Адамны сезімі мен эмоциясыны ызметі

Эмоция мен сезімдердің дамуы

Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, оны қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейбірі ренжітіп, тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері — қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу, т.б. көңіл-күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болу әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материал рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерлеуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс. «Эмоция» ұғымының төркіні — «емовера» деген латын француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні — тітіркендіру, толқу. Бұл — жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция — адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық — әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі — эмоция — жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар. Сонымен, эмоция дегеніміз – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.

Адам эмоциясы, негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Ал хайуанаттар дүниесінің эмоциясы биологиялық сипатта тіршілік ету жағдайына ғана бейімделеді. Дегенмен, эмоцияның адам мен хайуанаттар дүниесіне тән ызалану, қорқу, жыныстық еліктеу, таңдану, қуану, мұңаю сияқты түрлері бірдей болады. Адам өмірінің сан қилы салалары мен қоғамдық – әлеуметтік өмірінің күрделілігі сезімнің сана жағынан жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болады. Ч. Дарвин осы орайда, хайуанаттар дүниесіндегі сезім мен эмоция түрлерінің пайда болуын эволюциялық даму тұрғысынан дәйектей отырып, сезімнің тек ақыл иесі — адамдарға тән ар мен ұят, ождан сияқты түрлерін әлеуметтік өмір тіршілігімен ұштастыра зерттеді. Адам — эмоцияларының ішінде оның күрделі түрі «көңілдің» алатын орны зор. Көңіл — адам мінез-құлқына белгілі реңк беріп, одан біраз уақыт бойына байқалатын жалпы эмоциялық жағдай. Көңіліне қарап адамдарды, шат-жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады.

Арнайы зерттеулер эмоциялық тебіреністердің ми қыртысы астындағы орталықтардың нервтік қозуынан және вегетативтік нерв жүйесінде жүріп жатқан физиологиялық процестерден болатынын көрсетеді. Сол сияқты, ми қыртысы астының өзі де үлкен ми сыңарлары қыртысына күш беруші ретінде оған жағымды әсер етеді. Эмоциялық процестер адам организмінде, оның тыныс алу, ас қорыту мүшелерінде, жүрек-тамыр қызметтерінде біраз өзгерістер туғызады. Эмоциялық күй кезінде тамырдың соғуы, қанның қысымы өзгереді, көз қарашығы үлкейеді, терлеу, бозару, қызару байқалады, жүрек, өкпе, орталық нерв жүйесіне қарай қанның ағысы күшейеді. Әр түрлі көңіл-күйлері вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі арқылы қозатын ішкі мүшелердің өзіндік өзгерістерімен қосарланады.

Читайте также:  Пожелать хорошего летнего настроения

Электрофизиологиялық зерттеулер эмоциялық күйлер үшін нерв жүйесінің айрықша құрылымдарының орасан зор маңызы болатынын көрсетіп отыр. Эмоциялық күйге келу мен қоршаған жағдайда эмоциялық бағдар жасау негізінен алғанда таламус, гипоталамус және лимбика жүйесінің қызметтерімен анықталады.

Ретикуляр(немесе тор түстес) формациясықызметін жүргізілген ең жаңа зерттеулер ми қыртысы асты орталықтарының адамның эмоциялық өмірінің белсенділігін арттыратынын ашты.

Источник

Эмоция мен сезімнің дамуы және олардың адам өміріндегі мәні

Эмоциялар барлық жоғары психикалық функцияларға ортақ даму жолынан – сыртқы әлеуметтік детерминацияланған формалардан ішкі психикалық процестерге дейінгі даму жолынан өтеді. Туа біткен реакциялардың негізінде, балада оны қоршаған адамдардың эмоционалды күйлерін қабылдауы дамиды. Уақыт өте келе, күрделенген әлеуметтік байланыстардың әсерімен эмоционалды процестер қалыптасады.

