсіз объектілер болуы тиіс. Бұрыш сабақ тақырыбына және қажеттіліктерге байланысты енгізілетін, негізгі және қосымша объектілерден тұрады.

Біздің топтағы сенсорикалық бұрыш келесідей жабдықталған: достық ағашы, үй, жануарлар, көбелектер, құстар, шөп, гүл. Табиғат мезгілдері құбылыстарымен таныса отырып, спектр түсін атауда, көңіл көтеріп, жаттығады.

Сенсорлы бөлмеде ақыл есі кемістігінің күрделі түрі диагнозы бойынша тіркелген балаларға, инфекциялық аурулары бар және жиі ұстамалары бар балаларға, сабақ жүргізуге тыйым салынады. Неврологиялық бұзылыстары бар балаларға сенсорлы бөлмеде сабақ беруде невропатологтың ұсыныстарын ескеру қажет. Жиі ұстамалары бар оқушыларға (эпилепсия) тек босаңсу бағытында сабақтар жүргізуге болады. Мысалы, даму мүмкіндігі шектеулі бала құрғақ бассейнде өзіне ыңғайлы деңгейге жатқызып, тыныс алу жаттығуларын жүргізу. Яғни мұндай оқушыларға жанып –сөнетін жарықшамдарды, ритмикалық музыкалырды сабақ барысында қолдануға болмайды.

Гиперактивті оқушыларға сабақ беру барысында сенсорлық қабілеттерін дамытуға арналған бағыттағы жаттығуларды төмендетіп, белсенді стимулдауға арналған тапсырмаларды азайту керек. Құрғақ бассейнде ойындарды көп жүргізбей гранулалар толтырылған трапецияларды қолдану керек.

Қарым –қатынасқа түсу дағдылары төмен оқушылармен жүргізілетін тәсілдер. Қобалжу деңгейі жоғары оқушыларға бір стимулдан екінші стимулға тез ауысу жаттығуларын көп қолданбаған абзал.

Сенсорлы бөлмеге кірер алдында балаларға ғажайып бөлмені көретіндігі және бұл ғажайып жоғалып кетпес үшін тапсырмаларды орындаулары керек екендігі жөнінде туралы айтылады. Қараңғы сенсорлы бөлмеде төмендегідей талаптарды орындауы тиіс.

— Әр баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықтау қажет; —

— Баланың бұл бөлмеде болғысы келетін тілегін ескеру маңызды. Егер де бала бөлмеге кірмей сырттан тек бақылап тұрған болса, баланы асықтыруға болмайды.

— Сабақ барысында қараңғы сенсорлы бөлменің құралдарын пайдалану 3 заттан аспау қажет. Сенсорлы бөлмедегі сабаққа қатысқаннан кейін бала демалуы керек.

Сенсорлы бөлмедегі сабақ жүргізу уақыты-30 (40-45) минут. Ашушаң немесе қозғыш балаларға сенсорлы бөлмедегі сабақ жүргізу уақыты азайтылады. Сабақтарды 2-4 баладан тұратын топқа немесе жеке балаға жүргізуге болады. Сабақ өткізу барысында сабақтың мақсатына, балалардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Егерде сабақ босаңсу мақсатында жүргізілетін болса, қараңғы сенсорлы бөлмеде сабақты балаларға жеке (индивидуально) өткізген дұрыс. Сенсорлы бөлмеде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ ойын түрінде жүргізіледі.

Біз келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз:

Қолдың ұсақ моторикасының дамуы үшін және заттардың әр-түрлі қасиеттерімен таныстыру үшін келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз: «Моншақ жаса», «Қысқышты сыйла», «Жапырақтарды қой», «Сиқырлы таяқшалар», «Түймелі алаң», «Баулар», «Баланы ора» және т.б.

Құммен, сумен, қармен ойнау барысында балаларды осы материалдардың қасиеттерімен таныстырамыз (құм шашылады, сулы затты жабыстыруға болады, ыдыстағы суды шәшкелерге құямыз).

Әр-түрлі жазу құралдары арқылы түрлі-түсті және қасиеті әр-түрлі заттардың бетіне жазу, қамырдан әр-түрлі заттарды жасауды үйрету.

Балалардың қозғалу белсенділігін арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтар орналасқан. Балалар жұмсақ сырғымадан сырғанауды, әр-түрлі көлемдегі доптармен ойнауды, баспалдақтарға мініп, одан түсуді, гимнастика жасауды, тастармен ойнағанды, суарғанды, арам шөп жұлғанды, ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді. Балалар бір заттың үстіне отырып жүргенді, сырғанағанды, музыкамен билегенді, қол және аяқ координациясын сақтауды да жақсы көреді. Сонымен қатар әр-түрлі қимылдар жасайтын ойындарды ұнатады: «Допты қуып жет», «Өзен арқылы», «Ұшақтар», «Мені қуып жет», «Қақпаға», «Ақ қоян отыр», «Қайда дауыстайды», «Пойыз» және т.б. Есту қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек. Музыкалық қабілетін арттыру үшін, музыкалық аспаптарда ойнаймыз, музыкалы-дидактикалық ойындар ойнаймыз: «Үйде кім тұрады», «Динь-дон», «Қай аспапта ойнағанымды тап» және т.б. Әр-түрлі дауыстары бас касеталар мен дисктер қолданамыз: үй жануарларының және құстарының дауыстары, табиғаттың әр-түрлі дауыстары, судың дауысы, жаңбырдың даусы, жапрақтардың қозғалған даусы.

Сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін – қуыршақтарды, қолғап қуыршақтарды қолданып театр ұйымдастырады, ертегілер ойналады. Бала ерекше қызығатын заттар туралы талдау жасау керек, сонымен қатар баланың, сөздерді дұрыс айтуын, сұрақтарға жауап беруін қадағалау, үйрету.

В.В. Воскобовичтің ойындары дамушы ортаға өте жақсы енеді. Оның ойындары көп функционалдылығымен және әдемі түрімен, ылғи балалардың ойынға деген құштарлығын оятып, көңілін аудартады. Ойынның бірінші кезеңінде тек фигураларды құрастырсақ, кейін үлкен сарайлар, ракеталар, космонавттар салып, толық оқиғаларды құрастыруға болады. Ойын барысында психологиялық үрдістердің терең әрекеттесуінің (анализдаушы қабылдағышы, ес ойлау, сөйлеу), сонымен қатар тұлға қасиеттерінің (мақсаттылық, тұрақтылық, өзіндік т.б.) дамуы жүреді.

Қорытындылай келе, сенсорлық бөлмеде жүргізілген әрбір сабақтар мен ойын-жаттығуларға даму мүмкіндігі шектеулі балалар қызығушылықпен қатысып, түсті, форманы, өлшемдерді жақсы игере бастады. Балалар ойынға баулып, сабақ үрдісіне қатысып жатқандарын өздері байқамайды. Сондай-ақ, жүргізілген сабақтар бойынша аңғарғанымыз бала емін еркін өз ойларын жас ерекшеліктеріне байланысты жеткізеді. Ал ата-аналар баласының кәдімгі сабақтарсыз ойындар арқылы дамып жатқанын байқайды.

Источник

Оцените статью