Балалардағы аса ерте эмоционалды көріністер оның органикалық қажеттіліктерімен байланысты болады. Оған тамақтанудағы, ұйқыдағы және т.б. қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаудағы қанағаттану немесе қанағаттанбау көріністері жатады. Сонымен қатар, қорқыныш және ашу-ыза сияқты қарапайым сезімдер ерте байқала бастайды. Алдымен, олардың бейсаналы сипаты болады. Мысалы, егер сіз қолыңызға жаңа туылған нәрестені алсаңыз, оны жоғары көтеріп, содан кейін тез төмен түсірсеңіз, онда нәрестенің ешуақытта құламаса да, жиырылып қалғанын көресіз. Баланың қажеттіліктері қанағаттандырылмағанда, олардың басынан өткеретін қанағатсыздықпен байланысты ашу-ызаның алғашқы көріністерінің дәл осындай бейсаналы сипаты болады. Мысалы, екі айлық нәрестеде әдейілеп бетінің кескінін бұзған әкесінің түріне қарағандағы қорқыныштың белгісі байқалды. Дәл осы нәрестеде оны мазақтауды бастағанда маңдайындағы ашу-ызаны білдіретін сызықтар байқалды.

Атап өтетін бір жайт, баланың жағымды эмоциялары ойын арқылы және зерттеушілік мінез-құлық арқылы бірте-бірте дамиды. Мысалы, К.Бюлердің зерттеулері балалар ойынындағы қанағаттану күйінің сәттері баланың өсуі мен дамуы шамасына қарай артады. Бастапқыда сәбиде қаланған нәтижені алу сәтінде қанағаттану пайда болады. Бұл жағдайда қанағаттану эмоцияларына мадақтаушы рөл беріледі. Екінші саты – функционалды. Ойын ойнаушы балаға іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес, процестің өзі қуаныш сыйлайды. Қанағаттану енді процестің аяқталуымен емес, оның мазмұнымен байланысты болады. Үшінші сатыда, ересектеу балаларда қанағаттанумен асыра тамсану пайда болады. Бұл жағдайдағы эмоция ойын әрекетінің басында пайда болады, әрекеттің нәтижесі және оны орындау баланың толғаныстарында орталық орын алмайды.

Ерте жастағы сезімдердің көрінісінің басқа сипаттамалық ерекшелігі ретінде оның аффектілі сипаты алынады. Осы жастағы балалардың эмоционалды күйлері кенеттен пайда болады, қызу жүреді, сонымен бірге тез жоғалады. Балалардың эмоционалды мінез-құлқын аса мәнді бақылауы, ересек мектепке дейінгі жаста пайда болады, бұл кезде оларда қоршаған адамдармен күрделенген өзара қатынастардың әсерімен эмоционалды өмірдің аса күрделі формалары пайда болады.

Жағымсыз эмоциялардың дамуы біршама дәрежеде балалардың эмоционалды сферасының тұрақсыздығымен негізделген және фрустрациямен тығыз байланысты болады. Фрустрация – бұл саналы ұғынылған мақсатқа жетудегі кедергілерге деген эмоционалды реакция. Фрустрация кедергінің жойылуына, оны айналып өтуіне, орнын алмастыратын мақсаты табылғанына байланысты алуан түрлі шешілуі мүмкін. Фрустрациялық жағдаятты шешудің әдеттегі тәсілдері оның барысында туындайтын эмоцияларды анықтайды. Ерте балалық шақта жиі қайталанатын фрустрация күйлері және оны жеңудің стереотипті формалары бір адамда енжарлықты, бейтараптылықты, бастаманың болмауын бекітеді, ал екінші адамдарда – агрессивтілікті, қызғанышты және ашушаңдықты туындатады. Сондықтан, осындай эффектілерді болдырмау үшін, баланы тәрбиелеуде тікелей қысым көрсету арқылы өзінің талаптарын орындауға мәжбүрлеуге болмайды. Талаптардың жедел орындалуын қадағалай отырып, ересек адамдар балаға өзінің алдына қойған мақсатына өз бетімен жетуге мүмкіндік бермейді және фрустрациялық жағдайларды құрады, бұл өз кезегінде балалардың қыңырлығы мен агрессивтілігін, бастамашылдықтың болмауын бекітуге ықпал етеді. Бұл жағдайда зейіннің тұрақсыздығында көрінетін балалардың жас ерекшеліктерін қолдану қажет болады. Мұнда баланың зейінін туындаған проблемалық жағдаяттан ауыстыру жеткілікті, бала бұл жағдайда өзінің алдына қойған міндеттері өз бетімен орындай алады.

Читайте также:  Хроническая депрессия у ребенка

Балалардағы жағымсыз эмоциялардың пайда болу мәселелерін зерттеу, агрессивтілік сияқты эмоционалды күйді қалыптастыруда баланы жазалау, әсіресе жазалау шамасы үлкен мәнге ие болатынын көрсетті. Үйінде қатаң жазаланатын балалар қуыршақпен ойын әрекеті барысында үйінде онша қатаң жазаланбайтын балалармен салыстырғанда үлкен агрессивтілікті көрсетті. Сонымен бірге, жазалаудың мүлдем болмауы балалардың мінезінің дамуына жағымсыз әсер етеді. Қуыршаққа агрессивті қатынас білдірген жазаланған балалар, ойыннан тыс кезде, мүлдем жазаланбайтын балалармен салыстырғанда, аса агрессивті болмады.

Балалардағы позитивті және негативті эмоциялардың қалыптасуымен бірге, оларда адамгершілік сезімдер бірте-бірте қалыптасады. Адамгершілік сананың нышандары ең алғаш рет балада ересектердің тарапынан берілетін қолдау, мақтау, сонымен бірге, ескертудің әсерімен пайда болады. Алайда, балалардың «не жақсы» және «не жаман» туралы балалардың алғашқы түсініктері, баланың және басқа адамдардың жеке қызығушылықтарымен тығыз байланысты болады. Белгілі бір әрекеттің қоғамдық пайдалылық принципі, оның моральды мәнін саналы ұғынуы баланың мінез-құлқын біршама кешірек анықтайды. Егер төрт-бес жастағы балаға келесі сұрақтарды: «Жолдастарыңмен неге төбелесуге болмайды?» немесе «Рұқсатсыз басқа адамның заттарын неге алуға болмайды?» деп қоятын болса, онда көп жағдайда балалардың жауаптары өздері және басқа адамдар үшін жағымсыз салдарды есепке алады. Мысалы: «Төбелесуге болмайды, себебі көзің көгеріп қалады» немесе «Бөгде адамның затын алуға болмайды, әйтпесе милицияға апарады». Мектепке дейінгі жастың соңына қарай басқа мәндегі жауаптар пайда болады: «Жолдастарыңмен төбелесуге болмайды, себебі оларды ренжіту ұят болады», яғни балаларда мінез-құлықтың моральды принциптерін саналы ұғыну бірте-бірте пайда бола бастайды.

Адамның эмоциялары мен сезімдерін тәрбиелеу ерте балалық шақтан басталады. Жағымды эмоциялар мен сезімдерді қалыптастырудың маңызды шарты ретінде, ересектер тарапынан жасалатын қамқорлық алынады. Махаббат пен қамқорлық жетіспейтін бала салқынқанды және қайырымсыз болып өседі. Эмоционалды жауапкершілікті туындату үшін, бас адам үшін жауапты болуы, кіші інілері мен қарындастарына қамқорлық жасау, ондай болмаса, үй жануарларына қамқор болу маңызды болып саналады. Баланың біреуге қамқор болып, біреу үшін жауапты болуы қажет.

Баланың эмоциялары мен сезімдерін қалыптастырудың тағы бір шарты ретінде, балалардың сезімдерінің тек субъективті толғаныстардың шекарасымен шектелмеуі, олардың нақты әрекеттермен іс-әрекетте жүзеге асырылуы алынады. Мұндай болмаған жағдайда тек сөзбен баяндауға қабілетті, өзінің сезімдерін өмірде жүзеге асыра алмайтын сентиментальды адамдарды оңай тәрбиелеуге болады.

Мәліметтер алынған дереккөздер: Тимурқызы А., Бегалиева Н.Ү. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және социология сериясы. №1(52). 2015

Источник

Сезімдер мен эмоциялар туралы жалпы түсінік

Сезімдер — өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілікқажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қогамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.

Читайте также:  Как развить чувство ауры

Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі — олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісінс: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық, т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т.6. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.

Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі — жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырада. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуін күш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажст.

Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктсрінс, дүниеге көзқарасы мен мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар — белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамныц органикалық қажеттерінің өтселу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары кірсді.

Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік: оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күші адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады.

Источник

Оцените статью